kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?з- мереке, к?з береке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды? к?з мезгілі туралы ал?ан білімдерін тияна?тау, к?з ерекшеліктерін, к?з сыйын ??ындыра отырып, балалар?а мерекелік к??іл-к?й сыйлау.
К?рнекіліктер: Залды? іші к?з мерекесіне сай безендірілген. К?з ж?рме?кесі,  я?ни - жемістер мен к?к?ністер салын?ан себеттер.

Т?рбиеші:

 ??рметті ата-аналар, балалар, ?стаздар  «Алтын к?з» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!

?уандырып біздерді,
Мерекелі к?з келді.
Кел жемісті алтын к?з
Кемелденсін хал?ымыз.
?н:  «Біз ?мірді? г?ліміз».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?з- мереке, к?з береке»

Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Күз жәрмеңкесі, яғни - жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз».

Шегіртке кіреді.

Шегіртке: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мында неге жиналып отырсыңдар? Сендердің ән салған дауыстарыңды естіп келдім. Менде ән салғанды, би билегенді жақсы көремін. Осылайша көңілімді әрдайым көтеріп жүремін.(Құмырсқа өтіп бара жатады)

Шегіртке: Әй, құмырсқа не істеп жүрсің? Мына балалар ән салып, көңіл көтеріп отыр екен. Кел бізбен ән салып, би биле.

Құмырсқа:Ау, шегіртке сенің мұның не? Жаз бітіп, күз келгенін білмедің бе? Қысқы азығыңды дайындамайсың ба? Менің сендермен ән салып, би билейтін уақытым жоқ. Қысқы азығымды дайындап жүрмін.

Шегіртке:Құмырсқа достым, мында сенің де достарың, менің де достарым отыр. Қане ортаға биге шақырайық.

Би: «Көбелек» биі (Аяулым, Айым, Алина, Нұрлы, Жансая)

Тәрбиеші: Құмырсқа сен қандай еңбекқорсың. Біздің балалар да еңбекқор, білімді. Қазір еңбек туралы мақал-мәтелдерін айтып береді.





Мақал-мәтел:

1. Жаңбырменен жер көгерер,

Еңбекпенен ел көгерер


2. Еңбек түбі – зейнет


3. Еңбек – барлығын жеңбек


4. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей


Құмырсқа: Балалар сендерге көп рахмет. Мен енді қысқы азығымды дайындайын. Ал, шегіртке сен ойлан. Сау болыңдар балалар.


Шегіртке: Кете бер, кете бер. Менің әлі балалар көңілімді көтереді.


Тәрбиеші: Шегіртке сен білесің бе? Күз мезгілінде неше ай барын?


Шегіртке: Ол не нәрсе, оны ойлайтын да уақытым жоқ.


Тәрбиеші: Ендеше оны біздің балалар айтып берсін.

Балалар:Қыркүйек, қазан, қараша айлары

Тәрбиеші:Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме ол кім?

Балалар: Алтын күз.

Тәрбиеші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне алтын күз.

Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме балалар !

Балалар:Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Алтын күз : Береке бақ дарыған,

          Жомарт көңіл жарқын жаз.

         Сары алтынға малынған,

Алтын күздеген мен болам.

       Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Алтын күз:Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықсажасыл

                      Түссе–сары. Бұл не?

Балалар:Жапырақ.

Алтын күз:Дұрыстаптындар, жарайсындар!

Тәрбиеші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.  Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

1. Қанатбек

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
2. Айым
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
3. Е.Темірлан
Күншуаққа маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
4. Алиша
Әй алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.

5. С. Темирлан
Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.


6. Ә. Малика

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз


Алтын күз:Ой жарайсыңдар балалар, ал енді күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?


Балалар: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз – жылдың берекелі мезгілі.


Шегіртке: Ой, балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Сендердің тақпақтарыңды естіп ойланып қалдым. Секіріп, ән салып жүре бермей қысқы азығымды дайындайын. Сау болыңдар балалар. Рахмет сендерге. Көңілімді көтердіңдер. Құмырсқаны қуып жетіп алайын.


«Көкөністер дауы» көрініс

Тәрбиеші:

Өнім биыл тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Сәбіз, картоп, кәдеш пен,

Қып-қызыл піскен қызанақ.

Қырыққабатқа қарашы,

Көкөністер бір кезде

Жиыла қалып дауласты.


Көкөністер:

Жиналып қалып бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз.


Тәрбиеші: (Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты)

Бұршақ: Нұрдаулет

Кішкене түймедеймін мен,

Ұяламын мен бәрінен

Дәмді тағамдарыммен,

Сый жасаймын бәріңе!


Тәрбиеші: Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кетті


Қызылша: Жансая

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Менде бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегретте үстелде.


Қырыққабат: Бекарыс

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.


Сәбіз: Дарын

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күлгенде.


Қызанақ: Аяулым

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен – қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Қияр: Ч. Әли

Көптен ерте шымырлап,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым – қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.


Картоп: Мансұр

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.


Қауын: Айша

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Пияз: Амирлан

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Айболит: Бексұлтан

Бос айтысты қояйық

Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер бәріде,

Денсаулыққа пайдалы.

Сондықтанда бірге жүріңдер,

Оларды жақсы көріңдер.


Ойын: «Жеміс пе, әлде көкөніс пе?»

Алтын күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Би:и«Қолшатыр»биі(Азиза, Алиша, Айя, Айым, Малика)


Тәрбиеші: Балалар көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.


Анар: Әділ

Қабығы қалың анармын,

Мөлт-мөлт еткен моншақты

Есіңе жиі саламын


Жүзім: Нұрлы

Іші толған шәрбат,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден үзіп,

Оның аты – жүзім.


Өрік: Ерасыл

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты – өрік.


Шабдалы: Алина

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі,

Оның аты – шабдалы.


Шие: Ермахан

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты – шие.


Құлпынай: К. Малика

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты – құлпынай.


Алма: Әлішер

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмін,

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.


Ән: Бал-балалық



Алтын күз: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Күздің кереметінен (жемістерден, көкөністерден) әр түрлі бұйымдар әзірлеп әкеліпсіңдер. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер.

Тәрбиеші: «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін, әр отбасына амандық тілейміз.










































«№ 45 бейімделген орта мектеп» КММ













Ертеңгілік

«Алтын күз!»












Тәрбиеші: Ултанбаева Г.С.





Өскемен қаласы, 2013ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
К?з- мереке, к?з береке

Автор: Ултанбаева Гульнур Сайранхановна

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273415

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "К?з- береке,к?з-мереке "
    ["seo_title"] => string(27) "kuz-bieriekie-kuz-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "179667"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425049479"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Бірлік - түбі береке!"
    ["seo_title"] => string(21) "birlik_tubi_bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "460990"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520404301"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "К?з мереке к?з береке"
    ["seo_title"] => string(29) "kuz-mieriekie-kuz-bieriekie-3"
    ["file_id"] => string(6) "254808"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447827853"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "??тты болсын н?р?а толы мереке, ?рбір ?йде т?ра?тасын береке"
    ["seo_title"] => string(71) "k-u-tty-bolsyn-nu-rg-a-toly-mieriekie-rbir-uidie-tu-rak-tasyn-bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "313528"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459499831"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!""
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-mieriekiem-nauryz-bieriekiem"
    ["file_id"] => string(6) "323006"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461739950"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства