kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз мерекесіне орай өткен «Келін түсіру» салт – дәстүрі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий утренника к празднику Наурыз. Дети  инсцинировали казахский обычай беташар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіне орай өткен «Келін түсіру» салт – дәстүрі»

№ 11 «Қызғалдақ» ересек

тобының тәрбиешісі

Джусибалиева Б.Л.

Наурыз мерекесіне орай өткен «Келін түсіру» салт – дәстүрі

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін және келін түсіру салт – дәстүрімен таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан да халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық аспабының бірі «Домбыра» биімен ашқымыз келіп отыр. Ортаға Айгерім, Гүлназ, Жұлдызай, Үлдананы шақырамыз.

Би: «Домбыра биі»

Жүргізуші: Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші:Олай болса балалар, Наурыз мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

Гүлназ: Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.

Сырғалым:Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен – көл
Кемерінен асады.

Кәусар: Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қас жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Айгерім: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханына елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Ұлдана: Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.

Жүргізуші:Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!- деп кезекті балалардың орындауында «Наурыз» әніне берейік.

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші:Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді
Біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақтар жаттаған екен, олай болса кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Наурыз көже туралы тақпақтар:

Камила: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді,
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

Айназ: Бидай, күріш, тары бар.
Бар сүт, ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз дәмін татамыз.

Жүргізуші:Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді

(Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді)

Жүргізуші:Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын

Қыдыр ата(Рысбек):Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Наурыз қыз (Жұлдызай):
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатады гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді

Жүргізуші:Қыдыр ата, Наурыз қыз біздің балалар осы мерекеге арнап өздерінің өнерлерін ұсынбақшы, қабыл алаңыз. Ұлдардың орындауына «Қамшы» биі.

Би: «Қамшы биі»

Жүргізуші: Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:

Нұртас: Ата – баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз.
Айтыс десе тіл қышып
Қыздар іздей бастаймыз.

Нұрай: Біржан болып сен келсең,
Ақын Сара мен болам,
Сәйгүлік боп сен шықсаң,
Аққу құсың мен болам.

Нұртас: Наурыз мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен

Нұрай: Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен

Нұртас: Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр

Нұрай: Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін

Нұртас: Бармаймын деп бақшаға,
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші деп арқаға
Сұрауыңды қойдың ба?

Нұрай: Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге күлесің
Кәмпит сұрап өзің де,
Күнде жылап жүресің.

Хормен: Сөз өнерге шөліркеп,
Рахаттана бір жұтқан,
Қоштасайық ъхалықпен
Ақындарын пір тұтқан
Еркем, еркем, еркем – ай,
Еркелеген еркем – ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем екен ай

Тәрбиеші:Балалар, Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.

Ерғали: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді

Ақиқат: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар

Мағжан:Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын

Жүргізуші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік

Жүргізуші:Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз – бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан, - деп кезекті тағы да Наурыз туралы әнге берейік.

Ән: «Наурыз келді»

Жүргізуші:«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ.
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне,
Енді ортаны баршаңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық, - деп Нұрай қызымызды «Өзбек биімен» ортаға шақырайық.

«Өзбек биі»

Жүргізуші:Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды, - деп балалардың орындауында тақпақтарға берейік.

Мәди: Құрт, бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір – бірінен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

Бейбарыс: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханын елімнің
Береке – ырыс сыйлашы

Аянат: Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын

Диас: : Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Бейбіт: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.

Жүргізуші:Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел, - деп көктем мезгілімен бірге шығатын «Гүлдер» биіне кезек берейік.

«Гүлдер» биі

Жүргізуші: Ау жараңдар, армысыз!
Ұлыстың ұлы күнінде
Ағайын туыс бармысыз!
Наурыз тойы басталды.
Жаңарса да санамыз
Дәстүрді кім ұмытар
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
Салт - дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Бүгінгі біздің дәстүрді
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Құрметті қауым, Балдырғандық жамағат. «Балдәурен» тобы келін түсіру салтын көрсеткелі отыр, қабыл алыңыздар. Біздің ауылында Асқар атамыздың алғашқы немересі Жандос келін алып келеді. Кәне бәріміз бірге қарсы алайық.
(сахнада киіз үй көрінісі, үй іші қазақша жасалған. Дастархан басында атасы, әкесі мен анасы, басқа да келіндерімен отыр.)
үйге бала жүгіріп келеді.

Бала: Сүйінші, ата, Жандос ағам келіншек әкеле жатыр!

Атасы: Ой өркенің өссін! Міне сүйіншің (сүйінші береді)

Бала: Жеңгеміз өз көшімен жеңгелерімен, сіңлілерімен жақындап қалды, анашым бәріміз бірге қарсы алайық.

Анасы: Ал, келіндер қозғалыңдар! Кіші атаның келіндері шымылдық алып шығыңдар. Менің келіннің басына жабатын орамалым қайда? Келін, сандықты аш, ішінен орамалды әкел.

(Келін келіп, маңдайынан сүйіп басына орамал жабады)

Анасы: Маңдайың болсын, қарағым. Жандос балам келін әкеліп, қуанышқа кенеліп жатырмыз, барлығыңды тойға шақырамын. Уа, жұртым, енді беташарға жиналыңыздар.

(Жерге тері төселіп, екі жағында екі жеңгесі қолтықтап келінді алып келеді)

Нұртас: Айт келін, ау, айт келін,
Атыңның басын тарт келін!
Жұмыртқадан ақ келін,
Ата – енеңді бақ келін!
Ана отырған атасы,
Қара бір жердің жотасы
Атаңа келін сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет!
Ана тұрған енесі,
Қара бір жердің кемесі
Енеңе келін сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет
Осы отырған әлеумет
Қайсыбірін айтайын
Ерінбесең келіншек
Баршамызға сәлем ет,
Сәлеміңді әдемі ет!

(Домбырасымен келіннің бетін ашады)

Анасы: Халайық, келіннің қолынан шай ішуге шақырамыз, келіңіздер.

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.

Тәрбиеші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!- дей отырып, № 10 «Балдәурен» ересек тобының Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Наурыз мерекесіне орай өткен «Келін түсіру» салт – дәстүрі

Автор: Джусибалиева Бибигуль Лесовна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389159

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Төрлет, төрле, Наурызым!"
    ["seo_title"] => string(23) "torliet_torlie_nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "403912"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490634714"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Наурыз думан. Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(28) "nauryz-duman-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "164178"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422603822"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Жаса, Наурыз Жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(22) "zhasa_nauryz_zhyl_basy"
    ["file_id"] => string(6) "406811"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491376205"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Та?ырыбы: «Н?рын шаш?ан жыл басы - Наурыз келді, ала?ай!»"
    ["seo_title"] => string(58) "tak-yryby-nu-ryn-shashk-an-zhyl-basy-nauryz-kieldi-alak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "313085"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459432364"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства