kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош келдің - Наурыз" мерекелік ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

наурыз мейрамы туралы мағұлмат беру, салт-дәстүрлер туралы айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің - Наурыз" мерекелік ертеңгілік»

«Әз-Наурыз құтты болсын!»

Мақсаты: Қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлтжандылық сезімдерін ояту. Ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Киіз үйде дастархан басында әже және немересі отырады. Залға атпен шауып бала кіреді.

(Күй ақырын ойнап тұрады)

Асан:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімеген естіңіздер!

Тыңдамаған тыңдаңыздар!

Ауылда той басталды!

Әже: Қане Наурыз тойында немерелерімізді шашу шашып қарсы алмаймыз ба (шашу шашады)

Залда әсем әуен ойнап тұрады. Балалар билеп кіреді.

Тәрбиеші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңіз құтты болсын!

Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді)

Наурыз қыз:

Мен Наурыз қызбын

Қыздарымда қасымда

Ұлыс күнге жетті міне асыға

Келген жылым жақсылыққа басташы

Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы

Тәрбиеші:

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамың!

Би билейік бәріміз!

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз- Наурыз!

Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.

Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.

Наурыз- бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз- көктем мерекесі.

Ендеше «Наурыз » туралы ән шырқайық!

Ән: «Алақай Наурыз!»

Тәрбиеші: Ой балалар, жарайсыңдар, бәрекелді!

Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл ұлттық ойындар. Наурыз мейрамында жастар түрлі ойындар ойнап отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық,суық пен жылының күресін жырлаған мереке.

Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын, Алдармын)

Әндетіп жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде мереке болып жатыр ма?

Тәрбиеші: Иә, Алдар көңіл-күйің жақсы екен, амансың ба?

Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.

Ия, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін.

Тәрбиеші: ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамын құтты болсын!

Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі ханталапай ойынын ойнауға бір дорба асықтар ала келдім.

Ойын «Ханталапай»

Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел дастархан басына төрлет.

Алдар: Рахмет (дастархан басына отырады)

Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз

Бимен оны қостаймыз

Би: «Қара жорға»

Наурыз қыз: Наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен.

Тәрбиеші: Ия , наурыз көже ең дәмді,әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі

Наурыз қыз:Ендеше мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын. Сау болыңыздар! – деп шығып кетеді.

Тәрбиеші: Біздің қыздар Наурыз мерекесіне арнап ән айтқылары келіп отырекен.

Ән: «Топ-топ балақан»

Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу ресіміне кезек берейік.

Әже:Бұл-бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.

-Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.

-Баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.

- шырпыны жағып отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)

Алас-алас,алас,

Бар пәледен алас.

Барлық пәле желмен кетсін,

Ағынды сумен кетсін.

Алас-алас,алас.

Енді тыштырма рәсімін жасайық.

Тышты, тышты, тышты ма?

Балалар хормен: Тышты, тышты

Әже: конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады.

Бөбегім ұйықтап дем алсын

Қуанып оянсын !

Енді баланы бесікке салайық.

Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.

Тәй-тәй басып бөпешім, жүргенің қандай

Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай

Аспандағы ай күнді, аламын дейсің

Асқар таудай айбынды, боламын дейсің

Әлди-әлди, ақ бөпем

Сендей сәби жоқ көкем

Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен

Әлди-әлди, ақ еркем

Бой жетерсің сен ертең

Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем.

Би «Қамажай »

Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Қош келдің - Наурыз" мерекелік ертеңгілік

Автор: Шангереева Ақтолқын Есенгалиевна

Дата: 02.04.2019

Номер свидетельства: 505741

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(18) "koshkieldinznauryz"
    ["file_id"] => string(6) "295104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455783293"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?ош келді?, ??тты наурызым! "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-kieldin-k-u-tty-nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "214076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432208340"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "“Қош келдің, құтты Наурызым!»"
    ["seo_title"] => string(30) "k_osh_kieldin_k_u_tty_nauryzym"
    ["file_id"] => string(6) "358500"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479048547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ""Қош келдің, әз -Наурыз" (ертеңгілік)"
    ["seo_title"] => string(37) "k_osh_kieldin_z_nauryz_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "465364"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1523095359"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?ош  келді?, Наурыз!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-1"
    ["file_id"] => string(6) "206813"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430284833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства