kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз-Думан"ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

             Жер ?лемді жайнатып, ?нші ??старды сайратып, Наурыз тойын тойлатып,

?лысты? ?лы к?ні келді, достар! Той ??тты болсын! ?лыс о? болсын!

А?  мол болсын!

               Наурыз тойы жырымыз,

               К??іл г?лдей жайнасын!

               ??лпырып т?р к?н мен ай,

               ??тты болсын, Наурыз той

         Наурыз айыны? 22-інде к?н мен т?н те?еледі. Адамдар бір-бірін меркемен ??тты?тайды.

Жеті т?рлі та?амнан наурыз к?же пісіреді. ?лкен кісілер а? тілек айтып, бата береді.

         Жа?а Жыл?ы жылдары?ыз ??тты болсын!

         Жа?а жыл барша?ыз?а ба?ыт, ырыс, береке ?келсін.

Т?рбиеші: Балалар, б?гін ?андай мереке?

  •  Наурыз тойы. ?лысты? ?лы к?ні.
  •  ?андай жыл келді?

Жыл?ы жылы келді.

Д?рыс айтасы?дар, балалар.

Адам ?міріндегі барлы? жа?сылы? атаулы?а с?лемдесу ар?а болып жатады. Бір-бірін к?ріп білмеген адамдар арасында да игіліктер ал?аш?ы с?лемдесуден ?рбиді. Имандылы? шари?атында с?лемдесу тілмен айту- парыз.

Ассалаума?аликум! «Мен адаммын, адамды?ымды білдіремін.» «Алланы? н?ры жаусын!»

?лыс о? болсын,

 А? мол болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз-Думан"ерте?гілігі »






Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, достар! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!


Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырып тұр күн мен ай,

Құтты болсын, Наурыз той

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін меркемен құттықтайды.

Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Жаңа Жылқы жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл баршаңызға бақыт, ырыс, береке әкелсін.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін қандай мереке?

  • Наурыз тойы. Ұлыстың Ұлы күні.

  • Қандай жыл келді?

Жылқы жылы келді.

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқа болып жатады. Бір-бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту- парыз.

Ассалаумағаликум! «Мен адаммын, адамдығымды білдіремін.» «Алланың нұры жаусын!»

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!


Алихан: Уағалайкүмассалам! «Мен де адаммын, адамдығымды білдіремін,» «Сізге де Алланың нұры жаусын!

Ұлыс оң болсын,

Пәле- жала жерге енсін!

(Екі бала төс қағыстырып амандасады.)


Аяулым: Уа, халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық

(Шашу шашылады)

Хор: «Наурыз тойы- жыл басы.»

Айбар: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде, Наурыз, күлімде


Аяжан: Армысың, Наурыз,

Қуаныш боп кір, төрлет.

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый құрмет.



Алымжан: Наурыз келді, Наурыз келді ағайын,

Құшарлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға көлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым.


Еркетаң: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн өткен.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Нұркел: Келді Наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып.

Жылда келші Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.


Хор: «Қазақтың дастарханы:»


Алуа: Хош келдің, Наурызым, ардақты,

Халқым саған бар үмітті арнапты.

Жылда осылай келе берген жасарып,

Гүлге бөліп, нұрға бөлеп аймақты.


Саламат: Ақ түйенің қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Асыққың сен де сол тойға,

Барлық жұрт мұнда ағылды.





Альфия: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде Наурыз, күлімде.


Әліби: Ұлыстың Ұлы күні

Жаңғырды қазақ үні.

Түрленді жер анамыз,

Бүршігін жарып гүлі.


Гүлзар: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз.


Хор: «Туған жер»


Мағжан: Жылымның басы- Наурыз!

Жырымның басы- Наурыз!

Салт- дәстүрді жаңғыртқан,

Қазынам асыл- Наурыз!


Меруерт: Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.


Аят: Ата- бабам тойлаған,

Армысың, Наурызым!

Қызыққа ем тойлаған,

Дархан дала, қарлы шың.


Әдемі: Жедел жүріп алаңға жетіңіздер,

Наурызға адал ниет етіңіздер!

Қарсы алып жылдың басын той-тойлайық,

Өнімді еңбек етіп ой ойнайық!


Бибарыс: Уа, ағайын, туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан.

Сандуғаш: Уа, жараңдар, келәідер,

Той қызығын көріңдер.

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.


Бекзат: Наурыз- бабамның сөзі,

Наурыз анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен,

Даламның сөзі.


Сағыныш: Көктемім төкті нұрды,

Көңілдің кетті мұңы.

Кел достар ән шырқайық,

Ұлыстың Ұлы күні.


Аружан: Тігіліп киіз үйлер,

Төгілді күміс күйлер.

Ойналып ұлттық ойын,

Орындалды ән, күйлер.


Жангүл: Көңіліммен кең дархан,

Жайылды ақ дастархан.

Наурызкөже құйылды,

Жеті түрлі дәм салған.

Балқаймақ бар, талқан, құрт.

Дәм татуда келген жұрт.

Батасын берді ақсақал:

«Молайсын» деп, ырыс-құт.


Нұрхан: «Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле- жала жерге енсін

Әумин!»


Тойымыз аяқталды. Келесі Наурызға уайым қайғысыз, аман – сау жетейік.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен еш нәрсе жоқ. Олай болса, аналарымыздың бал бармағынан шыққан ұлттық Наурыз көжеден ауыз тиіңіздер.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз-Думан"ерте?гілігі

Автор: Рейм Камила ?ойшыбай?ызы

Дата: 29.03.2015

Номер свидетельства: 193609


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства