kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күн мен бұлт қонаққа келеді" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Күн мен бұлт қонаққа келеді" ІІ-ші кіші топтарына арналған ертеңгілік сценарииі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күн мен бұлт қонаққа келеді" ертеңгілік»

«Күн бұлтпен қонаққа келеді». 
2-кіші тобына арналған ертеңгіліктің сценариі.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).

Жүргізуші: 
Береке бақ дарыған, 
Жомарт көңіл, жарқын жүз. 
Сары алтынға малынған, 
Жетті міне, алтын күз! 
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама 
түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? 
Балалар: Күз мейрамы!

Даяна

Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Бүгін қуаныш - мереке,

Бәріміз мәз болайық!

Байманова Малика
Алтын, сары, қызы, көк, 
Алуан – алуан жапырақ. 
Күзгі бақта күлімдеп, 
Көз тартады атырап.

Асылжан
Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көп егін. 
Бұл күндері киіпті 
Сары жібек көйлегін.

Арқат 
Ой,балалар,балалар, 
Ел егінін орыпты 
Қамбалары толыпты.

Али

Алақай – алақай

Шаттанды балақай.

Береке - салты күз.

Мереке - алтын күз!

Санжар

Мерекелі күз келді

Береклі түзде енді

Құстар қайтып,

Түн қатты.

Бақытжан Малика

Берексін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.



Ән: «Күз» 
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп шығар. 
(жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт: 
Күзгі көк бұлт мен болам 
Көтеріліп теңізден, 
Аспанға биік барамын 
Қаласам қазір сендерге 
Жаңбыр болып жауамын. 
(Балаларға жаңбыр шашады).

Жүргізуші: 
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, 
Дабылыңды соқпай тұр. 
Саяғынды түгендеп, 
Үйіріңді соқпай тұр! 
– Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.

Ән: «Жаңбыр»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ!

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?

Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! 
(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуғы шакырады)

Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.

Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»

Жүргізуші балалармен: 
Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр! 
Жаңбыр келіп жауады 
Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).

Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.

Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). 
Күн келеді.

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?

Балалар: Иә!

Күн: 
Мен жарқырап төбеде 
Нұрын төгіп тұрамын. 
Шуақ шашып бәріне 
Бала жанын ұғамын.

Бұлт: 
Күн, күн, тоқтай тұр! 
Сөзімен менің құлақ тұр. 
Ішім толы суға, 
Сусыз өмір бола ма? 
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн: Жоқ, мен мықтымын! 
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық. Қолымызға қуыршақтарды алып билесек, күз бізді байқап, өзіңде келіп қалар.

Би: «Қуыршақтармен» 
Күз келеді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Ырысқа толы қоймалар, 
Сабан тойы тойланар. 
Берекелі күз болам, 
Байлыққа мұртың майланар. 
– Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.

Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» 
(Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)

Күз: 
Жарайсыңдар, балалар! 
Күн мен Бұлт тату болса 
Бәрі де көңілді. 

Жүргізуші: 
Күн менен су бар жерде 
Бау – бақшада гүлденер. 
Қанеки ортаға көкөністер мен жемістерді шақырайық

Айдана (пияз)

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Мақсат (картоп)

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Айжан (алмұрт)

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың

Жазира (жүзім)

Мен жүзіммін жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Азиза (өрік)

Мен өрікпін, өқрікпін

Аузындамын бар жұрттың.

Бибісара (Алма)

Мен алмамын, алмамын,

Таңдайда қалар бар дәмім.

Би «Тыңшылар билейді» (ұлдар)

Ән: «Біз көңілді қуыршақпыз» (қыздар)

(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).

Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?

Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!

Күн: Олар тәтті алмаларға мен алмұрттарға айналып кетіпті.

(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді)

Күз: Ендеше ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар!

Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. 
Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. 
Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ – дәулет 
Арта түссін тойланып. 
Сау болайық бәріміз, 
Келгенше күз айналып!

(Балалар ән ырғағымен залдан шығады)

«Қостанай қаласының әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің № 13 бөбекжай – бақшасы» МКҚК











«Күн бұлтпен қонаққа келеді» 

2-кіші тобына арналған

ертеңгіліктің сценарийі.






Тәрбиешілер: Торина С.А.

Исмаилова А.Т.














Қостанай 2016жыл.




.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күн мен бұлт қонаққа келеді" ертеңгілік

Автор: Торина Самал Аблайкановна

Дата: 10.11.2016

Номер свидетельства: 357264

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "«Күн бұлтпен қонаққа келеді»."
    ["seo_title"] => string(33) "kun_bu_ltpien_k_onak_k_a_kieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "417400"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495381482"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Армысы?, Жа?а жыл!" ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(36) "armysyn-zhan-a-zhyl-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "149903"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420366105"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Наурыз – жыл басы» ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(31) "nauryz_zhyl_basy_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "406726"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491353577"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫНДА  ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУ"
    ["seo_title"] => string(69) "k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-oiyn-eliemienttierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "294263"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455628341"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Мерекелік ертеңгілік "Ақшақар достарын күтеді!"
    ["seo_title"] => string(55) "mieriekielik_iertien_ghilik_ak_shak_ar_dostaryn_kutiedi"
    ["file_id"] => string(6) "417035"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495210638"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства