Тақырыбы: «Толағай» отбасылық спорттық сайысы
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Түрі: отбасылық спорттық сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар.
Өту барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Негізгі бөлім.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Ақмарал Бекенқызы – мектеп директоры
2. Еркебекқызы Әсем – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Сыдыков Амантай – жоғары санатты дене шынықтыру пән мұғалімі
Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 5 баллдық жүйемен бағаланады Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз!
(«Толағай» әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.)
Олай болса ортаға
« ҚЫРАН » тобын
« НҰР ҚАНАТ » тобын
« ТҰЛПАР » тобын
« ҚАЙСАР » тобын ортаға шақырамыз.
Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.
Жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Таныстыру» сайысы.
2. «БІРЛІК» сайысы.
3. «Қаппен жарыс» сайысы.
4. «Тасымақ» сайысы.
5. «Кенгуру» сайысы
6. «Суретші» сайысы.
7. «Қол күрес» сайысы.
8. «Арқан тару» сайысы
1 – сайыс: «Таныстыру»
А) Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, эмблемасымен таныстырып өту.
Ә) Музыка ырғағымен спорттық жаттығу жасау.
2- сайыс: « Бірлік » сайысы.
Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып, арқаларын түйістіреді де, орталарына доп қыстырып алып жүреді.
3- сайыс: «Қаппен жарыс» сайысы
Шарты: Жарыс кішілерден басталады. Қаппен секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтады.
4 - сайыс: «Тасымақ» сайысы.
Шарты: Әр топтағы Әкелер кедергі арасымен қолындағы арбаға бір баласын отырғызып жүгіру. Қайтарда түзу жолмен қайтады.
5 - сайыс: «Кенгуру» сайысы
Әр топ мүшесі допты екі аяғына қысып алып, белгіленген межеге дейін секіріп барып қайтады.
6 - сайыс: «Суретші» сайысы.
Шарты: Әр топ мүшесі допты теуіп барып үй салады. Анасы үйдің жанына ағаш салады, бір баласы күннің суретін, екінші бала таудың суретін салады. Қай топ тезірек салса, сол топ суретін жоғары көтеріп көрсету керек.
7 - сайыс: . «Қол күрес» сайысы.
Шарты: Әкелер мен аналардың қол күресі.
8 - сайыс: «Арқан тару» сайысы.
Шарты: Екі отбасы мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
III. Қорытынды бөлім.
Жүгізуші: Ал енді «Толағай» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.
(Берілген бағалар тыңдалынады. Жеңімпаздар анықталады.)
Жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!