Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс. Мақсаты: тәрбиеленуші мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрі: Эстафеталық ойын. Өтілетін орны: Жасөспірімдер спорт мектебі. Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, т. б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Спорттық сайыс "Толағай"»
«Ақбота» бөбектер бақшасы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайыс. Мақсаты: тәрбиеленуші мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрі: Эстафеталық ойын. Өтілетін орны: Жасөспірімдер спорт мектебі. Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, т. б.
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті көрермендер және бүлдіршіндер бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң Отбасыларымызды шақырамыз. ( Музыка ойнап тұрады)
Жүргізуші:
1. « Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Жұлдыз» тобы
4. «Тұлпар » тобы
Жүргізуші. «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің «Ақбота» бөбектер бақшасының қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отырмыз. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Жүргізуші :
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың шарттары:
І тур:Шарды жару
Турдың барысы: берілген шарларды жарып шығу, қайсы топ бірінші болып жарып болса, сол топ жеңімпаз атанады. Шарды тек отырып жарамыз бұл жерде қолмен жұмыс жасап көмектеспейміз
Ендеше бастайық Дайындал, Қалыспа, Алға!
ІІ тур: Үлкен доппен секіру
Турдың барысы: доппен берілген қашықтықты секіріп өту,
Ендеше бастайық Дайындал, Қалыспа, Алға!
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, үшінші турымызға өтеміз
ІІІ тур: Доп жинау
Турдың барысы: жерде жатқан доптарды шелекке салып жинау. Әр топ киген киімдеріне байланысты түстегі доптарды жинайды.
Ендеше бастайық Дайындал, Қалыспа, Алға!
Жүргізуші:
ІV тур: Секіртпемен секіру
Турдың барысы: берілген қашықтықты секіртпемен секіру, артқа доппен қайтып келу. Ал балалар тек доппен барып келеді.
Ендеше бастайық Дайындал, Қалыспа, Алға!
Сіздерге ортанғы топ балаларының дайындаған «Спорттық» биі бар,соны көріп бір сергіп алайық.
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады Жеңілгендер ренжімей Тараса бізге жарады демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет. ,
«Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!