Ұйымдастырушық ізденушілік | (Осы кезде есік қағылады). -кіріңіз! (Қонақтар келеді.) -сіздер кімсіздер?, қайдан келдіңіздер? (Үш тілде амандасады.) Құрметті қонақтар! Бұл қазақ елі. Қазақ деген кең де, дархан халық. Қазақ елінің ұлттық жәдігері киіз үйі. Балалар, қонақтарға киіз үйімізді көрсетейік. (Киіз үйді көрсету процесі) Ендеше бұл сұрақтарыңа оқушылар жауап береді. -Балалар, еліміздің Президенті кім? Елімізде болып жатқан жақсылықтар, бейбіт өмір жасап отырған Президентіміз екен. Осы Президентіміздің бастауымен тұрғызылған Астана қаласына саяхат жасайық. -қане, бәріміз көзімізді жұмайық. (әдемі әуен ойналады) Астана әдемі қала екен. Сіздер сезімдеріңізді қалай жеткізер едіңдер? Жұлдыз: Ағила Лекерқызы! Біз өлеңмен айтсақ бола ма? -әрине болады! Ақорда (слайды көрсетіледі) Айдана Жасампаз көркі жарасқан, Төбесі көкпен таласқан, Ақорда-шырақ, бағдаршам Болашағыма жол ашқан. Нұрхан. Ақорда-елдің тірегі, Лүпілдеп соғар жүрегі. Қажымас қайрат тоғысқан, Жарасып жұрттың тілегі. Инабат Астана –ана кең жүрек, Ақорда қарарелжіреп. Көгілдір күмбез үстінде Көк туым тұр ғой желбіреп. Бейбітшілік пен келісім сарайы (слайд көрсетіледі) Карина Бейбітшілік-келісім Сарайын сап ел үшін Күллі әлемге кең жайдық Еліміздің өрісін. Ернар Ғимаратқа тым биік Күн де тұрар нұр құйып, Ақ тілегін ақтарып, Бас иеді жұрт ұйып. Малика Үшбұрышты ғаламат, Киелі үй деп бағалап, Ел келеді ағылып, Көру үшін аралап. Бәйтерек. (слайд көрсетіледі) Гүлназ Астана-сұлулық ғаламы, Ғажайып ғимарат алаңы. Өрлеп біз бәйтерек басына, Шоламыз кең-байтақ даланы. Дінәсіл Бәйтерек-биіктік өрісі, Көрінер келешек белесі. Алаңда тұр биік асқақтап, Дегендей өркенді ел осы! Қазақ елі монументі (слайд көрсетіледі) Жұлдыз Қазақ елі шынары- Қасиетті тұмары. Шежіресін тарихтың Мәңгі айтар жыр-әні. Бекзат Әр бақытты таңдарға Қуанбайтын жан бар ма?! Алтын қанат Самұрық Самғап ұшар заңғарға. Нұрай Ғажайып жер екенбір, Іргесі бекем тұр Елдік сырды шертетін қасиетті мекен бұл! Әзірет Сұлтан мешіті (слайд көрсетіледі) Жолымен жүріп Жаратқан Ислам дінін таратқан Әзірет Сұлтан мешіті Нұр шашты таңдай жаңа атқан. Хан шатыры (слайд көрсетіледі) Алмас Хан шатыры көкпен таласқан Үкілі бөркі жарасқан Пішіні сыртқы келісті Түсіне ұқсас кәрі аспан Астана опера театры (слайд көрсетіледі) Айша Опера-өнер төресі, Ұғынар биік өресі Нақышты әндер шырқайтын Әсем көрер төр осы Диас. Өрнегін көріп таңданам Тамсанар оған бар ғалам Төрінен біржан-Сарадай Шырқалар талай самғап ән. Бәрі бірге: Астана ару қала Бағы бір жанған қала Тұрады ол жап-жас болып Мен үлкен болғанда да. -Балалар,өздеріңіз тамашалап көрген әсем қала Астанада «Ақорда» , « Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Тәуелсіздік монументі», «Бәйтерек», т.с.с зәулім ғимараттар бар екен. Осындай әлем таңғалған көрікті қаланы бізге тұрғызып берген кім екен? -Ия, дұрыс айтасыңдар. Елбасымыз Н.Назарбаев атамыз екен. - Балалар, енді бұлтпен таласқан ең биік бәйтеректі көрдіңдердер ме? -Сол Бәйтеректің ішінде адамның бар тілегін орындайтын саусақ таңбасы бар. Бәріміз соған барып, қолымызды қойып, тілегімізді айтайық. Тілек айту үшін, әр қатардан бір- бір баладан келіп тілек айтамыз. Тілегімізді айтып болсақ, 2017 жылы Қазақстанда бүкіл әлемді қамтыған «ЭКСПО-2017» көрмесі болғалы жатыр. Бұл көрмеге барлық өнертапқыштар өз туындыларын көрсетеді. Біздер де өз үлесімізді қосып, туынды жасайық. (Суреттер таратылып, балалар жеке жұмыс жүргізеді) Қымбатты қонақтар! Біздер жас болсақта «ЭКСПО-2017» көрмесіне өзіндік үлесімізді қосып жаңа туындылар жасадық. Қане балалар, көрсетейікші қонақтарға. Сіздерге біздің туындымыз ұнады ма? Бұл ауданымыздың, облысымыздың эмблемасы және Бәйтерек бейнесі. -Ал енді, құрметті қонақтар! Сіздерге біздің елордамыз Астана қаласы ұнады ма? -Олай болса, біздің елімізде қонаққа сыйлық беретін жоралғымыз бар. -Аз да болса, көптей көріп қабыл алыңыз. -Ал, енді балалар! Қонақтарымыз шығарып салайық. | Өзбек, америка, орыс ұлтының өкілдері кіреді. Өздерін таныстырады. -привет! -салам! -хелеу! -қандай керемет!Айдана (Өзбек) Мынау немене? Нұрай (оқушы) Бұл ұлттық киім. Онда қошқар мүйіз оюы көмкерілген. Нұрқан (Американ) What is it? ~( Уат из ит) Дінәсіл: It is a arrow( Ит из э ерроу), It is a bow (Ит из э боу) Гүлназ(орыс): Что это такое? Малика: Это – казахский инструмент «Домбра» -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласына саяхатқа шығады. Балалар сезімдерін өлеңмен жеткізеді. Елбасымыз Н.Назарбаев атамыз екен. Қонақтармен қоштасады. |