kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий ко дню 8 марта "Аяулы анашым "

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Балаба?шам мені?» ?уенімен балалар зал?а  кіреді.

Ж?ргізуші: ?ымбатты, аналар, ?желер, апалар! К?ктем айыны? ал?аш?ы мейрамы 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер мерекесімен ??тты?таймыз! Зор денсаулы?, ба?ыт тілейміз!

Аяулы аналар?а арнап балаба?ша «А?ж?пар» тобыны? б?лдіршіндері дайында?ан «?ыз ?ссе елді? к?ркі» атты ерте?гілігімізге  ?ош келді?іздер!

Ж?ргізуші:

Бала, бала, бала, деп,

Т?нде шошып оян?ан

Т?н ?й?ысын т?рт б?ліп,

Т?нде бесік таян?ан

Б?л кім?

Балалар: Ана, ана, ана,

Ж?ргізуші: Ананы? ?рбір с?зі жылылы??а толы. Ананы? к?з н?ры тастай м?зды жібітеді. С?йікті аналар, сіздерге деген балалары?ызды? жылы лебіздерін ?абыл алы?ыздар!

Жарайды, ендеше аналар?а арнал?ан ?німізді орындап берейік.

?н: «??тты?таймын,ана»

Балаларды отыр?ызады.

Та?па?тар: Арн:

М?пелейсі? мені анам,

?олы?да?ы ??сындай.

??лпыра ?сіп дем алам,

??ша?ы?да ?ысылмай.

Алина:

Мамам мені? а? мамам,

Балын ма?ан са?та?ан.

?нін ма?ан арна?ан.

Мамам мені? а? мамам.

С?лтан:

Б?рімізге анасын,

Біз ?шін к?н боп жанасы?

??тты болсын мейрамы?,

??тты?таймын анашым.

 Алихан:

?лпештеген аяла?ан,

А? с?т берген анатайым.

Та?па? айтып б?гін са?ан,

Мейрамы?мен ??тты?таймын.

Тайр:

Сыйла?ан ма?ан ?мірді,

Анашым мені? аялы.

Ж?регі ж?мса?, к??ілі,

К?н шуа?ты саялы.

Бекарыс:

Ана бізді? к?німіз.

Ананы? біз г?ліміз.

?ландарды ?уантып,

?за? ?мір с?рі?із.

Н?ркелді:

Баланы? да тілегі,

Дананы? да тірегі.

Шаншымасын еш?ашан

Аналарды? ж?регі.,

Ж?ргізуші: Б?гін біздер арда?ты ?желерімізді ерекше атап ??тты?таймыз. «?ариясы бар ?йді?, ?азынасы бар» деп хал?ымыз текке айтпа?ан ?ой, ендеше ?желерімізге арнал?ан ?німізді орындайы?.

?н: «?жемні? шайы»

Балаларды отыр?ызады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий ко дню 8 марта "Аяулы анашым "»

Тақырыбы: «Аяулы анашым»

«Балабақшам менің» әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Қымбатты, аналар, әжелер, апалар! Көктем айының алғашқы мейрамы 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт тілейміз!

Аяулы аналарға арнап балабақша «Ақжұпар» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Қыз өссе елдің көркі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Бала, бала, бала, деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана,

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

Жарайды, ендеше аналарға арналған әнімізді орындап берейік.

Ән: «Құттықтаймын,ана»

Балаларды отырғызады.

Тақпақтар: Арнұр:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Алина:

Мамам менің ақ мамам,

Балын маған сақтаған.

Әнін маған арнаған.

Мамам менің ақ мамам.

Сұлтан:

Бәрімізге анасын,

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Алихан:

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген анатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Тайр:

Сыйлаған маған өмірді,

Анашым менің аялы.

Жүрегі жұмсақ, көңілі,

Күн шуақты саялы.

Бекарыс:

Ана біздің күніміз.

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Нұркелді:

Баланың да тілегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.,

Жүргізуші: Бүгін біздер ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған ғой, ендеше әжелерімізге арналған әнімізді орындайық.

Ән: «Әжемнің шайы»

Балаларды отырғызады.

Әжелерімізге арналған тақпақтар:

Ғани: Айналайын ақ әжем,

Балдай тәтті бал әжем.

Айтқан тілді аламын,

Қолғанатың боламын.

Дияс: Менің әжем ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжеме.

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Аружан: Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің,

Ұсынамыз біз бүгін

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Гүлдана:

Менің әжем ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Азиза:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жұпар:

Әжем ақыл бесігі,

Мейіріммен тербеткен.

Мен де ақылды боламын,

Аман есен ер жетсем.

Әуенмен залға көктем кіреді.

Ару Көктем: Күн, қарлығаш бірге кіреді.

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырды егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр боп жауам да.

Нұр боп көктен төгемін.

Шуағым төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне.

Тіршілігін сыйлаймын.

Жүргізуші: Қош келіпсіз, көктем ару . Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ойын: «Гүлдер жинау»

Балалар қарандаршы жерде көп гүлдер өскен, енді осы гүлдерді себетке кім көп жинайды екен?

Ойынның шарты: Екі топқа бірнеше баладан шығады, қай топ бірінші себетті толтырады сол қоңырауды соғу керек.

Тақпақтар: Адия:

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Едіге: Анашым анам,

Ыстықсын маған.

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

Асылмұрат: Анашым анам,

Келгенше шамам.

Үмітіңді ақтап,

Азамат болам.

Гүлім: Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таның атпаған.

Менсіз күнің батпаған,

Мамам менің ақ мамам.

Венера: Апам менің айым дейді,

Мен мұңайсам уайым дейді.

Апам менің күнім дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Ханшайым: Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Нұрайым: Сізге бүгін сый құрмет,

Жан анашым мерейім.

Қаласаңыз би билеп,

Ән де шырқап берейін.

.Мен де құр келмедім балалар, менде сендерге, өзіммен бірге би әкелдім. Менің тартуым «Көктем» биі.

Би: «Көктем» Балалар тез шығып биге тұра қалады.

Жарайсындар балалар.

Тақпақтар: Расул:

Іш ауырса, тіс ауырса

Мамам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала,

Оны жақсы көреді.

С.Едіге: Жетілдіріп санасын.

Мәпелеген баласын.

Құтты болсын мерекең,

Менің асыл анашым!

Жанғазы: Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

Нұрасқан: Достықты біз ойлаймыз.

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесімен тойлаймыз.

Ән: «Мақтаным- апа»

Көктем: Жарайсындар, балалар. Маған сендердің өнерлерін ұнады. Менің де сендер сияқты басқа жақта балалар күтіп отыр, ал сендер, мамаларыңызға әрдайым көмектесіп үйде ойыншықтарды шашпай жинап.Үлкендердің айтқандарын тыңдап сыйласандар бәріде жақсы болады.

Сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті абзал жанды аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.

Сау болыңдар!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сценарий ко дню 8 марта "Аяулы анашым "

Автор: Бериккалиева Айнур Наримановна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290669


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства