kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

                       «Балдаурен» тобында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті

К?ні: 17.03.2015                              Аптаны? к?ні: сейсенбі

Білім беру саласы: ?атынас

?ОІ?: К?ркем ?дебиет

Та?ырыбы: «Наурыз-думан»

Ма?саты: ?аза? даласына жыл басы Наурыз мерекесіні? келгенін айту;

Наурыз – жыл басы,  к?ктемні? белгісі. Мал т?лдеп, а?аштар б?ршік атып, тіршілікті? оян?ан кезі екенін т?сіндіріп, ой-?рісін ке?ейту;

?лтты? салт-д?ст?рді ?адірлей білуге т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар: Наурыз мерекесіне байланысты суреттер, киіз ?йді? керегесі, т?скиіз, сырма?, ??ра? к?рпелер, бесік, а?ашты? макеті, домбыра, магнитофон.

С?здік: салт-д?ст?р,  наурыз-к?же, дастар?ан, ?она?жай халы?.

?йымдастыру  кезе?і:

?уан, шаттан, ала?ай!

?уанатын к?н б?гін

К?ліп шы?ты к?німіз,

?айырлы та?!

?айрлы к?н!

С?леметсіздерме ?она?тар!

 ?уен ойнатылады, ?арлы?аштар ?шып келеді де, билейді.

Т?рбиеші: -Балалар бізге нелер ?шып келді?    -?арлы?аштар

                   -Ал, б?л нені? белгісі?                       -К?ктем келгенні? белгісі.

-Д?рыс айтасы?дар! Тіршілік атаулыны? оянатын кезі – к?ктем мезгіліні? келіп ?ал?аныны? белгісі.

-Балалар к?ктем айларын ата?даршы?   -Наурыз, с?уір, мамыр

-Б?рекелді, ?азір ?ай ай?                          -Наурыз.

-Б?гін аптаны? ?ай к?ні?                          -Сейсенбі.

-Ал енді наурыз айында болатын мерекелерді атап ?тейікші.             -8-наурыз – аналар к?ні; 22-наурыз - ?лысты? ?лы к?ні

-Д?рыс айтасы?дар, балалар! Б?гінгі бізді? о?у іс-?рекетімізді? та?ырыбы: «Наурыз-думан» деп аталады.

-Ал, Наурыз мерекесі туралы біз не білеміз?

   «Наурыз» с?зі – біріншіден, «жа?а к?н», дегенді білдіреді, екіншіден, ай аты,?шіншіден, аспан денелері ?здеріні? бастап?ы н?ктелеріне келіп, к?н мен т?н те?еседі, сонды?тан жа?а жыл ретінде тойланатын думанды халы?ты? мейрам.  Ендеше к?н мен т?нні? ??гімесін ты?дайы?.

Алтынай:              К?н: С?улесі мол к?нмін 
Мухамедрасул:    Т?н : Ж?лдызы мол т?нмін.
                             Екеуі: Бірдей болып бізде 
                             Те?елеміз б?гін

Т?н: Ал ерте? к?н ?за? 
К?н: Т?н ?ыс?арар біра?
Екеуі: ?й?ы ?анбай ?алып,
Ж?рме?дер тек жылап.

Т?рбиеші: Ра?мет, к?н мен т?н! Балалар, айты?даршы наурыз мерекесін неге ?лысты? ?лы к?ні деп те атаймыз?

Т?рбиеші: Барлы? бастамалар мен  ?лы істерді ырымдап халы? осы к?ні баста?ан. Сол себепті б?л к?нді «?лы істі? ?лы к?ні, я?ни ?лысты? ?лы к?ні» деп ата?ан. Наурыз  мерекесі– ба?ытты? бастамасы, жа?сылы?ты? жаршысы, ?мірге н?р сыйла?ан, сезімге г?л сыйла?ан,  халы? ?астерлейтін к?н.

-Балалар, б?л к?ні ?желері? мен аналары?  ?андай та?ам жасайды?       -Наурыз-к?же.

- Наурыз-к?жені ?алай жасайтынын білеміз бе?                             -7 т?рлі та?ам т?рінен  жасайды                  

-Д?рыс айтасы?дар, к?не балалар бізде «Наурыз-к?же» пісіріп к?рейік те, келген ?она?тарымыз?а тарту етейік.  

-Е? алдымен біз оша??а ?азан ?оямыз. Ал к?не Наурыз мерекесінде дастар?анда т?ратын басты та?амымыз «Наурыз –к?жені» пісіруді бастайы?. К?некей, балалар мына жерде бізге та?ам т?рлері берілген ?айсысынан бастаймыз? Д?рыс,су ??ямыз. ?р та?амда тапсырма берілген екен, балалар, орындап к?релік!

Тапсырмалар:

  1. Су– Наурыз мерекесі туралы ?андай ?ле?дер білесі?дер?

 Амина:Наурыз тойы-береке,
              Наурыз тойы-жыр а?ыз.
              ?ызып дулы мереке
              ?ызы? думан ??рамыз.

Даниял: ?ош келіпсі? Наурыз!
                Арман тойы халы?ты?.
                ?уанышы халы?ты?,
                ??тты болсын ?адамы?!

Айлана: Келді наурыз жар салып,
                Би билейік, ?н салып
                Жылда келсін ?лыс к?н
                Т?райы? есен ?арсы алып.

Т?рбиеші: Б?рекелді! Енді біз д?мін келтіру ?шін, т?з саламыз.

2. Т?з – ?андай ма?ал-м?тел білесі?дер?

Ахмет:     ?з елім – ?ле? т?сегім.

Инабат:     Ж?к ауырын нар к?терер,

                    Ел аурын ер к?терер.

Жанерке:  Е?бек етсе? – емерсі?,

                   Ерінбесе? же?ерсі?.

Назг?л:     Е?бек – ерді?  к?ркі,

                   Ер елді? к?ркі.

3. Ет (?азы, ?арта, жал, жая, с?рет)  – Ж?мба?ты? жауаптарын табы?дар.

К?н:К?н ?зарып, ?ар еріп,

         Су сайлар?а толады.

         Б?л ?ай кезде болады? (к?ктем)

         А? санды?ым ашылды,

Т?н:Ішінен жібек шашылды. (к?нні? к?зі)

4. С?т – ?лтты? ойын т?рлерін ата?дар.

Асы? ойнау, алтыба?ан тебу, ар?ан тарту,т.б.

5. Бидай  – ?андай салт-д?ст?рлер білесі?дер?

Бесікке салу, т?сау кесу, с?ндетке отыр?ызу, тілашар т.б.

6. Айран – ?лтты? киім т?рлерін ата?дар.

Кимешек, та?ия, шапан, к?мз?л, м?сіт.б.

7. ??рт – ?лтты? аспап т?рлері.

Домбыра, ?обыз, ?ыл?обыз, нар?обыз, жетіген, шертер, саз сырнай, асатая? т.б.

?уен ойнатылады, топ?а бала ж?гіріп келеді.

Азамат: С?йінші! С?йінші!
                Д?ниеге алтын айдарлы ?л келді!
                Ат ?стар, елін ?ор?ар жан келді!

Ж?рі?іздер, атамны? ?йінде ?лкен той болайын деп жатыр. Барлы?ы?ызды  той?а  ша?ырамыз!

(?уен ?осылады. Балалар орнынан т?рып, Азаматты? со?ынан еріп келіп, дастар?ан?а жай?асады. )

Ерасыл, Ата: Ассалаума?алейкум! Жо?ары шы?ы?ыздар!

Балалар: Тойлары?ыз ??тты болсын! (дастар?ан бойына жай?асып отырады)

Ерасыл, Ата: Б?гін ?лысты? ?лы к?ні д?ниеге ат ?стар азамат келді.  Немереме «Азан ша?ырып» ат ?ояйын! ?аза?ты? ?е? даласында туып ?скен ?йгілі Абайдай болсын деп тілеймін. Сонды?тан да немеремні? атын Ибра?им деп ?ойдым. «Сені? аты? Ибра?им болсын!»,-деп ?ш рет баланы? ??ла?ына айтады.

?же: (бесікті дайындап, ?ндетеді)

Т?бегі?ді, ш?мегі?ді салайын.
Дене? таза болсын деп
Бас жасты?ша салайын
Басы? ж?мса? болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел к?рпе?ді салайын.
Сымбатты, с?лу ?ссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сым?а тарт?ан с?йректей
Дене? с?лу болсын деп
Жабуы?ды жабайын
Жел, суы? тимей ?алсын деп.

Жанерке: ?же, т?бек деген не?

?же: ?ызым, т?бек дегеніміз,  ішіне к?л салын?ан киіз ?алта.

     Бесікті? барлы? жабды?тарын орын-орнына ?ой?аннан кейін, шашу?а ?келген ??рт пен к?мпитті уыстап алып, бесікті? т?бек байлайтын тесігінен т?мен ?ткізіп, бесік астынан ?олын тос?андар?а ?лестіреді. Б?л д?ст?р тыштырма деп аталады.

?же:( бесікті отпен аластайды.)

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, п?леден к?ш
Алас, алас баладан алас.
К?зі жаманны?, к?зінен алас,
Тілі жаманны? тілінен алас.
?ыры? ?абыр?асынан алас, -деп бесікті аластап бол?ан со?:  - ?демі, с?лу болсын деп, басына айна мен тара? жастайын. К?зден са?тасын деп, т?мар байлайын. ?амшыдай ?ткір болсын деп басына ?айшы жастайын. Баланы ?келі?дер, бесікке салайын. (?уырша?ты ?жеге береді)

?же: Мойынымда?ы т?марым
          Тар?амайтын т?марым
          Та?дыр берген алсын деп
          А? бесікке салсын деп
          Мойынымда?ы маржаным
          ?орада?ы мал-жаным,
          Бесігі?е жата ?ой
          Т?тті ?й?ы?а бата ?ой
          Балам жатсын бесікте
          П?лесі ?алсын есікке.

: Бесік жыры (балалар ?жемен ?осылып,  айтады.)

?же: Мені? немерімні? де шашуы бар еді, балалар. ??лыным, келе ?ойшы, домбыра?ды алып!

К?й: «Балбырауын»

Т?рбиеші: Ата, ?же бізді? де тойлары?ыз?а шашуымыз бар. Мені? биші ?ыздарымны? орындауында?ы «Айг?лек» биін ?абыл алы?ыздар!

?же: Ра?мет, ?ркендері? ?ссін, ?нерлері? ?рге ж?зсін, балапандар!

Барлы? ?атысушы балалар:

?лыс к?ні ?азан болса,

Ол жылы а? мол болар,

?лы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

М?хтар Арн?р:

С?раса? бата берейін,

А? тілекті т?гейін.

Еліме берсін берекет,

?ашсын сыр?ат-б?лекет!

Кірсін д?улет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жа?а жылым жарыл?а!

Дастар?аны? мол болсын!

Абыройы? зор болсын!

?лыс о? болсын!

А? мол болсын!

?умин!

Т?рбиеші: балалар, біз керемет тойды? ку?сі болды?. Ал енді, барлы?ымыз осы ?йді? ?она?жай иелерімен,  ?жемен  ?оштасайы?.

(Орнымыз?а отырамыз)

Т?рбиеші: Балалар бізді? «Наурыз-к?жеміз» дайын болыпты. К?жемізден д?м татсын деп, ?она?тарымыз?а ?сынайы?! Бізді? атымыздан «Наурыз - к?жемізді» ?она?тар?а тарту етсін деп, орта?а  Жанеркені? ?жесін ша?ырамын. (?же орта?а шы?ып, «Наурыз-к?же»  ??йып береді)

Т?рбиеші: - Неліктен Наурыз мерекесін ?лысты? ?лы к?ні деп айтамыз?

 -Балалар, ?аза?ты? салт-д?ст?рлеріні? ?андай т?рлерін білесі?дер?

-Біз б?гін ?андай д?ст?рлерді? ку?сі болды??

-С?биді бесікке сал?анда ?андай жыр айтылады?

Б?рекелді!  Керемет, ?те ал?ыр ж?не а?ылдысы?дар!  Белсене ?атыс?андары? ?шін ра?мет! Осымен бізді? о?у іс-?рекетіміз ая?талды.

Балалар: Орнымыздан т?райы?,

                  ?лкен ше?бер жасайы?.

                  К?ріскенше к?н жа?сы,

                  Сау-саламат болайы?!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет »

Бекітемін:

№70 «Құлыншақ»

балабақшасының меңгерушісі:

Ж.Б.Бекжанова_____________





Тақырыбы: «Наурыз-думан!»



Өткізген:

«Балдәурен» тобының тәрбиешілері: А.А. Ғалымова

Ұ.Елубайқызы




Астана-2015жыл

«Балдаурен» тобында ашық үйымдастырылған

оқу іс-әрекеті

Күні: 17.03.2015 Аптаның күні: сейсенбі

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОІӘ: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурыз-думан»

Мақсаты: Қазақ даласына жыл басы Наурыз мерекесінің келгенін айту;

Наурыз – жыл басы, көктемнің белгісі. Мал төлдеп, ағаштар бүршік атып, тіршіліктің оянған кезі екенін түсіндіріп, ой-өрісін кеңейту;

Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Наурыз мерекесіне байланысты суреттер, киіз үйдің керегесі, түскиіз, сырмақ, құрақ көрпелер, бесік, ағаштың макеті, домбыра, магнитофон.

Сөздік: салт-дәстүр, наурыз-көже, дастарқан, қонақжай халық.

Ұйымдастыру кезеңі:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүгін

Күліп шықты күніміз,

Қайырлы таң!

Қайрлы күн!

Сәлеметсіздерме қонақтар!


Әуен ойнатылады, қарлығаштар ұшып келеді де, билейді.

Тәрбиеші: -Балалар бізге нелер ұшып келді? -Қарлығаштар

-Ал, бұл ненің белгісі? -Көктем келгеннің белгісі.

-Дұрыс айтасыңдар! Тіршілік атаулының оянатын кезі – көктем мезгілінің келіп қалғанының белгісі.

-Балалар көктем айларын атаңдаршы? -Наурыз, сәуір, мамыр

-Бәрекелді, қазір қай ай? -Наурыз.

-Бүгін аптаның қай күні? -Сейсенбі.

-Ал енді наурыз айында болатын -8-наурыз – аналар күні; 22-наурыз – мерекелерді атап өтейікші? Ұлыстың Ұлы күні

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Наурыз-думан» деп аталады.

-Ал, Наурыз мерекесі туралы біз не білеміз?

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, ай аты ,үшіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеседі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

Алтынай: Күн: Сәулесі мол күнмін 
Мухамедрасул: Түн : Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі: Бірдей болып бізде 
            Теңелеміз бүгін

Түн: Ал ертең күн ұзақ 
Күн: Түн қысқарар бірақ
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап.

Тәрбиеші: Рақмет, күн мен түн! Балалар, айтыңдаршы наурыз мерекесін неге Ұлыстың Ұлы күні деп те атаймыз?

Тәрбиеші: Барлық бастамалар мен ұлы істерді ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз мерекесі– бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

-Балалар, бұл күні әжелерің мен аналарың

қандай тағам жасайды? -Наурыз-көже.

- Наурыз-көжені қалай жасайтынын білеміз бе? -7 түрлі тағам түрінен жасайды

-Дұрыс айтасыңдар, кәне балалар бізде «Наурыз-көже» пісіріп көрейік те, келген қонақтарымызға тарту етейік.

-Ең алдымен біз ошаққа қазан қоямыз да су құямыз. Ал кәне Наурыз мерекесінде дастарқанда тұратын басты тағамымыз «Наурыз –көжені» пісіруді бастайық. Кәнекей, балалар мына жерде бізге тағам түрлері берілген қайсысынан бастаймыз? Дұрыс,су құямыз. Әр тағамда тапсырма берілген екен, балалар, орындап көрелік!

Тапсырмалар:

  1. Су– Наурыз мерекесі туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Амина:Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Даниял: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

Айлана: Келді наурыз жар салып,
        Би билейік, ән салып
        Жылда келсін Ұлыс күн
        Тұрайық есен қарсы алып.

Тәрбиеші: Бәрекелді! Енді біз дәмін келтіру үшін, тұз саламыз.

2. Тұз – Қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Ахмет: Өз елім – өлең төсегім.

Инабат: Жүк ауырын нар көтерер,

Ел аурын ер көтерер.

Жанерке: Еңбек етсең – емерсің,

Ерінбесең жеңерсің .

Назгүл: Еңбек – ердің көркі,

Ер елдің көркі.

3. Ет (қазы, қарта, жал, жая, сүрет) – Жұмбақтың жауаптарын табыңдар.

Күн:Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады? (көктем)

Ақ сандығым ашылды,

Түн:Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)


4. Сүт – ұлттық ойын түрлерін атаңдар.

Асық ойнау, алтыбақан тебу, арқан тарту,т.б.


5. Бидай – Қандай салт-дәстүрлер білесіңдер?

Бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, тілашар т.б.


6. Айран – Ұлттық киім түрлерін атаңдар.

Кимешек, тақия, шапан, кәмзөл, мәсіт.б.


7. Құрт – Ұлттық аспап түрлері.

Домбыра, қобыз, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, шертер, саз сырнай, асатаяқ т.б.

Әуен ойнатылады, топқа бала жүгіріп келеді.

Азамат: Сүйінші! Сүйінші!
Дүниеге алтын айдарлы ұл келді!
Ат ұстар, елін қорғар жан келді!

Жүріңіздер, атамның үйінде үлкен той болайын деп жатыр. Барлығыңызды тойға шақырамыз!

(Әуен қосылады. Балалар орнынан тұрып, Азаматтың соңынан еріп келіп, дастарқанға жайғасады. )

Ерасыл, Ата: Ассалаумағалейкум! Жоғары шығыңыздар!

Балалар: Тойларыңыз құтты болсын! (дастарқан бойына жайғасып отырады)

Ерасыл, Ата: Бүгін Ұлыстың ұлы күні дүниеге ат ұстар азамат келді. Немереме «Азан шақырып» ат қояйын! Қазақтың қең даласында туып өскен әйгілі Абайдай болсын деп тілеймін. Сондықтан да немеремнің атын Ибраһим деп қойдым. «Сенің атың Ибраһим болсын!»,-деп үш рет баланың құлағына айтады.

Әже: (бесікті дайындап, әндетеді)

Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.

Жанерке: Әже, түбек деген не?

Әже: қызым, түбек дегеніміз, ішіне күл салынған киіз қалта.

Бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт пен кәмпитті уыстап алып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады.

Әже:( бесікті отпен аластайды.)

Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас, -деп бесікті аластап болған соң: - Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын. Баланы әкеліңдер, бесікке салайын. (қуыршақты әжеге береді)

Әже: Мойынымдағы тұмарым
Тарқамайтын тұмарым
Тағдыр берген алсын деп
Ақ бесікке салсын деп
Мойынымдағы маржаным
Қорадағы мал-жаным,
Бесігіңе жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой
Балам жатсын бесікте
Пәлесі қалсын есікке.

Ән: Бесік жыры (балалар әжемен қосылып, айтады.)

Әже: Менің немерімнің де шашуы бар еді, балалар. Құлыным, келе ғойшы, домбыраңды алып!

Күй: «Балбырауын»

Тәрбиеші: Ата, әже біздің де тойларыңызға шашуымыз бар. Менің биші қыздарымның орындауындағы «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар!

Әже: Рақмет, өркендерің өссін, өнерлерің өрге жүзсін, балапандар!

Барлық қатысушы балалар:

Ұлыс күні қазан болса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

Мұхтар Арнұр:

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарқаның мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Әумин!

Тәрбиеші: балалар, біз керемет тойдың куәсі болдық. Ал енді, барлығымыз осы үйдің қонақжай иелерімен, әжемен қоштасайық.

(Орнымызға отырамыз)

Тәрбиеші: Балалар біздің «Наурыз-көжеміз» дайын болыпты. Көжемізден дәм татсын деп, қонақтарымызға ұсынайық! Біздің атымыздан «Наурыз - көжемізді» қонақтарға тарту етсін деп, ортаға Жанеркенің әжесін шақырамын. (Әже ортаға шығып, «Наурыз-көже» құйып береді)

Тәрбиеші: - Неліктен Наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні деп айтамыз?

-Балалар, қазақтың салт-дәстүрлерінің қандай түрлерін білесіңдер?

-Біз бүгін қандай дәстүрлердің куәсі болдық?

-Сәбиді бесікке салғанда қандай жыр айтылады?

Бәрекелді! Керемет, өте алғыр және ақылдысыңдар! Белсене қатысқандарың үшін рақмет! Осымен біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Балалар: Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер жасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз -думан!" та?ырыбында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет

Автор: Галимова Акгуль Алипбаяновна

Дата: 29.03.2015

Номер свидетельства: 193166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства