Просмотр содержимого документа
«Мені? т???ыш Президентім т?рбие са?аты »
Фурманов жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Менің Тұңғыш Президентім»
Өткізген: 8 «А» сынып жетекшісі Болганбаева Лаззат Муратбековна
.
2014-2015 оқу жылы.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Дәуренбек Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 22жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Гүлім «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Дәуренбек Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
(Гүлім) Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Менің тұңғыш Президентім » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын! Дәуренбек.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Гүлім Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді. Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов) Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. 1-оқушы: Ерсұлтан . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 2-оқушы: Мадина Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді
3-оқушы: Ердос
• 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. • 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Гүлім• 1960 – 1973 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді. • 1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. • 1973 – 1977 жылдары – Қарметкомбинаттың партком хатшысы • 1977 – 1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы. • 1979 – 1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. • 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дәуренбек 1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. • 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті • 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті. • 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды. • 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды. Гүлім 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады, “Элитстрой” компаниясын басқарады. Дәуренбек1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті. 1993 жылы қарашаның 15 – і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді. Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген 1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. 1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады 4-оқушы: Аружан.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 6-оқушы: Рахат.1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. 8-оқушы: Бақыткүл. Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. 9-оқушы: Ердос.Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі 10-оқушы:Зинаурайын1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден? 11-оқушы: Бейсенбек 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. Дәуренбек.«Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!” Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы.
Көрініс. Нұрсұлтанның тақпақ жаттауы .Әкесі мен баласы
ГүлімАстана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Дәуренбек. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. 14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады) Дәуренбек Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Гүлім Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! ДәуренбекТөле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Қорытынды: Мұғалім сөзі: Бүгін 1 желтоқсан алғашқы президент күнінде «Менің тұңғыш Президентім!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымызда елбасының өмір жолы баяндалды. Келешек ұрпақта осындай ел ағамыз жайлы елдің потриоты болсын деген мақсатта өтілді.Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір 1азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім! Мақсаты:а)Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту. ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Елбасы суреттері, әнұран, т.б. Әнұран орындау. -Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. I бастаушы: Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. 2 бастаушы: Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Ән: «Қазақстан »
Мадина Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды
. Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Ерсұлтан
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Аружан
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады
. Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
1 оқушы:Аружан Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Мұғалім: Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Рахат
Қазақ елі желбіреп көк байрағың Гүлге оранды ауылың мен аймағың Нұрсұлтаның биіктерге бастады Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Мадина
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы Дара шыңы қазақтың Дана басып тудың халық – алыптан Топырағы ол туған жердің киелі
Аружан
Тұратұғын болашақтың үні кеп Т артылар күй айтылатын жыры көп Ерекше бір еркіндиік, бауырлар Басшымыздың бүгін туған күні деп
Мадина:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар Қағылсын бір барабандар, дабылдар Елбасының туған күнін ардақтау Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Астанаға саяхат Гүлім: Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу Ұлт тағдырын ойлауымыз керек Ұлттық теңгеміз өз бабында Сағындық: Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ. Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын. Қорытынды: 1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер? 2. Басшы адам қандай болу керек? Интерактивті тақтамен жұмыс
Тұңғыш Президент. 1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Сабина: Қазақстан Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ердос: Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы. Шықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті
Дәуренбек: Оянады көңілден қайдағы арман, Бақыт желі ескендей жайлап алған. Президентім бар менің елі түгел, Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі Әңгімелесу. Мен Президент болсам не істер едім?
Балалар өздерінің ойларын айтады.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Сараптама
Бүгін 1 желтоқсан алғашқы президент күнінде «Менің тұңғыш Президентім!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымызда елбасының өмір жолы баяндалды. Келешек ұрпақта осындай ел ағамыз жайлы елдің потриоты болсын деген мақсатта өтілді.Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.