Просмотр содержимого документа
«"Менің ынтымақты отбасым " Құрастыру ұйымдастырылған ашық оқу қызметі»
№49 ЖОББМ
Исаева Данагул Темирхановна
Табылдиева Замзагуль Орынбаевна
“Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту”
Мақсаты:Бейнелеу өнерінде мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы белсенділігін арттыру, дәстүрлі емес тәсілдердің маңыздылығын ашу. Балабақшадағы үйірмелер жұмысының өзектілігін көрсету. Педагогтарды дәстүрлі емес бояудың сан алуандылығымен таныстыру.
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс -тәсілдері:
Өз қолымен сурет салу:
Штамп таңба басу арқылы сурет салу
Граттаж
Кляксография
Монотипия
Сумен сурет салу
Құмда сурет салу
Жіп графикасы және т.б.
Бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа алақанын малады (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояйды(5 жастан бастап), содан соң қағазға алақанын бастырады.Түрлі түске боялған оң және сол қолымен салады. Жұмыстан соң сүрткіштермен алақанын сүртеді, сосын алақандары оңай жуылады.
Кляксография әдісі
Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, сок трубочкасы, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).
Тәжірибелік жұмыс №1: “Ағаш бейнесін салу”.Оқушы мұғалімнің көрсетуімен ақ параққа бірнеше қоңыр бояудың тамшысын қыл қалам арқылы тамызады. Оны соктың трубочкасына үрлеу арқылы тамшыны үрлеп жан – жаққа жаяды. Үстінен қыл қаламмен жасыл бояу тамшыларын тамызып, оны да үрлеп жаяды. Мақта таяқшамен жапырақтарды әдемілеп жағу арқылы дөңгелектейді.
Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, үшберек.
Тәжірибелік жұмыс №2: Ақ қағаздың үстіне қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Үрлеу арқылы бояу тамшыларын жан – жаққа жаяды. Соңынан ақ парақта пайда болған суретті қарайды. Бұл не? От шашу ма? Әлде өрмек тоқыған өрмекші ме?
1.2 Монотипия әдісі
Керекті құрал - жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқша (палочки с ватным тампоном).
Тәжірибелік жұмыс №1: “Гүл суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы кезекпен тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда гүлдің суреті пайда болады.
Тәжірибелік жұмыс №2: “Көбелек суретін салу”. Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жағына қарындашпен көбелектің нобайына келтіріп суретін салып, қызыл, сары, жасыл, көк акварель бояуларын қылқалам арқылы тамызады. Оны мақта таяқша арқылы жайып жағады. Соңынан парақтың бүктеуін біріктіреді. Үстінен қолымен бастырып, алақанмен жүргізеді. Ақ парақты қайта ашқанда көбелектің суреті пайда болады. Мақта таяқшаны алып, бояуға малып алып көбелектің көздерін, мұртшаларын, қанаттарындағы өрнектерді, көзшелерді салып суретті аяқтайды.
Керекті құрал - жабдықтар: Бояу, қылқалам, ақ қағаз.
Тәжірибелік жұмыс №3: Ақ парақты ортасынан бүктеп алады. Ақ парақтың бір жақ бөлігіне орта тұсына таман қылқаламмен әртүрлі ашық түсті бояуларды тамызады. Парақтың бүктеуін біріктіріп, үстінен алақанымен бастырып жүргізеді. Парақтың бүктеуін ашып қарайық: Неткен әдемі, бұл не? Әдемі көбелек пе? Қоңыз ба? Ертегі гүлдері ме? Кейбір суреттерді өздігімен аяқтауға жағдай жасалады.
1.3 Бояуды, тіс пастасын жағу арқылы сурет салу
Керекті құрал - жабдықтар: Акварель краскасы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, тіс пастасы.
Тәжірибелік жұмыс №1: “Қысқы табиғатты салу”. Ақ қағазға қара және қоңыр бояуларды пайдалана отырып, қылқаламмен ағаштың суретін салады. Келесіде ағаштың бұтақтарының үстіне тіс пастасын жағу арқылы ағашқа қонған қардың суретін салады. Жағу әдісі арқылы тіс пастасын қысып, жағып отырып жерде жатқан қарды, ақ қағаздың әр жеріне жапалақтап жауған қарды бейнелейді.
Керекті құрал - жабдықтар: Гуашь бояуы, қылқалам, үлкен ақ парақ, үшберек, жұмсақ губка.
Тәжірибелік жұмыс №2: Жұмсақ губканы бояуға малып алып, ақ парақтың дәл ортасына губканы қатты қысып сығу арқылы бояу тамшысын түсіреді. Балалар сол бояу тамшысын қылқаламмен, жұмсақ губкамен жайып жағу арқылы суретті аяқтайды. Мысалы: сары бояуды қылқаламмен дөңгелете жағу арқылы күннің суретін салуға болады.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№49 ЖОББМ
Әдістемелік тақырып:
“Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту”