kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кел жа?а жыл, жа?а жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел жа?а жыл, жа?а жыл

Залды? ортасында?ы жасыл шырша алуан т?рлі ойыншы?тармен ?сем безендірілген. Орта??ы топты?  балалары музыка ?уенімен ?ол ?стасып зал?а келеді. Шыршаны айналып ж?ріп ?н айтады.

Ж?ргізуші: ??рметті Ата-аналар, балалар, бала-ба?ша ?жымы. Сіздерді Жа?а Жыл мерекесімен ??тты?таймыз. Жа?а жыл! Жа?а к?н! Жа?а ?мір! Жа?а жыл ?рбір ша?ыра??а ??т береке, ырыс алып келсін!  ?р?ашан той болсын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кел жа?а жыл, жа?а жыл»

Жаңа жылдық мереке!

Залдың ортасындағы жасыл шырша алуан түрлі ойыншықтармен әсем безендірілген. Ортаңғы топтың балалары музыка әуенімен қол

ұстасып залға келеді. Шыршаны айналып жүріп ән айтады.

Жүргізуші: Құрметті Ата-аналар, балалар, бала-бақша ұжымы. Сіздерді Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс алып келсін! Әрқашан той болсын.

Айару: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Мұхаммедәли: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз жылда бір.

Жарқын жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.


Медина: Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.


Жүргізуші: Жаңа жыл таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, қандай әсем көрікті шырша. Әдемі моншақтарын тағып алып, сіздерді күтуде. Қане көрікті шыршамызға арналған әнімізді айтайық.

Ән: Шыршаға бардық!

Жүргізуші: Әй, мынау ненің құйрығы?-деп қолымен тартады. (Шыршаның атынан біреудің құйрығы көрінеді.) Бір кезде тышқан шығады.

Жүргізуші: А-а,тышқан, сен екенсің ғой, білдім-білдім сен мына сандықты тесіп, ішіне кіргің келіп жүр ғой,солай ма?

Тышқан: Ия, кірейін деп едім, бірақ тісім өтпеді. Иісі мұрынды жарып барады.

Жүргізуші: Онда сыйлықтар бар, бірақ ол жабық, кілті де көрінбейді, мүмкін Аяз Атада болар.

(Тышқан достарын шақырып, сандықты шыршаға жақындатып қояды.)

Жүргізуші: Сандықта хат қыстырылып тұр ғой. Сандық ашылу үшін өлең, таппақ айтып, би билеу керек,- деп жазылған екен, балалар.


Ольга: Тілеймін мен бар адамға

Дос көп болсын жаңа жыл

Папа мама, папа мама

Құтты болсын жаңа жыл


Санета: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін қуыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Тілеген: Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады-қатады

Жып жылтыр боп жатады

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы ән

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын ақша қар.

(Түлкі кіреді)

Түлкі: Бұл не айқай, а, қане кетіңдер бұл жерден,- деп тышқанды қуады. Бірақ ұстай алмайды.

Тышқан: Ия, саған, армандамай-ақ қой, біздің жылымыз алда ғой, кетсең өзің кет. Сандықты біз бірінші таптық.

Түлкі: - Мысық досым маған көмектес, мұнда кел. (Досым-деп, мысықты шақырады.)

Қолында таяғы бар мысық: Не болды досым, сені кім ренжітіп жатқан?

Түлкі: Міне мыналар...

Мысық: Досым-ау, сен оларға мән берме, оданда мен не тауып алғанымды қара-деп, кілтті көрсетеді.

Тышқан: Бұл сандықтың кілті шығар, - деп тышқан жұлып алып қашады. Түлкі мен мысық қуады.

Жүргізуші: Тоқтаңдар, сендерге не болған, бүгін мереке ғой, қош келдіңдер біздің мерекеге, Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алыңдар.

(Түлкі мен мысық мерекемен құттықтайды.)

Түлкі: Армысыңдар, бармысыңдар ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.

Мысық: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

Би: «Аңдар биі»

Жүргізуші: Енді кілтті маған беріңдерші, сандықты ашып көрейін.

Мысық: Кешіріңіз, біз жаңа тышқанды қуып жүргенде сандықтың кілтін жоғалтып алдық.

Жүргізуші: Қалай сонда? Енді сандықты қалай ашамыз? Аяз атаға не деп жауап береміз?

Мысық: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық. Мүмкін Аяз ата сандықты аша алатын шығар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!

Аяз Ата: Келе жатырмын, келе жатырмын,- деп есіктің артынан айқайлап Аяз Атамен Ақшақар кіреді.

– Ау, амансыңба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау Желмен жарысқан,

Аталарың сендерге шаршап келді алыстан.

Жүргізуші: Біздің мерекемізге қош келіпсіз, Аяз Ата!

Аяз Ата: Ақшақар, мұнда не болып жатыр? Балалар көңілсіз ғой?

Жүргізуші: Иә, балалар, көңілсіз. Өйткені біздің сандығымыз ашылмай жатыр. Бізге сіздің көмегіңіз керек, Аяз Ата.

Ақшақар: Аяз Ата, біз дер кезінде келген сияқтымыз.

Жүргізуші: Аяз Ата, сіз біздің балаларымызға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде. Ақшақар, мына сандықтың кілті қайда?

(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Мысық: Ақшақар, біз жаңа тышқанмен бір кілтке таласып жүріп сол кілтті жоғалтып алдық. Мүмкін сол сандықтың кілті болар?

Ақшақар: Йә, ол менің кілтім ғой жоғалтып алған. Мысық, оны сендер қайда жоғалттыңдар?

Мысық: Біз орманда жүгіріп жүріп жоғалтып алдық.

Аяз Ата: Қамықпаңдар, балалар. Егер сендер маған өлең, тақпақ айтып, би билеп берсеңдер мен сендерге сандықты ашып беремін. Менің шанам сиқырлы. Егер сандықты сол шананың жанына қойсаң өзі ақ ашылып кетеді.

( Мысық, тышқан сандықты шананың қасына көтеріп алып шығып кетеді.)

Жүргізуші: Олай болса, Аяз ата, бірге балалардың тақпақтарын тыңдайық.


Айдана: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.


Аружан: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той - масқара басталды

Аяз Ата оны басқарды


Мадина: Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды бір тойлап

Шаттанамыз бәрімі


Малика: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді

Ән: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата?!

Жүргізуші: Аяз Ата, біздің шыршамыздың шамы әлі жанған жоқ. Шыршамыздың шамын қалай жағуға болады?

Аяз Ата: Қане, балалар, орнымыздан тұрайық шырша шамын жағайық.

Жүргізуші: Қане, балалар, бәріміз бірге, Қуант, бізді таңырқат, Шыршамызды жарқырат, деп айтайық. (3 рет).

Жүргізуші: О-о, балалар, біздің шыршамыз жанды! Енді шыршамызға кім тақпақтар айтып береді?

Мариям: Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Тимур: Шыршамыз шыршамыз,

Көңілдіміз баршамыз.

Ән салуға би билеуге,

Біз дайынбыз бәріміз.

Қуаныш: Тауда туып тауда өскен

Шырша келді ортаға,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз!



Айтуар: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.


Ән: Шырша жыры! (Мұхаммедәли, Мадина, Тілеген, Риза)

Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар! Сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер, мен барып сандықты ашып сендерге сыйлық алып келейн. (Аяз ата шығып кетеді)

Түлкі: Мысық, сен менің жалғыз досымсың, бірақ мен көп досым болғанын қалаймын.

Мысық: Мен де, достарым көп болғанын қалаймын. (Мысық пен түлкі, балаларды өздеріне шақырады.)

Ойын: Қасықпен қар тасу ойыны.

Би: Қар қыздары.

(Әннен кейін мысық пен түлкі қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші: Ах, не болды. Бұл кім?

Ішке мыстан кемпір кіреді.

Жүргізуші: Кешіріңіз, сіз кімсіз? Мұнда қалай келдіңіз?

Мыстан: Мен бе? Мен мыстанмын. Менде шақыру қағаз бар.

Жүргізуші: Шақыру қағазын алып оқып . Иә бұл туған күнге арналған шақырту қағазы ғой. Мұны сізге түлкінің берген шақыру екен. Бұл жерде ешқандай түлкі жоқ. Бұл Жаңа жыл кеші.

Мыстан: ( Хатты жұлып алады ) Бұл жаңа жыл кеші болса Мен ақшақар боламын. (Осы кезде түлкі жан-жағына алақтап кіріп келеді).

Түлкі мыстанға. Сәлеметсізбе құдағи?

Мыстан: Сәлеметсіз бе, көгершінім.

(Мыстан мен түлкі шырша шамын өшіріп тастауға келіседі.)

Жүргізуші: Бұл жерге түлкі жетпей тұр еді. Түлкі, сен қайдан жүрсің?

Түлкі: Мен досым көп болғанын қалаймын, өзіме достар іздеп жүрмін.

(Түлкі сөйлеп жатқан кезде мыстан барып шырша шамын өшіріп тастайды.)

Жүргізуші: Балалар, шырша шамы өшіп қалыпты ғой? Қане, кім көрді? Кім өшірді?

Балалар: Білмейміз.

Жүргізуші: Ақшақар, шырша шамы өшіп қалды, енді не істейміз? Аяз ата қашан келеді?

Ақшақар: Балалар, мен Аяз атаны шақырып келейн.

(Ақшақар шығып кетеді)

(Түлкімен мыстан кемпір құшақтасып келіп жүргізушіден өтініш сұрайды)

Мыстан, түлкі: Өтінеміз бізде бұл тойды тамашалайықшы.

Жүргізуші: Балалар біздің мерекемізді тамашалауға келген қонақтарға тақпақ айтып би билеп берейік . Себебі қазір бізде мереке ғой балалар.

Тамила: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдық,
Бір жасқа енді.


Арина: Жаңа Жыл, Жаңа Жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, Жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

Би "Балалар биі".

Жүргізуші: Көрдіңбе, Мыстан, біздің балаларымыз қандай өнерлі?!

Мыстан: Тыныш, аузыңды жап, бәрің тыныш, отырыңдар. Қайда әлгі сандық, тез-тез тауып алып кетейік, әйтпесе үлгермейміз.

Түлкі: Не болды таптың ба?

Мыстан: Жоқ, таба алмай тұрмыз. Мына жерде тұрған сандық қайда? Қане, кім біледі, тез айтыңдар? (Балалаларға қарап айтады.) Ана шал келгенше сандықтың ішіндегі сыйлықтарды алып қою керек, әйтпесе балаларға таратып қояды. (Түлкіге қарап айтады.)

(Аяз Ата мен Ақшақар кіреді).

Аяз Ата: Қызым-ау, бұл не, тас қараңғы ғой? Балалар қайда, мерекеміз қайда? Түсінбей тұрмын.

Ақшақар: Осында болатын, жаңа ғана ән айтып, би билегенбіз.

Аяз Ата: Ұнамайды маған. Есік жабық, балалар көрінбейді, шырша жанбаған.

Ақшақар: Мен қазір жұлдыздарды жағайын. Ата, мұнда қараңыз, балалар қорқып қалған, шыршаны жағыңыз, балалар көңілденсін.

Аяз Ата: Қазыр, қазыр, «1,2,3 шырша шамы, жарқыра!»

(Шырша шамдары жарқырап жанады. Сол кезде шыршаның артынан мыстан мен түлкі шығады.)

Мыстан мен Түлкі: Біз өте қорқыныштымыз, мұнда ешқандайда мереке болмайды, бізге сыйлықтарды бер.

Аяз Ата: Маған енді түсінікті болды. Есікті сендер екенғой жауып кеткен. Балаларды да қорқытып қойыпсыңдар.

Мыстан: Аяз ата, Ақшақар, балалар, бізді кешіріңіздер! Біз енді олай жасамаймыз. Балалар, сендермен бірге Жаңа жылды тойласақ қарсы емессіңдер ме?

Аяз ата: Әрине болады.

Жүргізуші: Аяз Ата, мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Ойын: «Кім бірінші ойыншықты алады!»

Жүргізуші: Кезекті тақпақтарға берейік.


Иманғали: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тамылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған


Сұлтан: Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша жанында,

Барлық достар жиналды.

Қане балақай, байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,


Үлгерді ме санашы.

Риза: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл

Құттықтаймыз сіздерді


Диляра: Бұл шшрша шырша

Қуаныш жалпыға

Сүйікті шырша

Жарқыра жарқыра.


Алина: Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап.

Жаңа жылда барамыз,

Шаттанайық кел ойнап.


Арсен: Өлеңде әзір, ән әзір,

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Ән: «Келді, Жаңа жыл!» (Айару)

Аяз ата: Кел, Жаңа жыл біздерге

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

(Осы кезде Маймыл сыйлықтармен бірге машинамен кіріп келеді.)

Маймыл: Балаларды, мыстан мен қонақтарды Жаңа жылдарымен құттықтайды.

Аяз Ата: Ақшақар, қызым, балалардың сыйлықтарын үлестірейік. (Сандықты ашып сыйлықтарды үлестіреді.)

Ақшақар: Ия, әрине, Ата!

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар. (Қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, балалар! 2016-ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!!


  • 29.12.2015жыл


11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кел жа?а жыл, жа?а жыл

Автор: Каратокова Жаннур Мукышкызы

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312300

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?, Жа?а жыл!!!"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl4"
    ["file_id"] => string(6) "290381"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454947978"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Жыл?ы жылы "
    ["seo_title"] => string(13) "zhylk-y-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "151411"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420705978"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ерте?гілік "Жыл?ы жылы" "
    ["seo_title"] => string(28) "iertien-ghilik-zhylk-y-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "151422"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420706505"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ерте?гілік   "Жыл?ы жылы" "
    ["seo_title"] => string(30) "iertien-ghilik-zhylk-y-zhyly-1"
    ["file_id"] => string(6) "151427"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420706847"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства