kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тола?ай" отбасылы? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тола?ай (отбасылы? сайыс)

Та?ырыбы: «Тола?ай» (презентациясымен)
Ма?саты: о?ушылар мен ата - аналар?а адам денсаулы?ыны? ?ымбаттылы?ын, ?мір с?ру ?шін ?ажеттілігін, ба?алы байлы? екенін т?сіндіру. О?ушыларды ж?не ата - аналарды с?лу да сыбатты, денсаулы?ы зор, к?шті болу ?шін денені шыны?тыру, олар?а спортпен айналысуын ?ажет екендігіні? ма?ызын т?сіндіру. Салауаттану - адам жаныны? да, т?ніні? де тазаруы, денсаулы?ыны? жа?саруы, сонды?тан салауатты ?мір салтын ?стану?а т?рбиелеу.
К?рнекіліктер: на?ыл с?здер
1. Спорт - денсаулы? кепілі.
2. Т?лімді т?рбие отбасынан бастау алса, дені сау ?рпа? – ?лт болаша?ы болма?.
3. Саулы? - байлы? негізі
4. Музыкалы? аппаратура.
Саба?та келесі ?ндер ?осылды.
4. • Би 6  сыныбы «Недетское время»

Барысы:
1 - ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, ата - аналар ж?не о?ушылар ?ауымы! Б?гінгі «Денсаулы? - ?леуметтік байлы?ты? негізі» дегендей б?гінгі «Тола?ай» отбасылар сайысына ?ош келді?іздер!
2 - ж?ргізуші: «ТОЛА?АЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасыларды? атсалысуымен ?тетін т?рбиелік ма?ызы зор ойын - сауы?ты ба?дарлама. Осындай ба?дарлама б?гінде бізді? мектебімізді? 5  - 7 сынып о?ушылар ?ауымы мен с?йікті де белсенді ата - аналарыны? арасында ?ткізілгелі отыр. ?р отбасы ?атысады. Соны? бірі ж?лдызды отбасы. ?р отбасы жеке топты ??райды. ?р топ же?іс м?ресіне жету ?шін бірнеше кезе?нен т?ратын кедергілерге т?теп беруі тиіс.

1 - ж?ргізуші:
Денсаулы? - ол шыны??ан
Барлы? дене? м?шесі.
Денсаулы? - ол тыны??ан
Ж?йке тамыр ж?йесі.
Денсаулы? - ол к?луі?
К??іл - к?йі? жадырай.
Денсаулы? - ол ж?руі?
Ешбір жері? ауырмай.

2 - ж?ргізуші: ?р та?ды ба?ытпенен атырамыз
?нерді ой к?гінде ба?ыла?ыз,
Сайыс?а ?атысу?а енді орта?а
?лгілі де ?негелі, жылдам да шапша?
Отбасыларымызды ша?ырамыз.
1. Ерханаттар отбасы
2. Н??ымановтар отбасы
3. Баядиловтар отбасы
4. Н?рсейітовтар отбасы
1 - ж?ргізуші: Сайысты бастамас б?рын, бізді? жетістіктерімізді ба?алайтын ?діл?азылар ал?асымен таныстыру?а р??сат еті?іздер!
1. Мектеп директоры – 
2. Т?рбие ж?мысыны? орынбасары – 
3. Мектеп к?сіпода? ?йымыны? т?ра?асы – 
Спортты? сайысымыз 5 балды? ж?йемен ба?аланады.
1 - ж?ргізуші: Т?лімді т?рбие отбасынан бастау алса, дені сау ?рпа? – ?лт болаша?ы болма?. ?р отбасында ата - ана – ша?ыра?ты? негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сонды?тан, бала ?мірінде салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда ?ке мен ананы? р?лі орасан зор.
2 - ж?ргізуші:
Спорт – денсаулы? кепілі десек, «ТОЛА?АЙ» отбасылар сайысы отбасылы? т?рбие мен салауатты ?мір салтын насихаттау ма?сатында ?йымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ?лтты? ?алыптасуына атсалысады, екіншіден ба?дарлама?а ?атыс?ан ?р отбасы?а рухани ж?не м?дени мереке сыйлайды.
1 - ж?ргізуші: Ендеше, «ТОЛА?АЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спорт?а баулиды. Ата - ана мен баланы? арасында?ы бірлік пен татулы? ?асиеттерін ны?айта т?спек!
2 - ж?ргізуші:
Ойнайы?, ойнайы? та ойлайы?!
?атардан артта ?алып ?оймайы?,
Белсенді болайы? ортада,
Уа?ытты тектен - тек жоймайы?!

1 - ж?ргізуші:
Ойнайы?, ойнайы? та ойлайы?!
К?шімізді к?рсетейік, сынайы?!
Же?се? де, же?бесе? де ренішсіз болайы?,
?аймы?пай, к??ілді болып тарайы?!
2 - ж?ргізуші:
Б?гінгі спортты? сайыс 8 кезе?нен т?рады.
1. Таныстыру.
2. Та??ы жатты?у.
3. ?аппен ж?гіру
4. Кім жылдам?
5. Білімді кенгуру
6. Кішкентай ?онжы?тар
7. Сурет салу
8. Же?іске жету.

1 - ж?ргізуші: Сайыс?а арнайы 4 отбасы ?атысады.
?нер ?уып отбасы ?тер дейміз,
Бір басына ?нері жетер дейміз.
Сайыс?а келген топтар кезектесіп.
Таныстырып ?здерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші б?лімі отбасымен таныстыру
Ал, енді І «Таныстыру» кезе?ін бастайы?!
(топты? атауы, эмблемасы, ?раны)
- Топты? аты;
- ?й тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, ?зде? та?да?ан музыка?а та?ерте?гілік жатты?уды отбасымен к?рсету;
?р отбасы топтары ?здерін таныстырып ?теді.
1. «Шымыр» тобы Балтабаевтар отбасы Біз шымыр сергек денеміз, ?нер с?йер ?ренбіз.
2. «Бірлік» тобы Н??ымановтар отбасы ?раны Б?ріміз біріміз ?шін, біріміз б?ріміз ?шін!
3. «Ынтыма?» тобы Баядиловтар отбасы Біз ?р?ашан мы?ты
Б?рін же?іп шы?ты
4. «Денсаулы?» тобы Н?рсейітовтар отбасы Шыны?са? шымыр боласы?,
Сауы?ып айдай толасы?.
Спортты серік ете біл,
Жа?сы азамат боласы?.
1кезе?ні? екінші б?лімі та?ерте?гілік жатты?уды к?рсету.
2 - ж?ргізуші: ІІ кезе?: «Шыны?са? шымыр боласы?» дене жатты?уларын жасаудан сайыс ?ткізіледі.
Ойнайы?, ойнайы? та ойлайы?!
?атардан артта ?алып ?оймайы?,
Белсенді болайы? ортада,
Уа?ытты тектен - тек жоймайы?!
Олай болса, екінші турымыз?а ?теміз.
І тур. ?аппен ж?гіру, ойынны? шарты уа?ыт сана?ы басталды деген белгіден бастап алдымен о?ушы - баламыз, кейін анасы, со?ында ?кесі ая?ына ?апты киіп, ойын залыны? ар?ы шетіне жетіп сол к?йінде ?айта ж?гіріп келу.
С?т сапар, бастаймыз!

ІІ тур: «Кім жылдам?»
(анасы допты жерге ?рып, ?кесіне алып барады. ?кесі допты алып, ше?берге т?сіру ?ажет /т?сіргенге дейін т?рады/. Т?сірген со?, анасы допты алып баласына ж?гіріп алып барады. Баласы да допты ?кесіне алып келеді.)

1 - ж?ргізуші:
ІІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен о?ушылар кезекпен допты тізеге ?ысып жасал?ан кедергілерден секіріп барып, математикалы? бір - бір есепті шы?ару керек) /барарда ж?не ?айтарда осы іс - ?рекет/
2 - ж?ргізуші: І? тур: «Кішкентай ?онжы?тар».
Анасы бір баласы, ?кесі бір баласымен ?арама ?арсы бетте т?рып, балаларын бір шеттен екінші шетке ар?алап ?тулері тиіс.
2 - ж?ргізуші: ? тур «Сурет салу» бір бала кедергілерден доппен ?тіп, суретті бір бала салады, екіншісі айтып т?рады. ?айтарда екінші бала доппен ?айтады. Сурет салатын баланы? к?зі байлаулы болады.
1 - ж?ргізуші:
Денсаулы?ты? ма?ызына ?аны?ып,
Хал?ымыз ж?р шат к?лкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
?теді ?р кез Салауатты? ба?ында.

?І тур: «Же?іске жету» сайысы.
2 - ж?ргізуші: Ата - аналар кезекпен - кезек кездескен кедергілерден ?тіп, скакалкамен ту т?р?ан жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте т?р?ан?а береді. Ол алып ?айтадан орнына апарады. Ж?не со??ысы алып келеді./
Кім жылдам, ?рі бірінші алып келсе же?іске жетеді.
1 - ж?ргізуші: Рахмет. ?те жа?сы.
Салауат ба?ы баулиды бізді жа?сылы??а,
Жетелейді елді? с?ні ынтыма??а.
Денсаулы?ты? т?сіндіріп ?адірін,
Жол салады айдын шал?ар болаша??а.
2 - ж?ргізуші:
?мір, ?зі? ?айдасы?,
К?н мен т?нді жал?айсы?.
Жа?сылар?а жа?ынсы?,
Жамандар?а шал?айсы?.
Уа?ыт, уа?ыт, ку?сі? сен б?ріне,
Н?р т?геді си?ырлы кітап біздерге.
Денсаулы?ты? ?ліппесі ?р?ашан,
Жыр шашады ?уана мына еліне
1 - ж?ргізуші: Ендеше, осы денсаулы?ты? ?ліппесін ?р?ашан жадында ?станатын белсенді де білгір, денсаулы?ы мы?ты, спорт десе, ішкен асын жерге ?ойып, алтын уа?ытын спорт?а арнайтын спортты с?йетін отбасыларды? жетістіктерін марапаттау р?сіміне к?шелік.
2 - ж?ргізуші: Жарыс за?ы ежелден
Же?імпазды аны?тау
Же?імпаз болу шарты сол
Е?бектену, жалы?пау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта ?алады.
Б?л сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымызды? шарттары бойынша ?орытынды шы?арып же?імпазды аны?тап, марапаттау с?з ?діл?азылар?а беріледі.
(?діл?азылар ал?асы марапаттау р?сімін ?ткізеді)

