kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Семинар "Менің отбасым менің мақтанышым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балабақша ата - аналары мен балаларын сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«отбасы»

«Менің отбасым, менің қуанышым» (отбасылық сайыс)

Мақсаты: Балабақша ата - аналары мен балаларын сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, слайдтар, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:
Жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Менің отбасым, менің қуанышым» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.


Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
...................... отбасы ортамызда.

Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
........................ отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл

Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
.......................... отбасы таласады.


Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.

Әділ қазылар: .........................................


Сайыс кезеңдерімен таныстыру

І кезең: «Отбасылық портрет»

ІІ кезең: «Мақал – мәтел» сайысы

ІІІ кезең: Үй тапсырмасы ІV. Анкеталық сұрақ: «Өз балаңызды білесіз бе?» V. «Менің балалашық шағымдағы ең қызықты оқиға»
VІ. «Менің арман үйім»


І кезең: «Отбасылық портрет»

(Керек құралдар: ватман А3, түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, фломастерлер және әр отбасының фотосуреттері)

Шарты: Әр отбасы өз отбасылық ағашын суреттеп салып және таныстырып өту керек.

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.


ІІ кезең: «Мақал – мәтел» сайысы

Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

1. Балаңа байқап сөйлесең, ............................. (ақылыңа көнер.)
2. Өз білмегеніңді кісіден сұра ..........................(Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)
3. Әдептілік белгісі .................................................(Иіліп сәлем бергені)
4. Оқу - білім бұлағы .............................................(Білім - өмір шырағы)
5. Қына тасқа бітеді ..............................................(Білім басқа бітеді)
6. Ер жігіт ел үшін туады, ......................................(ел үшін өледі)
7. Қарағайға қарап тал өсер ...................................(Қатарына қарап бала өсер)
8. Досы көпті жау алмайды ...................................(Ақылы көпті дау алмайды)
9. Тіліңмен жүгірме ...............................................(Біліміңмен жүгір)

10. Балалы үйдің ................................................( ұрлығы жатпас).

11. Балалы үй .......................................(базар, Баласыз үй қу мазар)

12. Ағасы бардың .....................(жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.)

1 тапсырма: Осы кезеңді жалғастыра отырып, келесі тапсырманы тыңдаңыздар: сіздерге конверттерге берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыруларыңыз қажет

  1. (Әке ақылы – бұлақ, ана ақылы – шырақ, аға ақылы – көмек, іні ақылы – демеу, бала ақылы – ұшқын)

  2. (Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар.)

  3. (Өз балаң, Өзекке тепсең де кетпейді; Кісі баласы, Кісендесең де тұрмайды).

  4. (Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып. Тақымын қысады.)

  5. (Мейрімі мол ананың —Жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның. Жүзі жылы, жолы кең.)

  6. (Ананың сүйген жері: Отқа күймейді, Оқ та тимейді.)


ІІІ кезең: Үй тапсырмасы

Баламен отырып әр түрлі үй тапсырмаларды орындайық.

«Көркем әдебиеттен» тапсырманы орындайық. Отбасы және бір-біріне туыстық қарым-қатынасты ажырату.

  1. Әкемнің анасы ................ (әже)

  2. Менің ата-анам ................ (әке, шеше)

  3. Анамның ағасы ................. (нағашы аға)

  4. Апамның баласы .............................(жиен)

  5. Өмір сыйлаған адам .........................(ана)

  6. Анамның анасы ................................(нағашы әже)

  7. Әкемнің әкесі ...................................(ата)

  8. Менің ата-анамның үлкен баласы .......(аға)

  9. Менің бауырлаырмның әкесі ...............(әке)

  10. Баламның баласы ..............................(немере)

  11. Анамның әкесі .................................(нағашы ата)

  12. Ата әжемнің немересінің баласы ............(шөбере)

«Ән» сабағы. Отбасымен бірге ән айту.

«Сурет» сабағы. Өз отбасымен бірге тұрғысы келетін үй салу.


«Математика» сабағы: берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық )

Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады. 6 жұмыртқа неше минут қайнайды? (4 минут)

Бір жарым балық бір жарым теңге тұрады. 5 балық қанша тенге тұрады? (5 тенге)

Қай құс жұмыртқадан шығады, бірақ өзі жұмыртқа бермейді? (әтеш)

Апасы інісінен 5 жасқа үлкен, 7 жылдан кейін ол неше жасқа үлкен болады? (5 жас)
7 балауыз шам жанып тұр, 2 шам сөнді. Неше шам қалды? (2 шам қалды, 5 шам жанып кетті )

Бір топ үйрек ұшып бара жатыр. Бір үйрек алдында, екеуі артында ұшып барады.Бір үйрек екі үйректің арасында, ал үш үйрек бір-бірінің қасында ұшып келе жатты. Топта неше үйрек? (3 үйрек)

ІV. Анкеталық сұрақ: «Өз балаңызды білесіз бе?»

  1. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

  2. Балаңыздың сүйікті мерекесі қандай?

  3. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?

  4. Балаңыздың сүйікті тағамы қандай?

  5. Балаңыздың сүйікті мултьфилімі қандай?

