Тақырыбы: « Күз ханшайымы» ертеңгілік 1
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар балалар! Сәлеметсіздер ме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Балалардың орындауында тамаша бір ән «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар
Көрініс:Күз ханшайымы кіреді.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы!
Күз ханшайым:Сәлеметсіздер ме, балалар
Жүргізуші:Неге көңіл-күйің жоқ?
Күз ханшайымы:Менің бақшамдағы көкөніс-жемістерімді басып, қиратып кетіпті.Енді менің қыс мезгіліне ешқандай дайындығым жоқ.
Қарға:Қарқ-қарқ,балалар сендер Күз ханшайымын көрдіңдер ме?
Іңкар:Қарға ол міне сіздің алдыңызда тұр.
Қарға:Күз ханшайымы мен ұшып бара жатып, сенің бақшаңды қиратып жатқан аюды көрдім.Бақшаны қиратпа деп едім, ол мені тыңдағысы да келмеді.
Күз ханшайымы:Е,е міне аю екен ғой бақшамды қиратқан.
Жүргізуші: Күз ханшайымы көңіл-күйіңді түсірме, бүгін бізде мереке емес пе балалардың мерекеге дайындап келген тақпақтары, әндері бар соны тыңдап көңіл-күйіңді көтер.
Тақпақтарымен ортаға:
Данара: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Али: Аспанды сұрғылт бұлт, 2
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Чингиз: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Рамазан : Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Айнара: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Мөлдір: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
Іңкар: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратың бізбенен
Келесі бір тамаша әнге берейік «Жау, жау жаңбыр» әні
(Ашулы дауыспен ұйқысы келген аю келеді)
Аю:Мында недеген айғай-шу, мені ұйықтатпай қойдыңдар ғой. Мазамды алдыңдар тіпті, кәне музыка әуенін өшіріңдер.
Жүргізуші:Аю мырза сіз неге ашуланасыз, бізде алтын күз мерекесі, барлығымыз күз мейрамын тойлап жатырмыз.
Аю:Ешқандай мерекенің керегі жоқ.Мен ұйықтаймын.
Күз ханшайымы:Аю мырза сен неге менің бақшамды қиратып кеттің? Сенің кесіріңнен мен қыс мезгіліне дайын емеспін.
Жүргізуші:Күз ханшайымы ренжіме, көңіл-күйіңді көтеруге біздің балалар саған көмектесе алады.
Қыздардың орындауында « Алтын күз » биін тамашалайық
Аю:Мен айттым ғой, маған тыныштық керек.
Айнара: Аю мырза ұйқыңызды ашыңыз, Сіз қыс мезгіліне дайындалғыңыз келмей ме?
Аю: Жоқ
3
Айнара: Жоқ деп айтуға болмайды. Барлық адамдар, жануарлар қыс мезгіліне дайындалады.Сен де бізбен қосылып, қыс мезгіліне дайындал.
Жүргізуші: Аю сен ойын ойнағанды жақсы көресің бе?
Аю:А, ойнап көрейін.
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Жүргізуші: Балалар Күз ханшайымның көңіл-күйін көрету үшін көкөністерді сыйлайық, ал аюға жемістерді сыйлайық.
Аю:Рахмет. Күз ханшайымы сен ренжі ме, мен өз қатемді түсіндім,бақшаңды қиратқаным үшін мына жемістерді саған табыс етем.
Күз ханшайымы: Рахмет саған аю.Енді осындай қателіктерді жаса ма.
Қарға: Достар балалардың өнерлерін тамашалайықшы
Жүргізуші:Балалар Аю өз қатесін түсініп, Күз ханшайымы енді ренжімейтін болды.Ендеше Күз ханшайымы, Аю, Қарға мерекенің қонағы болып балалардың өнерлерін тамашалаңыздар
Би: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар
Ән: келесі бір тамаша ән «Күзде»
Жүргізуші: Күз ханшайымы,Аю, Қарға сендерге балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады.
Аю:Күз ханшайымы мына алмаларды саған берем сен балаларңа табыс ет.(Күз ханшайымы алмаларды таратады)
Қоштасады: Ал енді менің орманға баратын уақытым болды.
Жүргізуші: Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!