Наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар салт-дәстүрлер жасалатынын айтып толықтай түсіндіру. Балалар наурыз мерекесіне арналған әндерін айтып билерін билеп үлттық ойындардан жарыс ұйымдастыру.
Просмотр содержимого документа
«"Наурыз думан" ертеңгілік»
№ 50 «Заңғар» бөбекжайы
«Наурыз-думан»
«Достық»ортаңғы тобы
Тәрбиешілер: Магзомова А.А
Мурзагалиева Г.М
Орал-2019 ж
Тақырыбы: «Наурыз-думан»
Жүргізуші:
Армысыздар, халайық! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметті қонақтар қош келдіңіздер! Жылдың басы Наурыз құтты болсын!
Наурыз келді, наурыз келді ағайын,
Құмарланып құшағыңды жаяйын.
Көктем туа күлімсіреп, көк аспан,
Әнге толды, күйге толды маңайым.
Көтеріп жұрт көңілін тастағалы,
Шалқытып ақындардың асқақ әні,
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын
Біз тұрмыз наурыз тойын бастағалы,-деп «Достық»тобының «Наурыз-думан»атты ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер.
Жүргізуші:- Балалар бүгін біз қандай мерекені тойлап жатырмыз.
Диас: Ұлыстың қлы күні Наурыз мерексі құтты болсын
Эльдина: Наурыз мерекесінде күн мен түн теңелетін күн.
Жансая: Наурыз мерекесінде көже пісіреді.Бұл көженің ерекшелігі жеті түрлі тағам қосады.
Жанбатыр: Наурыз мерекесінде түрлі салт дәстүрлермен ұлттық ойындар ойнатылады.
Даниал: Ақты төкпе малды теппе.
Жүргізуші:
Шалқып , тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Наурызбенен құттықтап
Әндетеміз бәріміз,- дегендей келесі бүлдіршіндердің орындауында
Ән: «Наурыз көктем»
.Жүргізуші :
Ей, балалар, балалар
Енді маған қараңдар
Наурыз тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық,-дегендей Наурыз мерекесінде түрлі ұлттық ойындар ойналады екен, бізде қарап қалмайық «Қыз қуу» ойынын ойнайық
Ойын: «Қыз қуу»
Жүргізуші:
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырап күніміз
Жайқалған жас гүліміз-деп бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.Қыздарымыздың әсем биіне кезек берейік.
Би: «Қамажай»
Жүргізуші:
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-салтын бабамнаң
Алып келген осы күн.
Ендеше салт-дәстүрден көрініс «Бесікке салу» дәстүрі тамашалайық.
Жүргізуші: Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырап күніміз
Жайқалған жас гүліміз-деп бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Құтты болсын Наурыз
Арманымыз, әніміз
Наурызды қарсы алып
Би билейік бәріміз,-деп ортаға ұлдарымызды « Қара жорға » биімен шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші:
Наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар
Шырқап әнге салайық
Ән: « »
Жүргізуші:
Бүгін сіздер қазақ елінің Наурыз тойын қалай тойлайтынын көрдіңіздер,бірақ ең бастысы әлі алда.
Енді Наурыз тойына арналған бата беруге ортаға Ерасыл бүлдіршінімізді шақырайық.
Ерасыл:
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңы бақ қонсын,
Шаштарыңның талындай.
Кешірілсін өкпе,наз,
Көңілде кір қалмасын.
Келері көп,өткені аз,
Жақсы тапсын жалғасын.
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Бақыт,байлық көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Әумин!
Жүргізуші:
Наурыз құтты болсын
Ақ мол болсын- деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.