  6. Балаңыздың ең жақын досының аты кім?

  7. Балаңыздың сүйікті жеміс-жидегі қандай?

V. «Менің балалашық шағымдағы ең қызықты оқиға»
VІ. «Менің арман үйім»

Шарты: «Өз үйім өлең төсегім», «Үй іші толған жан — бір-біріне мейман.» деген мақалдардың мағынасын қалай түсіндірер едіңіз?

  • Әрине, әр адамның өзінің үйі болу керек. Үйідің ішінде бізді ең жақын адамдар күтуде болады. Үй ішіндегі жақын адамдар бізге әрдайым түсінушілікпен, сүйіспеншілікпен, сенімді қарым-қатынаспен қарайды. Ал енді біздің келесі тапсырмамыз, сіздер отбасы мүшелеріңізбен құрылысшы болып өз «Арман үйлеріңізді» құрастырасыз. Мына конверт ішінде кірпіштер бар, әр кірпіштің мағыналы сөзі бар: «Денсаулық», «Махаббат», «Сүйіспеншілік», «Күлкі», ал қалған кірпіштерге өздеріңіз мағыналы сөздеріңізді жазып үйлеріңізді салыңыз. Үй шатырын өздеріңіз атап қойыңыз және қорғайсыздар.

Қорытындылау: Әділ - қазыларға сөз беру. Номинация бойынша әр отбасына: «Ең тату отбасы », « Ең шығармашылық отбасы», «Ең музыкалық отбасы» «Ең ақылды отбасы»

Қорытындыла келе отырып отбасы мен өз үйіңнен артық адамдар мен жер жоқ. Отбасыларыңызға аманшылық, дендеріңіз саулық тілей отырып, сау сәлемат болыңыздар.

Просмотр содержимого презентации
«отбасы»

МКҚК “Сандуғаш” бөбекжай балабақшасы “ Менің отбасым – менің мақтанышым” Ата-аналарға арналған семинар   Дайындаған: Кайрлгужиева М. О.

МКҚК “Сандуғаш” бөбекжай балабақшасы

Менің отбасым – менің мақтанышым”

Ата-аналарға арналған семинар

Дайындаған:

Кайрлгужиева М. О.

“ Отбасылық портрет” сайысы

“ Отбасылық портрет” сайысы

“ Мақал-мәтелдер” сайысы

Мақал-мәтелдер” сайысы

Мақал-мәтелдерді жалғастыру 1. Балаңа байқап сөйлесең, ............................. 2. Өз білмегеніңді кісіден сұра .......................... 3. Әдептілік белгісі ................................................. 4. Оқу - білім бұлағы ............................................. 5. Қына тасқа бітеді .............................................. 6. Ер жігіт ел үшін туады, ...................................... 7. Қарағайға қарап тал өсер ................................... 8. Досы көпті жау алмайды ................................... 9. Тіліңмен жүгірме ............................................... 10. Балалы үйдің ................................................ 11. Балалы үй ....................................... 12. Ағасы бардың .....................

Мақал-мәтелдерді жалғастыру

1. Балаңа байқап сөйлесең, .............................

2. Өз білмегеніңді кісіден сұра ..........................

3. Әдептілік белгісі .................................................

4. Оқу - білім бұлағы .............................................

5. Қына тасқа бітеді ..............................................

6. Ер жігіт ел үшін туады, ......................................

7. Қарағайға қарап тал өсер ...................................

8. Досы көпті жау алмайды ...................................

9. Тіліңмен жүгірме ...............................................

10. Балалы үйдің ................................................

11. Балалы үй .......................................

12. Ағасы бардың .....................

Мақал-мәтелдер Әке ақылы – бұлақ, ана ақылы – шырақ, аға ақылы – көмек, іні ақылы – демеу, бала ақылы – ұшқын Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар Өз балаң, Өзекке тепсең де кетпейді; Кісі баласы, Кісендесең де тұрмайды Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып. Тақымын қысады Мейрімі мол ананың —Жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның. Жүзі жылы, жолы кең Ананың сүйген жері: Отқа күймейді, Оқ та тимейді

Мақал-мәтелдер

Әке ақылы – бұлақ, ана ақылы – шырақ, аға ақылы – көмек, іні ақылы – демеу, бала ақылы – ұшқын

Боранды күні бала құтырар, Желді күні ит құтырар

Өз балаң, Өзекке тепсең де кетпейді; Кісі баласы, Кісендесең де тұрмайды

Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып. Тақымын қысады

Мейрімі мол ананың —Жүрегі жылы, қолы кең. Кең пейілді атаның. Жүзі жылы, жолы кең

Ананың сүйген жері: Отқа күймейді, Оқ та тимейді

Үй тапсырмасы  1. Көркем әдебиет

Үй тапсырмасы 1. Көркем әдебиет

  • Әкемнің анасы ................
  • Менің ата-анам ................
  • Анамның ағасы .................
  • Апамның баласы .............................
  • Өмір сыйлаған адам .........................
  • Анамның анасы ................................
  • Әкемнің әкесі ...................................
  • Менің ата-анамның үлкен баласы .......
  • Менің бауырлаырмның әкесі ...............
  • Баламның баласы .............................
  • Анамның әкесі .................................
  • Ата әжемнің немересінің баласы ............
“ Математика” сабағы Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар? Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады. 6 жұмыртқа неше минут қайнайды? Бір жарым балық бір жарым теңге тұрады. 5 балық қанша тенге тұрады? Қай құс жұмыртқадан шығады, бірақ өзі жұмыртқа бермейді? Апасы інісінен 5 жасқа үлкен, 7 жылдан кейін ол неше жасқа үлкен болады?  7 балауыз шам жанып тұр, 2 шам сөнді. Неше шам қалды?  Бір топ үйрек ұшып бара жатыр. Бір үйрек алдында, екеуі артында ұшып барады.Бір үйрек екі үйректің арасында, ал үш үйрек бір-бірінің қасында ұшып келе жатты. Топта неше үйрек?

“ Математика” сабағы

Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар?

Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады. 6 жұмыртқа неше минут қайнайды?

Бір жарым балық бір жарым теңге тұрады. 5 балық қанша тенге тұрады?

Қай құс жұмыртқадан шығады, бірақ өзі жұмыртқа бермейді?

Апасы інісінен 5 жасқа үлкен, 7 жылдан кейін ол неше жасқа үлкен болады? 7 балауыз шам жанып тұр, 2 шам сөнді. Неше шам қалды?

Бір топ үйрек ұшып бара жатыр. Бір үйрек алдында, екеуі артында ұшып барады.Бір үйрек екі үйректің арасында, ал үш үйрек бір-бірінің қасында ұшып келе жатты. Топта неше үйрек?

Ән сабағы Отбасымен бірге ән айту.

Ән сабағы

Отбасымен бірге ән айту.

Анкеталық сұрақ: «Өз балаңызды білесіз бе?»   1. Балаңыздың сүйікті түсі қандай? 2. Балаңыздың сүйікті мерекесі қандай? 3. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай? 4. Балаңыздың сүйікті тағамы қандай? 5. Балаңыздың сүйікті мултьфилімі қандай? 6. Балаңыздың ең жақын досының аты кім? 7. Балаңыздың сүйікті жеміс-жидегі қандай?

Анкеталық сұрақ: «Өз балаңызды білесіз бе?»

1. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

2. Балаңыздың сүйікті мерекесі қандай?

3. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?

4. Балаңыздың сүйікті тағамы қандай?

5. Балаңыздың сүйікті мултьфилімі қандай?

6. Балаңыздың ең жақын досының аты кім?

7. Балаңыздың сүйікті жеміс-жидегі қандай?

«Менің балалашық шағымдағы ең қызықты оқиға»

«Менің балалашық шағымдағы ең қызықты оқиға»

«Менің арман үйім»   Шарты:   Ал енді біздің келесі тапсырмамыз, сіздер отбасы мүшелеріңізбен құрылысшы болып өз «Арман үйлеріңізді» құрастырасыз. Мына конверт ішінде кірпіштер бар, әр кірпіштің мағыналы сөзі бар: «Денсаулық», «Махаббат», «Сүйіспеншілік», «Күлкі», ал қалған кірпіштерге өздеріңіз мағыналы сөздеріңізді жазып үйлеріңізді салыңыз. Үй шатырын өздеріңіз атап қойыңыз және қорғайсыздар.

«Менің арман үйім»

Шарты:

Ал енді біздің келесі тапсырмамыз, сіздер отбасы мүшелеріңізбен құрылысшы болып өз «Арман үйлеріңізді» құрастырасыз. Мына конверт ішінде кірпіштер бар, әр кірпіштің мағыналы сөзі бар: «Денсаулық», «Махаббат», «Сүйіспеншілік», «Күлкі», ал қалған кірпіштерге өздеріңіз мағыналы сөздеріңізді жазып үйлеріңізді салыңыз. Үй шатырын өздеріңіз атап қойыңыз және қорғайсыздар.

Баршаңызға рахмет!!!

Баршаңызға рахмет!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Семинар "Менің отбасым менің мақтанышым"

Автор: Кайрлгужиева Мейрамгуль

Дата: 17.03.2017

Номер свидетельства: 401220

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Татулығы жарасқан отбасы"
    ["seo_title"] => string(27) "tatulyg_y_zharask_an_otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "406776"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491371786"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Семинар тренинг «Менің отбасым-менің мақтанышым»"
    ["seo_title"] => string(53) "sieminar_trieningh_mienin_otbasym_mienin_mak_tanyshym"
    ["file_id"] => string(6) "459589"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1519617956"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Эссе Мен және менің мамандығым"
    ["seo_title"] => string(36) "essie_mien_zh_nie_mienin_mamandyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "353575"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850485"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«?ш т??ырлы тіл» атты семинар "
    ["seo_title"] => string(27) "sh-t-yrly-til-atty-sieminar"
    ["file_id"] => string(6) "106535"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1403027572"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "«?ш т??ырлы тіл»  семинар "
    ["seo_title"] => string(22) "sh-t-yrly-til-sieminar"
    ["file_id"] => string(6) "106540"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1403028383"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства