Жүргізуші: Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен жаралған.
Сондықтан құрметті асыл аналар,әжелер,қадірлі апайлар,қызғалдақ қыздар бүгінгі
,,Өмір сәні-ана``атты тәрбие сағатымыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
Ардақты ана,аяулы ана қымбатым
Тәтті ұйқымды бөліп талай үн қаттың
Өміріме нәрін берді,ақ сүтін
Кең құшағын-аясындай гүл бақтың
Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін
Махаббатым жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
1-бала Жыл басы наурыз мереке
Акнұрға әлем боянды
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
2-бала Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқар сұлу бар ма екен
3-бала Мәпелейсің мені анам
Қолындақы құсындай
Құлпыра өсіп деп анам
Құшағында қысылмай
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар аналар әжелер сүйкімді қыздар әріптестер! Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктем жыл мезгіліндегі ерекше мезгіл.Бұл мезгілде жер анаға жан бітіп жаңа дүниеге жаңа өмір әкеледі.Аспанда күн шуағын, жерге шашып, жылулықты жер анаға тартады.
4-бала Жыл басы-наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
5-бала Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң екен
Менің айдай анамнан
Асқар сұлу бар ма екен
Жүргізуші: Бала бала бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Ол кім?
Ана ана ана.Аналарға енді жырдан шашу шашайық.
Хор:Құттықтаймыз мама туған күнімен.
6-бала Үмітімдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп
7-бала Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылыуы
Анамыздан тарайды
8-бала Жердегі бір тағамнан
Ана сүті нәрлі екен
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен ?
9-бала Қар мұз еріп күн жылынып
Дала гүлге толады
Айтыңдаршы бөбектерім
Ол қай кезде болады ?
(көктем)
10-бала Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
11-бала Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін
Нағыз ана тіл-әжем
12-бала Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар
13-бала Мейірімді жібектей
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп
,,Құлыным” деп құшады
Жүргізуші: Ойынның шарты:Аналар балаларын қалай еркелетеді.Гүлмен жақсы тілек айту.(Гүлдерді аналарына береді)
14-бала Аналарды сүйеміз
Сөзін айға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдептен бас иеміз
15-бала Мерекені қарсы алып
Мәз болады барша жұрт
Гүл ұсынып анаға
Берем өзім ән салып
Жүргізуші:Аналарға арналған ,,Ақ мамам ән”Аружан,Жұлдыз.
Жүргізуші:,,Мама”-бұл сөз әрбір қаситті сөз нәзік,мейірімді жылы естіледі.