kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күз мерекесінің ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Күз мерекесінің ертеңгілігі" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күз мерекесінің ертеңгілігі»

Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге залға кіреді.

Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табу керексіңдер.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл болады

Түссе сары болады,

Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Жүргізуші: Дұрыс таптыңдар, жарайсындар! Ендеше балалар қазір барлығымыз сол жапырақтар биін билейміз.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар енді ақырындап орындарымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады. Жүргізуші қонақтарға қарап ары қарай жалғастырады.)

Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекемізге біреу жетіспейтін сияқты. Кім жетіспейтінін сендер білесіңдер ме?

Балалар: Алтын күз жетіспейді

Жүргізуші: ендеше ортаға Алтын күзді шақырайық. Ол үшін біз оған арнап ән айтуымыз керек.

Ән: «Күз,күз кел, кел!»

Музыкамен күз кіреді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам!

Армысыздар, құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне, Алтын күз!

Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.


Тақпақтар:

Камила:

Күзім-ау, күзім-ау,

Міңезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенін қызық-ау!

Самал:

Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Бекжан:

Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді.

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратын бізбенен.

Дария:

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Нұрай:

Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Жүргізуші: Күз енді біздің балаларымыздың сізге арнаған әнін тыңдаңыз!

Ән: «Күз келгенде»

Жүргізуші: Алтын күз сізге біздің балаларымздың өнері ұнады ма?

Күз: Әрине ұнады. Кане балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Жүргізуші:

Күзде жаңбыр жауады,

Тереземді тырс-тырс етіп,

Күзде, күзде жапырақтар,

Желмен бірге ұшады.

Залға музыкамен Жаңбыр кіреді.

Жаңбыр: Сендер мен туралы айтып жатсыңдар ма? Мен сендерге жетуге асықтым. Жаз бойы бау-бақшаны суардым қатты шаршадым.

Жүргізуші: Жаңбыр бізсізді көргенімізге өте қуаныштымыз.

Жаңбыр: Мен сендерге жай келген жоқпын, жаз бойы суарған көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар алып келдім.

1. Жазда інге тығылып

Жатқан сарғылт түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

2. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады (пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұнға да,

Айналар нанға да. (бидай)

Жүргізуші: Жарайсың, Жаңбыр! Сенсіз тірі жанға тіршілік жоқ. Енді өзіңнің құрметіне балалардың әнін тыңдап, билерін тамашалап көріңіз.

Ән: «Жаңбыр»

Би: «Қолшатыр биі» қыздар. (Самал, Камила, Дария, Сабина, Нұрай, Айша.)

Жаңбыр: Балалар мен сендермен біраз дем алып қалдым. Шаршағаным басылды. Бірақ менің кетуім керек. Қыс түскенше жер ананы суару керекпін. Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Кірпінің дыбысы шығады.

Жүргізуші: Балалар ненің дыбысы шығып жатқан?

Фыр-фыр етіп кірпі залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе кірпі сен қайдан келе жатсын? Неге көңіл-күйін жоқ?

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен орманнан келе жатырмын. Орманжа жинаған саңырауқұлақтарымды жоғалтып алдым.

Жүргізуші: Кірпі, сен сәл дем алып отыра тұр, ал біздің балалар саған қазір саңырауқұлақтарды тауып береді. Оған дейін сен балалардың тақпақтары мен билерін тамашала.

Тақпақтар:

Гүлсезім:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Сабина:

О, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Айдана:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.



Расул:

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Нұржан:

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашықболсын аспаның.

Ерали:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Алихан:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

София:

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

Даяна:

Жайдары күз, жарқын күз.

Аяулы күз, алтын күз,

Дәнге толы кең далам.

Дариядай шалқар күз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар енді кезекті биге берейік.

Би: «Саңырауқұлақтар» Ерали, Бекжан, Нұржан, Расул, Алихан.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Міне кірпі осы саңырауқұлақтарды алуына болады.

Кірпі: Рахмет балалар, мен дем алып та алдым, және саңырауқұлақтарымды да тауып бердіңдер. Енді сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау бол!

Күз: Маған да кету керек себебі басқа да балалар мені күтіп жатқан шығар. Менің сендерге сыйлығым бар. Оны апайларына берейін, топқа барғасын апайларын өздеріне береді. Ал енде қош сау болыңдар балалар! Сендерге көп рахмет.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен біздің мерекеміз аяқталды. Аз да болса көп көріп уақыттарыңызды бөліп келгендерініз үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Күз мерекесінің ертеңгілігі

Автор: Нугманова Ботагоз Тулеухановна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443839

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Досты? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(17) "dostykmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "291345"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455105435"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "тіл мерекесіне арнал?ан ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(43) "til-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "136403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417100995"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ертеңгілік "Тіл мерекесі""
    ["seo_title"] => string(23) "ertengilik_til_merekesi"
    ["file_id"] => string(6) "484787"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541866707"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Алтын к?зге арнал?ан ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(38) "altyn-kuzghie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "286404"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454336750"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Күннің шуақтары. 8-наурыз мерекесінің ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(58) "kunnin_shuak_tary_8_nauryz_mieriekiesinin_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "364585"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480586180"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства