Просмотр содержимого документа
«Кел Жаңа жыл Жаңа жыл»
«Төрлет төрлет жаңа жыл »атты ертеңгілігі
Мақсаты:Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту.Эстетикалық талғамын жетілдіру.Ертегілерге деген қызығушылығын ояту.Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру.Тез,шапшаң қимыл-қозғалысын тәрбиелеу.
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.
Көңілді музыкамен залға балалар билеп кіреді.
Көңілді музыкамен залға үш бала билеп кіреді.
1- бала: Нұраман
Уа,халайық жараңдар!
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп,шат болып
Шаттық күліп тараңдар
2-бала:Самира
+1Уа,халайық құрметті
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
3-бала:Әкімхан
Уа,халайық той бүгін
Бақыт,шаттық мол бүгін
Қарсы алайық,Қой жылың
Ұзатып сап Жылқыны
Тәрбиеші:Сәлеметсіздерме,Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар!Біз сіздерді Жаңа 2015жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда,жаңа табыс,бақыт тілейміз!Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Алғыс сөз:
Ән: «Шырша жыры»
Қәне балалар бүгінгі ертеңгілімізге сонау Диснейден келген қонағымызды қарсы алайық.
(есектің музыкасы)
Есек шығады шыршаны бір айналып шығады
(Мысықтың өлеңі ойналады.)
Мысық шығып шыршаны айналады.
(Шректің музыкасы)
Шрек шыршаны айналады.
Есек: Ой қандай керемет,әдемі!
Мысық: Есек түрші мені мен оянайын
Есек:Сен ұйықтап жатқан жоқсың,бұл сенің түсің емес.
Шрек: (Өте таңқалып) Мәссаған,есек біз қайда келдік? (Жан жағына қарайды)
Есек:Түсінсем бұйырмасын,Мысық бұл қандай жер?Қайдан келген балалар? (Таң қалады)
Тәрбиеші:Ал мында сендер сонау жақтан калай жеттіңдер?
Барлығы: Білмейміз!
Шрек:Біз өзі қандай жерге келдік,неге сонша көп әп-әдемі балалар жүр?
Тәрбиеші:Қәне балалар мына ертегілер әлемінен келген қонақтарымызбен амандасайық.
Қонақтар:Амандасады.
Тақпақтар:
1) Мирас
Қараңыз мынау шыршаға
Неткен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
Балалар да көңілді
Би билеп жүр ән салып
Жаңа жыл,жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып
2) Арайлым
Әкелсін жыл ырыс –құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша
3) Ислам
Келді міне жаңа жыл
Қарсы алайық,бәріміз
Күліп,ойнап,би билеп
Ән салайық бәріміз
4) Мәди
Ақ қыс келіп сән құрды
Тау,далаға жараса
Әйнектердің сан түрлі
Әшекейі тамаша
Жасыл шырша төрдегі
Дейді «бәрін көр мені!»
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
5) Жангүлім
Той,мереке,салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
Жеке ән:«Балбөбек» байқауының 3 орын иегері Искалиева Айшанын орындауындағы «Қуыршақтар» әні
Есек:Міне,керемет демек біз жаңа жыл шыршасына келіппіз ғой!Достар оңда көңілденіп бізбен бірге бір би билеп жіберейікші!(Би биленеді Барлық кейіпкерлер көңілді тұрады, )(Биге музыка қажет)
Тәрбиеші:Ал биді күшті билейді екенсіңдер,тағы да қандай өнерлерің бар?
Өнер деген бізде жетеді!Мысалы ойын ойнай аламыз! (Ойын ойнатады)
Қажетті атрибуттар екі сыпырғыш,екі шелек,екі қағаздан жасалған қар,Қатысушылар екі командаға бөлініп,әр команда бір бірлеп шелектен екінші шелекке сыпырғышқа отырып қар толтыру қажет,ойын эстафета түрінде өтеді,барлық қарды қай команда бірінші толтырып тасып бітірсе жеңімпаз атанады.
Шрек: Осындай Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақар келеді деген сияқты едіңдер?Олар қашан келеді?
Тәрбиеші: Оныңыз дұрыс,бірақта олар тез жету үшін барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарымызды шақырайық!
Сиқыршы фея:Сиқыр жасасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам?
Есек:Апа сіз Ақшақарға ұқсамайсыз!
Сиқыршы Фея:Неге ұқсамаймын,балалар айтыңдаршы мен нағыз ақшақар емеспін бе?
Балалар:Жоқ
Сиқыршы Фея:Неге жоқ!Онда кіммін мен?
Шрек:Мынау Фионаны сиқырлаған Фея,қайда менің Фионам(жағасынан алады.)
Фея:Ия дәл өзі
Балалар(хормен) Сиқыршы Фея!!!!!!!!!!!!!!!!
Сиқыршы фея:Сиқыр жасамасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам?Қап,танып қойдыңдарма? Ия мен Феямын,дұрыс айтасыңдар,отырып,отырып ішім пысты,құлағымды сендер жаққа түріп едім көңілді музыка ойнап тұр екен,содан шыдамай сендерге келдім.
Шрек:Қайда менің Фионам (жағасынан алады) қайда қамап қойдың,тауып бер.
Сиқыршы Фея: Менің шартымды орындасаңдар мен Фионаны сиқырлы сарайдан босатамын.
Сиқырлы Фея:Ха-ха-ха (қарқылдап күліп),мен мына ұл-қыздардың өнерін тамашалағым келіп тұр.
Тәрбиеші:Ал жақсы орындайық.Ал өнерлі балаларым келіңдер Жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Би: «Восточный»
Тақпақтар:
Темирлан
1)Папа елку украшает
Мама папе помагает
Я стараюсь не мешать
Помогаю помогать
2) Айтан
Новый год,новый год
Скоро новый год
Мы о нем,мы о нем
Песенку с поем
Новый год,новый год
Скоро новый год
Дед мороз,дед мороз
В гости к нам придет
Дед Мороз,Дед мороз
Дедушка мороз
Покажи,покажи
Что ты нам принес?
3) М.Данияр
Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз
Ерсаят
Скоро,скоро Новый год!
Скоро Дед мороз придет
За плечами елочка
Пушистые иголочки
Он подарки нам разносит
И стихи читать нас просит
5) Айжамал
Біз балдырған баламыз
Жаңа жылды қарсы аламыз
Көйлек киіп әдемі
Әдемі сырға тағамыз
Ән: «Балбөбек» байқауының 1 орын игереі Мұхит Айымнның орындауында «Қасиетті домбыра»
Би: «Мадагасқар» кейіркерлер бірге билеуге болады.
Шрек:Балалардың өнерін тамашалап жатырсың,Сиқырды Фея енді уәдеңді орында менің Фионамды босат.
Сиқырлы Фея: Мәә,Шрек,Есек,Мысық менің айтқаныма сеніп қалдыңдарма, мен өтірікші екенімді ұмыттыңдарма?
Мен босатпаймын Фионаны (айқайлап) босатпаймын Фионаны Ханзада Артур менің ұлыма алып беремін!
Шрек:( ашуланып) Сиқыршы фея сен не деп тұрсың,сенің қазір есіңді таңдырамын.
Тәрбиеші:Тоқтатыңдар!Шрек,Мысық,Есек бұл жаңа жыл ғой!Бізге Аяз ата көмек бере алады.Ол сиқырлы таяқшасымен Феяны жөнге салады.Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді,олармен бірге ескі жыл жылқыда кіреді.
Тәрбиеші:Балалар мен қонақтар бәрі тамаша,бірақта жылқы жылын шығарып салып,Қой жылын қарсы алайық
О,халайық,жараңдар
Қилы-қилы заман бар
Жылан жылы әне жылыстап
Кетіп барады қараңдар
О.халайық,халайық
(Жылқы музыкасы ойналады)
Құрметті достар!Бізге жақсылықтарынмен толы болған Жылқы жылын шығарып салайық.
Жылан:Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер,Қазақстан!
Келесі жыл бастауын Қойға беремін.
(Қойға арналған музыка) (Сахнаға қой шығады.)
Қой жылы: Бекнұр
Бә-бә-бә мен қоймын
Көк шөпке тойдым
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым
Айтыңдаршы қандаймын
Аппақ болған маңдаймын
Жыл басына ылайық
Жарқырап тұр маңдайым
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата:Ал айналайын Жаңа жыл,келген қадамына нұр бітсін!Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып –қақ.Жақсы жыл бол,дария нұр бол,Жаңа жыл!
Ән: Бекнұрдың орындауында «Жаса Қазақстан!»
Аяз атамен Ақшақар,мультфильмнен келген кейіпкерлерге алғыстарын білдіріп барлығымен қоштасады.