1 - ж?ргізуші:
?рпа? керек ерте?гі алда,
Болаша?ты болжайтын.
Дені таза, т?ні таза,
Елін, жерін ?ор?айтын!
2 - ж?ргізуші:
Денсаулы? - басты байлы? ?мірдегі,
Н?р беретін асыл ?ой к??ілдегі.
Салауатты ?мір салтын насихаттап,
Атанайы? жа?сы азамат ??ірдегі.

1 - ж?ргізуші: Елімізді? болаша?ы дені сау азаматтарды? ?олында. Денсаулы?ты? кепілі – салауаттылы?. Салауатты ?мір салтын са?тап, болаша?ымызды с?улендірейік! «Тола?ай» отбасылар сайысы осымен т?мамдалады. Белсенділік танытып, тамашала?андары?ыз ?шін к?п - к?п рахмет!
2 - ж?ргізуші: Біз ?аза?пыз,
Ел ?шін ат?а мінген.
Жанып жат?ан лапылдап от?а кірген,
Бой т?мар ?ып ар - ождан ?азынасын,
Отбасылар ел ?амын са?тап ж?рген
демеші б?гін алтын уа?ыттарын ?иып, «Тола?ай» отбасылы? сайыс?а ?атыс?андары?ыз ?шін ?рбір отбасы?а, ал?ысымды білдіреміз! Жа?сылы?та, аманды?та ж?здескенше!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тола?ай" отбасылы? сайысы»

Толағай (отбасылық сайыс)

Тақырыбы: «Толағай» (презентациясымен)
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер
1. Спорт - денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық - байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Сабақта келесі әндер қосылды.
4. • Би 6 сыныбы «Недетское время»

Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 5 - 7 сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1 - жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

2 - жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
1. Ерханаттар отбасы
2. Нұғымановтар отбасы
3. Баядиловтар отбасы
4. Нұрсейітовтар отбасы
1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Мектеп директоры – 
2. Тәрбие жұмысының орынбасары – 
3. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы – 
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
2 - жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
1 - жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата - ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!
2 - жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

1 - жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
2 - жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. Таңғы жаттығу.
3. Қаппен жүгіру
4. Кім жылдам?
5. Білімді кенгуру
6. Кішкентай қонжықтар
7. Сурет салу
8. Жеңіске жету.

1 - жүргізуші: Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру
Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!
(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
- Топтың аты;
- үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3 - 5 минут, өздең таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету;
Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.
1. «Шымыр» тобы Балтабаевтар отбасы Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
2. «Бірлік» тобы Нұғымановтар отбасы ұраны Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!
3. «Ынтымақ» тобы Баядиловтар отбасы Біз әрқашан мықты
Бәрін жеңіп шықты
4. «Денсаулық» тобы Нұрсейітовтар отбасы Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
1кезеңнің екінші бөлімі таңертеңгілік жаттығуды көрсету.
2 - жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
І тур. Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы - баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Сәт сапар, бастаймыз!

ІІ тур: «Кім жылдам?»
(анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1 - жүргізуші:
ІІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.
(ата - аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек) /барарда және қайтарда осы іс - әрекет/
2 - жүргізуші: ІҮ тур: «Кішкентай қонжықтар».
Анасы бір баласы, әкесі бір баласымен қарама қарсы бетте тұрып, балаларын бір шеттен екінші шетке арқалап өтулері тиіс.
2 - жүргізуші: Ү тур «Сурет салу» бір бала кедергілерден доппен өтіп, суретті бір бала салады, екіншісі айтып тұрады. Қайтарда екінші бала доппен қайтады. Сурет салатын баланың көзі байлаулы болады.
1 - жүргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

ҮІ тур: «Жеңіске жету» сайысы.
2 - жүргізуші: Ата - аналар кезекпен - кезек кездескен кедергілерден өтіп, скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../
Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.
1 - жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
2 - жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне
1 - жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
2 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыстан ренжімей
Тараса бізге жарады -
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
2 - жүргізуші:
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
2 - жүргізуші: Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Тола?ай" отбасылы? сайысы

Автор: ?абдрахманов Тал?ат Т?ркестанович

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304277


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства