kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өмірдің гүлі -АНА

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАЛАЛАБАҚШАНЫҢ ОРТАҢҒЫ ТОБЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК СЦЕНАРИЙ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өмірдің гүлі -АНА»

Тақырыбы: «Ана өмірдің гүлі!»


Мақсаты:Аналар мерекесімен бірге,күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атап айтуға үйрету.Табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді ажырата білуге дағдыландыру. Аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Әуен ырғағымен балалар залға кіреді.


Жүргізуші:Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар!Өздеріңізге арналған мерекеге хош келдіңіздер! 8-Наурыз «Аналар мейрамы» баршаңызға құтты болсын!

Құттықтау сөздер:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар!

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейді біздің балалар!

Әуен ойналып ортаға ұл мен қыз бала шығады.


1.Сенен өскен балалар (Дінммұхаммед)

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.


2. Бал бөбегін баптаған, ( Медина )

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!

Ән: «Ақ мамам»

Ендігі құттықтау сөз кезегі №31 балабақшамыздың меңгерушісі А.А. Тажидановаға беріледі.

Балалардың тақпақтары:


1. Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым күнім дейтін. (Саяна)


2.Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам. (Қарақат)


3. Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейрімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен. (Ж. Азамат)

4. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. (Жайнагүл)


5.Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам. (Ә.Аяулым)


Би: «Аспазшы»

Осы кезде музыка ойналып аю шығады.

Аю: Бұл не шу? Ұйқымнан ояттыңдар ғой!

Ару Көктем:Аю ағатай сіз неге ашуланасыз? Көктем келді.

Аю: Шынымен көктем келді ме? Мен ұйықтап қалыппын. Балаларым тұрыңдар. Көктем келді.( музыка ырғағымен билеу Буги- буги)

Жүргізуші:

Аю ағатай ұйқыңыздан ояныңыз, күн жылынды табиғат ана ұйқысынан оянып, гүлдене бастады. Одан да көңіліңізді көтеріңіз.Біздің балалар көрікті көктем мерекесін тойлап жатыр.Балалардың мерекеге арнаған өлең жолдарын тамашалаңыз

Жүргізуші:Балалар көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар!

Балалар:

-Күн жылынады.

-Қар ериді.

-Құстар ұшып келеді.

-Ағаштар бүршік жарады.

Жүргізуші: Дұрыс балалар! Көктем мезгілінде табиғат нұрланып, адамдар шаттанып, балалар қуанып, малдар төлдеп,тіршілік жаңаратын кез. Ал, балалар ендеше сол сұлу Көктемді шақырайық. Өз жылуын ала келсін.Өйткені біз көктемді асыға күттік.

Ару көктем, ару көктем!

Сені асыға күттік көптен.

Жер-анамыз бір бусанды,

Күн де нұрын төгіп көктен.

Осы кезде әуен ырғағымен ілесіп Ару Көктем келеді.

Сәлем , сәлем балақайлар!

Әуез әже, назды апайлар!

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап.


Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жая келдім.

Жан бітіріп табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.

Жүргізуші: Хош келдің Ару Көктем ортамызға!

Ару Көктем: Өзіммен бірге қызғалдақтың жұпар иісін, ала түсті көбелектерімді ала келдім.

Би: «Көбелектер »

Жүргізуші: Ой қандай тамаша! Рахмет Ару Көктем әдемі би арқылы көңіліміз көтеріліп калды. Ендігі кезекті өлең шумақтарына берейік.

Тақпақтар: Әже туралы

1. Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз. (Альбина)


2. Әжем менің ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Әлі болса көреді,

Қызығымды әлі әжем. (Бекжан)


3.Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі. (Абдрахман)


4.Қандай бала болмайық,

Әжемізге дәріміз.

Көтерілсінші көңілін,

Ән салайық бәріміз. (Дильнара)


5. Менің әжем ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Әлі болса көреді,

Қызығымды әлі әжем. (Жігер)


Ән: «Әже» орындалады.

Жүргізуші:Аналардың анасы әжелерге бас иеміз!

Ару Көктем: Көктемнің шуақты күні аналар мерекесінде көңіл көтеріп бір ойын ойнайық.

Ойын: «Өз түсін тап»

Би: «Анаға сыйлық»

Тақпақтар:

1.Бала бала бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянға (Мұстафа)


2.Гүл-гүл жайнап әріміз.

Кіреді біздің сәніміз

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз. (Нұрсәт)


3. Бал бөбегін баптаған, ( Бағжан )

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам!

4.Моя мамочка родная,

Я люблю тебе без края.

С 8марта поздравляю,

Счастья я тебе желаю! (Самир)


5. Біз доспыз гүлдер,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз. (Ермұхаммеджан)


6.Мәпелеп мені өсірген,

Ризамын мен өзіңе.

«Ана» деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде. ( Азамат)


7. Ана өмір ана күн,

Ана бақыт,ана гүл. (Асланбек)


8.Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген маматайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын. (Жансен)

Би: «Джентелмен»

1. Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан. (Ислам)


2.Үн қатасың бал тілмен

Еркелесем әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен. (Мейірбек)


3.Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен –кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам (Несібелі)

.

4.Ана деген өмірдегі қымбат жан

Сондықтанда ардақтаймыз анажан

Есіміңді еске сақтап мәңгілік

Қадір тұтып құрметтейміз анажан. (Азиза)


5.Теңдесі жоқ данасың

Арқа түтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болсын анашым. (Мұхаммед)


6. Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым күнім дейтін. (Е.Аяулым)

Ән: «Анашым» Азиза,Несібелі

Ару көктем: Міне көрдіңдер ме балалар! Әр балаға өз анасынан артық сұлу, әдемі, мейірімді жан жоқ екен. Ендеше сол аналарымызды құрметтейік. Ана алақанының жылуын сезінейік! Батыр да туған анадан,ақын да туған анадан.Ананың биік тұғыры-Анадан туған бар адам!-дегендей аналарымызды құрметтейік.

Аю: Олай болса ,Ару Көктем бізде көктемнің келгенін барлығына хабарлайық!

Сау болыңдар ,балалар!(Шығып кетеді)

Ән: «Милая мама»

Жүргізуші:

Ақ пейілді,шын адалсын балашыңа,

Бұл өмірде кім жете алсын анашыма?!

Қолда барын аямай шын ниетпен,

Қиып бере салатын баласына.


Мені күнде «боташым»-деп,еркелеткен,

Әр күнімді нұрға бөлеп көркем еткен.

Қарызыңды өтей алман-ару ана,

Тілегіңді берсем де көптен күткен.

Аналарымыздың құрметіне дайындаған «Ана өмірдің гүлі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.










31 «Күншуақ» МДҰ














Тақырыбы:«Ана өмірдің гүлі»

«Гүлдер» арнайы ортаңғы тобы














Өткізген: Кулкашева А.С.

Онкалбаева С.Ж.











2016- 2017 оқу жылы.




31 «Күншуақ» МДҰ















Тақырыбы:«Ана өмірдің гүлі»

«Шаттық» арнайы ересек тобы









Өткізген: Сүйесінова Қ.Қ.

Прмағанбетова А:Ә.
















2016- 2017 оқу жылы.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Өмірдің гүлі -АНА

Автор: Онкалбаева Салтанат Жалгасовна

Дата: 24.11.2017

Номер свидетельства: 440526

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?зі?ді тану-?мірді тану "
    ["seo_title"] => string(24) "ozin-di-tanu-omirdi-tanu"
    ["file_id"] => string(6) "154728"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421202826"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ана-?мірді? ?уанышы, тірегі "
    ["seo_title"] => string(30) "ana-omirdin-k-uanyshy-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "213798"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1432140929"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ашық сыныптан тыс іс - шара "Ана - өмірдің шуағы""
    ["seo_title"] => string(47) "ashyk_synyptan_tys_is_shara_ana_omirdin_shuag_y"
    ["file_id"] => string(6) "367882"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481353558"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Шуа?ыншашаш?ан-аялы ала?ан""
    ["seo_title"] => string(34) "shuag-ynshashashk-an-aialy-alak-an"
    ["file_id"] => string(6) "248145"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446665818"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Ана ?мірді? г?лі" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "ana-omirdin-ghuli-tak-yrybyndag-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "302059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457037258"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства