Просмотр содержимого документа
«"Менің Қазақстаным- менің болашағым"»
Ересек тобы. Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы , Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд
Қанатты сөз:
Туған жер – алтын бесік.
Отансыз адам - ормансыз бұл-бұл .
Ертеңгілік барысы: Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
- Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың тұнғыш президенті – Н. Ә. Назарбаев.
Балалардың жаттаған «Қазақстан жалауы»деген өлең жолдары тыңдалады.
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалықтаған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі де білерсің.
Есте белгі ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла қыранда,
Алтын түске қапталған.
Сол жағында матаның,
Сары түсті жолақ бар.
Мұратындай атамның,
Әсем өрнек ол ұлттық!
Балалармен әңгіме жүргізіліп, «Біздің елтаңба» деген тақпақ айтылады.
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай белгі емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар -күннің сәулесі.
Сүйсіндірер өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы.
Жоғарыға түсер көз,
Бес бармақты жұлдызға,
«Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл-қызға.
Мағыналы, сымбатты,
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол-еліміз!
СЕРГІТУ СӘТІ: Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!
-Ата –бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихи емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
- деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал, біз, қазақ халқы, нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.
Бала : Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
(Ата мен немересі шығып кетеді.)
Отан - әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –Отан.
Отан дейміз от жаққан жерімізді. Мақсұт
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен. Варвара
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ Астананы. Алина
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отанымның төрінде, Алижан
Сарыарқаның өрінде,
Отан-жерім, отан-суым, Айзере
Отан қуат нәр береді.
Отан-ұран, отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Бүлдіршіндердің орындауында ән «Біз бақытты баламыз».
1.Біз бақытты баламыз
Тату тәтті арамыз
Таңмен бірге оянып
Бақшамызға барамыз
Қайырмасы: Балабақша, балабақша
Тәрбиенің бұлағы
Балабақша, балабақша
Мейірімнің шуағы
2. Бақшамызда ойнаймыз
Қызығына тоймаймыз
Жақсы бала атанып
Ізгілікке бойлаймыз
Қайырмасы:
Бүгінгі Қазақстан –әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік шаттығы, Тәуелсіздік қуанышы, Тәуелсіздік тойы баянды болсын. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет .