kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кел, Жа?а жыл, жа?а жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел, Жа?ажыл, жа?ажыл!

Ж?ргізуші:Уа, халайы?, жара?дар,

Айнала?а?ара?дар.

?ызы?к?ріпшатболып,

Шал?ыпк?ліп, тара?дар.

Уа, халайы???рметті,

К?мейімежыркепт?р.

Жа?ажылды?арсыалып, 

?ткізейікд?рмектідеп.

?ысты??ніншыр?ау?аша?ырамын.

(ШыршаныайналаШырша?ніорындалады. ?норындалыпбіткенненкейінертегілер?лемінебастайтын саз ойналады да к?тпегенжерден?ара шайтан ж?гіріпшы?ады.)

Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,

К?рінбейтінсайтанмын.

?нап?ал?анжандарды,?зімменалып?айтармын.

Ж?ргізуші:Ой мынаукім? ??дайса?тасын, т?рі?андайжаманеді. Аула?-аула?, с?німіздіб?зба!

Шайтан: Б?зба?т?гілі, б?замын. ?азірміне, сендерді? жар?ырап жанып т?р?ан шыршалары?ды с?ндірем ж?несендерді?ж?ргізуші ?ыздары?ызды даалыпкетіп, еш?андаймереке?ткіздірмеймін. Мерекеболмайды!?йткені менжолдакележат?анАязата менА?ша?арды  алдап?амап?ойдым.Ха-ха-ха.

Ж?ргізуші:?тірік айтасы? шайтан.

Шайтан:Не ма?ан сенбейсі?дерме?

Ж?ргізуші: И? біз са?ан сенбейміз ?йткені сен ?тірікшісі? ?ой.

Шайтан: Сенбесе? мында ?ара.

Ж?ргізуші: Б?л не?

Шайтан:Б?л мені? ?йалы телефоным. Мен онда  аяз атамен а?ша?арды алдап ?амап ?ой?анымды т?сіріп ал?анмын. Мен білдім сендерді? ма?ан сенбейтіндері?ді.

Ж?ргізуші: Та?ыда сен бізге ?тірік айтып т?рсы?.

Шайтан:Бітті мені? шыдамым таусылды. Сенбесе?дер мен сендерге ?азір ?йалы телефоныма т?сіріп ал?ан фильмды к?рсетемін, экран?а ?ара?дар!

Ж?ргізуші: Балалар шынында да шайтан бізге ?тірік айтпаты. Бізді? аяз ата мен а?ша ?арымызды ?амап ?ойыпты.

Шайтан: Не енді сенді?дер ме?

Ж?ргізуші: И? енді сендік.

Шайтан:Ха-ха-ха

Ж?ргізуші: То?та, шайтан. Аны?тап ?арап к?рсем ?ор?ынышты сені? т?гіндежо? екен, сен сондай ?демісі?, сені? к?лкі?де ?те ?демі екен! Сондай ?ап-?арасы?. Мені ?кетпей-а? ?ойса? ?айтеді. Сен мені ?кетпеу ?шін балалар не істеуі керек?

Шайтан: ма?ан бір к??ілді ?н салып, би билеп берсе?дер, онда ойланып к?рермін.

Ж?ргізуші: - ?ой, балалар, олай болса шайтеке?ні? к??ілін табу?а тырысып к?релік.

Шайтан: Билері? ?нады. Біра? та б?рібір мерекелері?ді б?з?ым келіп т?р?аны-ай. ?ткіздірмеймін дедім, ?ткіздірмеймін.

Ж?ргізуші: То?тай т?р шайтан, келісіп к?рсек ?айтеді. Бізді? балалар са?ан біраз ж?мба? жасырсын. Егер сен шешімін таппаса? бізге б?гет болмай?з жолы?мен ж?ре бер. Ал мерекемізді жал?астырамыз.

Шайтан: Мен шешпейтін ж?мба? жо?. Айта бері?дер, жасыра бері?дер, б?рін шешіп  аламын.

(?р сыныптан екі баладан ж?мба? жасырады.)

Ж?ргізуші:?ане балалар, мені шайтан алып кетпесін десе?дер, ?иын ж?мба?тар жасыру?а тырысы?дар.

(ж?мба?тар айтып бол?ан со? шайтан ая? астынан шы??ырып)

Шайтан: Ойбай, анау келе жат?ан Алдар ?ой. Ты?а к?рі?дер балалар, ??т?ара к?рі?дер мені.

Алдарк?се: Мен Алдармын, Алдармын!

                  Айыртау?а дабар?анмын,

К?кшеге дебар?анмын. 

А?Ш?а да бар?анмын,

Жапон?а да бар?анмын.

Шаршан?ырап ?ал?ан со?,

Шайтан?а мініп ал?анмын.

Алдар к?се:Ассалаума?алейкум, балалар! Мені? шайтанымды к?рмеді?дер ме?Айыртауды? базарына кіріп шы??анымша шайтаным ?ашып кетіпті.

Балалар: К?рдік!

Алдар к?се:?й мынау мені? шайтаным ?ой жары?ты?.(балаларды? артында ж?гіріп ?ашып ж?рген шайтанды ?олына шылбыр салып ?стап алады.)

Шайтан:Балаларды? алдына ант етейін! Енді сенен ?ашпаймын, босатшы мені, Алдар!босата к?р, алдареке!

Алдар к?се:Шайтанны? с?зіне сенеміз бе, балалар?

Балалар: Жо?.

Шайтан:Сене к?рі?дер балалар, сене к?рі?дер.

Ж?ргізуші: Жа?а жылды жа?сылы??а ырымдайы? балалар.Шайтан екеш, шайтанда той ?она?ы саналар, к?ре жатармыз ар жа?ын, босатса? болар Алдарым.

Алдар к?се:  ?з к?н??ді ?теу ?шін мына жиыл?ан балалар?а бір ?ызы?ты ойын ?ткізнемесе бір би биле. Егер балар?а ?наса мен сені босатамын.

Шайтан: Жарайды?азір мен балалармен ж?не келген ?она?тар бірге бір би билеп берейін. ?анеб?ріміз бірге бір би билейік. ?тінемін к?мектесі?дерші.

Ж?ргізуші: ?уанба?ан б?л к?ні, ойнамапты к?лмепті,

Уа, халайы?, той б?гін Ба?ыт, шатты? мол б?гін.

Таусылмайды б?л тойды?, 

Д?бірімен д?рмегі.

Келе жатыр ?некей,

Т?рт т?лікті? пірлері.

Ж?ргізуші: Міне ендеше балалар, ?р т?лікті? пірлері.Тойды? жайын білгелі, ?здері?ді к?ргелі,Баталарын бергелі келіп т?р.

4 пірді? с?здері:

?амбар ата: (С?лтан)

Мен бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін.

??кей ала ш?бардан,

Жал-??йры?ы ш?бал?ан.

?у?ындар?а жеткізбей,

?аш?андарды ?ойма?ан,

?амбар ата баласы жыл?ы бассын жері?ді.(?умин)

Шопан ата:(Н?рс?лтан)

                   Ша?аладай ??рты бар,

Аппа? ?ардай с?ті бар.

Ай м?йізі ша?па?тай,

Ш?йделері то?па?тай,

Тегене ??йры? май бас?ан.

Малды берсе? ?ойды бер,

Шопан ата баласы ?ойлар бассын жері?ді.(?умин)

Зе?гі баба:(?лішер)

Дауысы бар азандай,

Желіні бар ?азандай.

М?йізі бар жылтылда?, 

Т?я?ы бар сыртылда?.

Зе?гі баба баласы сиыр бассын ?йі?ді.(?умин)

Ойсыл ?ара:(Жал?ас)

?ора?а сыймас т?йе бер,

                   Т?йе берсе? ?йе бер.

 К?зі жары? ж?лдыздай,

 Мойны иір ?обыздай.

??йры?ы ?зын ?амшыдай,

Шудасы м?лдір тамшыдай.

Азу тісі ?аладай,екі ?ркеші баладай,

Ойсыл ?ара баласы, т?йе бассын ?йі?ді.(?умин)

Ж?ргізуші: Баталары?ыз?а рахмет аталар. Бізді? ?атарымыз?а ?осылып кешімізді? сыйлы ?она?ы болулар?ы?ызды с?раймыз.

                     А? киімді денелі а? са?алды,

                     Тондырады ?асында?ы тірі жанды.

                     ?сті-басы  - а? ?ырау, демі суы?,

                      Жетіп те ?ал?ан шы?ар ертіп алып А?ша?арды.

-  Балалар, б?лкім туралы айтыл?ан деп ойлайсы?дар.

Балалар: Аяз ата А?ша?ар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кел, Жа?а жыл, жа?а жыл! »

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болып,

Шалқып күліп, тараңдар.

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып, 

Өткізейік дүрмекті деп.

Қыстың әнін шырқауға шақырамын.

(Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)

Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,

Көрінбейтін сайтанмын.

Ұнап қалған жандарды,өзіммен алып қайтармын.

Жүргізуші: Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!

Шайтан: Бұзбақ түгілі, бұзамын. Қазір міне, сендердің жарқырап жанып тұрған шыршаларыңды сөндірем және сендердің жүргізуші қыздарыңызды да алып кетіп, ешқандай мереке өткіздірмеймін. Мереке болмайды! Өйткені мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды  алдап қамап қойдым. Ха-ха-ха ....

Жүргізуші: Өтірік айтасың шайтан.

Шайтан: Не маған сенбейсіңдер ме?

Жүргізуші: Иә біз саған сенбейміз өйткені сен өтірікшісің ғой.

Шайтан: Сенбесең мында қара.

Жүргізуші: Бұл не?

Шайтан: Бұл менің ұйалы телефоным. Мен онда аяз ата мен ақшақарды алдап қамап қойғанымды түсіріп алғанмын. Мен білдім сендердің маған сенбейтіндеріңді.

Жүргізуші: Тағыда сен бізге өтірік айтып тұрсың.

Шайтан: Бітті менің шыдамым таусылды. Сенбесеңдер мен сендерге қазір ұйалы телефоныма түсіріп алған фильмды көрсетемін, экранға қараңдар!

Жүргізуші: Балалар шынында да шайтан бізге өтірік айтпаты. Біздің аяз ата мен ақша қарымызды қамап қойыпты.

Шайтан: Не енді сендіңдер ме?

Жүргізуші: Иә енді сендік.

Шайтан: Ха-ха-ха

Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ екен, сен сондай әдемісің, сенің күлкіңде өте әдемі екен! Сондай қап-қарасың. Мені әкетпей-ақ қойсаң қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?

Шайтан: маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.

Жүргізуші: - Қой, балалар, олай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып көрелік.

Шайтан: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай. Өткіздірмеймін дедім, өткіздірмеймін.

Жүргізуші: Тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз  жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастырамыз.

Шайтан: Мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп  аламын.

(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)

Жүргізуші: Қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар жасыруға тырысыңдар.

(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып)

Шайтан: Ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені.

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!

      Айыртауға да барғанмын,

Көкшеге де барғанмын. 

АҚШ қа да барғанмын,

Жапонға да барғанмын.

Шаршанқырап қалған соң,

Шайтанға мініп алғанмын.

Алдар көсе: Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме?Айыртаудың базарына кіріп шыққанымша шайтаным қашып кетіпті.

Балалар: Көрдік!

Алдар көсе: Өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық. (балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды қолына шылбыр салып ұстап алады.)

Шайтан: Балалардың алдына ант етейін! Енді сенен қашпаймын, босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!

Алдар көсе: Шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?

Балалар: Жоқ.

Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.

Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар. Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар, көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.

Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.

Шайтан: Жарайды қазір мен балалармен және келген қонақтар бірге бір би билеп берейін. Қане бәріміз бірге бір би билейік. Өтінемін көмектесіңдерші.

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты күлмепті,

Уа, халайық, той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін.

Таусылмайды бұл тойдың, 

Дүбірімен дүрмегі.

Келе жатыр әнекей,

Төрт түліктің пірлері.

Жүргізуші: Міне ендеше балалар, әр түліктің пірлері.Тойдың жайын білгелі, өздеріңді көргелі, Баталарын бергелі келіп тұр.

4 пірдің сөздері:

Қамбар ата: (Сұлтан)

Мен бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін.

Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған.

Қуғындарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған,

Қамбар ата баласы жылқы бассын жеріңді. (әумин)

Шопан ата: (Нұрсұлтан)

Шағаладай құрты бар,

Аппақ қардай сүті бар.

Ай мүйізі шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық май басқан.

Малды берсең қойды бер,

Шопан ата баласы қойлар бассын жеріңді. (әумин)

Зеңгі баба: (Әлішер)

Дауысы бар азандай,

Желіні бар қазандай.

Мүйізі бар жылтылдақ, 

Тұяғы бар сыртылдақ.

Зеңгі баба баласы сиыр бассын үйіңді. (әумин)

Ойсыл қара: (Жалғас)

Қораға сыймас түйе бер,

  Түйе берсең үйе бер.

 Көзі жарық жұлдыздай,

 Мойны иір қобыздай.

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы мөлдір тамшыдай.

Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,

Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді. (әумин)

Жүргізуші: Баталарыңызға рахмет аталар. Біздің қатарымызға қосылып кешіміздің сыйлы қонағы болуларғыңызды сұраймыз.

                     Ақ киімді денелі ақ сақалды,

                     Тондырады қасындағы тірі жанды.

                     Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,

                      Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.

-  Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар.

Балалар: Аяз ата Ақшақар

Жүргізуші: Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Шайтан: Мен оларды тез барып оларды босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!

Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық. Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.

Балалар: Аяз ата Ақшақар , Аяз ата Ақшақар

Почтальен: Мен Аяз атамен Ақшақардан электронды хат әкелдім.

Жүргізуші: Ендеше балалар кәне аяз ата мен ақшақардың жіберген хатын көрейік.

Жүргізуші: Балалар біз аяз ата мен ақшақардың келе жатқанын көрдік. Кәнекей тағы қаттырақ айқалайық, олар бізді табалмай жүрген шығар.

Балалар: Аяз ата Ақшақар , Аяз ата Ақшақар

Аяз ата: Ассалаумағалейкум, амансың ба ұлдарым,

Амансыңдар ма қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің.

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым.

Шыршамызға асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Ақшақар: Армысыздар, оқушылар, ата-аналар,ұстаздар

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен  қуаныштымыз.

Аяз ата: Қарашы қызым, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Балалар неге шыршаның шамы жағылмаған.

Жүргізуші: Ата жырша жамы жарқырап жанып тұрған. Шайтан келіп біздің шыршамыздың шамын сөндіріп кетті.

Аяз ата: Олай болса кәне шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Балаларым көмектесіңдер мен өзім жалғыз шайтанның сөндірген шырша шамын жағалмаймын. Бәріміз «Қуант бізді таңырқат» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

Жүргізуші: Ал ата қызыңыз екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. 

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. жылқы жылын шығарып салайық.

Жылқы жылы (Ержан) (ескі жыл)

Сау болыңдар, балалар,

Келешегі халқымның.

Ашық болсын аспаның

Аман болсын жас - кәрің.

Жаңа жылым бақытты,

Аманат қып барамын

Балалардың бір жылғы

Сауық - думан кештерін.

Барлығы: Қош бол, жылқы жылы, Қош бол!

Жүргізуші:

Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл.

Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.

Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.

Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

Қой (Аққу) (жаңа жыл): Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – момындығым.

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Қой (Аққу) (жаңа жыл): Айтқаныңызды орындаймын, атажан!

Жүргізуші: Ал халайық біз ескі жылымызды шығарып салып, жаңа жылымызды қарсы алдық. Ендеше ата қызыңыз екеуіңіздің шаршағыңызды басуға және көрермендердің көңілін көтеруге арнап біздің балалар сіздерге дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.

Аяз ата: Ой бәрекелді қызым кел баларымның маған дайындығын сый-сияпатын бірге көріп демалайық!

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын.

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане, достар, күлкімен орта толсын.

Көрініс қоятын 8-сынып оқушылары.

Жүргізуші: Жаңа жылды бастайық ән мен жырмен,

Қой жылын ашайық шашу бимен.

Олай болса кезекті биге беріп,

Қошеметпен шақырайық бишілерді.

Цыган биі билейтін 5-6 сынып оқушылары

Жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарықпасын.

Аяз ата бүгінгі келген күндей

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізге өзінің жылы лебізін білдіруге мектебіміздің басшысы Хасенова Ермек Тлеубайқызын ортаға шақырамыз.

Аяз ата: Қызым менің Борлық негізгі мектебінде еңбек етіп жүрген ұстаздарға және мектеп оқушыларына арналған азын аулақ сыйлығым бар соны өзің табыс етші, мен өзім табыс етейін десем ішіндегі жазуларға көзім көзім жетпей тұр. Көзілдірігімді әлгі өтірікші шайтан алдап алып қойған.

Аяз ата: Балаларым менің қызымның балаларға арналған бір ойыны бар еді. Сол ойынды ойнауға рұқсат беріңіздер.

Ақшақар: маған ойынға қатысуға 4 адам керек. Тез шыға қойыңыздар! Әйтпесе мен өзім алып шығамын. Бізің ойнайтын ойынымыз «Шырша» деп аталады.

«Шырша» ойыны. Мен қандай сұрақ қойсам да, сіздер «шырша» деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзіме күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар өз айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтады, би билейді. Сонымен сұраққа көшеміз.

1. Атың кім?

2. Нешедесің?

3. Сынып жетекшің бар ма?

4. Қасыңдағы мұғалімің кім?

5. Қай мектепте оқисың?

6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?

7. Досың кім?

8. Сабақта үлгерімің қандай?

9. Тұратын қалаңның аты қандай?

10. Аяғыңа не киесің?

Жүргізуші:Мың бұралған ақ қайыңдай,

Қыздар шықсын ортаға.

Ал, ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қосыла.
Би современный билейтін 5-6-7 сынып оқушылары

Жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,

Аспаның ашық болсын ала бұлтың.

Мұржаң қисық болса да, ағайындар

Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

Пародия қаятын 8-сынып оқушылары

Жүргізуші: Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл біздерге.

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл – дей отыра, ата - аналар арасынан 3 ата

- ананы ортаға шақырып, ойын ойнаймыз.

Ойын «Кел, би билейік» (орындықпен би) деп аталады.

Ойын шарты мынадай: Ортаға шығып, әр ұлттың биін ырғағына сай етіп билеу керек. Музыка әуені тоқтағанша билеу керек. Музыка сөнген кезде столға отырып үлгеруіміз керек. Ойынға Аяз ата төрелік етеді.

Жүргізуші: Рахмет, сіздерге көп - көп. Жеңімпазымызды құттықтаймыз.

Қуаныш пен шатыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік – дей келе, ендігі кезекті

Өзбек биі билейтін 5-6-7 сынып оқушылары

Жүргізуші: Шалқытайық, шаттық әнге салайық.

Ұстаздар мен ата-ана жарасты,

Балқыта бір билеп-билеп алайық.

Барлығымыз ортаға шығамыз.

Жүргізуші:Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Көрініс қоятын 7- сынып оқушылары      

Жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға

Аталы сөз-баталы сөз.

Асқар тауда асыл көп, аталы сөзде ақыл көп,- демекші, сөз кезегін ата-аналарға бермекпіз.

Жүргізуші:Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,

Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.

Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,

Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.

Көрініс қоятын 5-6 сынып оқушылары


Жүргізуші: Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп - ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Кім көп тақпақ біледі,

Атаның сыйлығын сол алады.

Жүргізуші:Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,

Ғасырдың он бесінші жылы келді,

Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!

Би современный билейтін 7 сынып оқушылары

Жүргізуші:Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !

Көрініс қоятын 8-сынып оқушылары

Жүргізуші:Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.

Би современный билейтін 5-6 сынып оқушылары

Жүргізуші: Шалқытайық, шаттық әнге салайық.

Ұстаздар мен ата-ана жарасты,

Балқыта бір билеп-билеп алайық.

Барлығымыз ортаға шығамыз.

Жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Мына отырған барша жан бәрімізге

Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,

Құт –береке боп келгейсің еліме!
Көрініс қоятын 5-6 сынып оқушылары

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп, көріністеріңмен аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар

Ақшақар: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.

Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр.

Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Ал 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.

Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін беркелі, мерекелі жыл болсын. Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.

Барлығы: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
















































Ойсыл қара: Қораға сыймас түйе бер,

  Түйе берсең үйе бер.

 Көзі жарық жұлдыздай,

 Мойны иір қобыздай.

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы мөлдір тамшыдай.

Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,

Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді. (әумин)




















































Жылқы жылы (ескі жыл)

Сау болыңдар, балалар,

Келешегі халқымның.

Ашық болсын аспаның

Аман болсын жас - кәрің.

Жаңа жылым бақытты,

Аманат қып барамын

Балалардың бір жылғы

Сауық - думан кештерін.


Қой (жаңа жыл): Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – момындығым.

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.




Ойсыл қара: Қотанға сыймас түйе бер,

  Түйе берсең үйе бер.

 Көзі жарық жұлдыздай,

 Мойны иір қобыздай.

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы мөлдір тамшыдай.

Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,

Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді. (әумин)



Сексек ата: Сойса бұлақтай,

                     Сауса сүті бұлақтай.

                     Қойды көсем бастайтын,

                     Өткелден қорқып саспайтын.

                     Қарағай мүйіз серкені,

                     Шүйде, жаны, желкені.

                     Ешкім дегендей осындай – Сексек ата баласы,

 Ешкі бассын жеріңді. (әумин)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кел, Жа?а жыл, жа?а жыл!

Автор: Акентаев Муратбек Ашимович

Дата: 24.04.2015

Номер свидетельства: 205488

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Жыл?ы жылы "
    ["seo_title"] => string(13) "zhylk-y-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "151411"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420705978"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ерте?гілік "Жыл?ы жылы" "
    ["seo_title"] => string(28) "iertien-ghilik-zhylk-y-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "151422"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420706505"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ерте?гілік   "Жыл?ы жылы" "
    ["seo_title"] => string(30) "iertien-ghilik-zhylk-y-zhyly-1"
    ["file_id"] => string(6) "151427"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420706847"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "внеклассный урок "Жыл?ы жылы" "
    ["seo_title"] => string(31) "vnieklassnyi-urok-zhylk-y-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "151434"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420707097"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства