Просмотр содержимого документа
«"Менің тұңғыш президентім" тәрбие сағаты»
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету.Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерін беру.Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт-дәстүрлерді білуіне,құрметтеуіне ықпал ету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері,Елбесының суреті.
Тәрбиеші: Қайырлы күн,сүйікті де,сүйкімді балалар! Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз-Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевқа арналады.Балалар,біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылына туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.