Просмотр содержимого документа
«Кел шырқайық, бәріміз!»
«Кел шырқайық бәріміз» байқауы
«Жасқыран», «Ақбота», «Күншуақ», «Балапан» топтары қатысады.
1Таныстыру:
2Өз өнерлерін көрсету:
3 Ән айту:
4 Сурет салу
5 Балаларын еркелетіп жақсы тілек айту:
Көңілді әуенмен Ата-аналар балаларын алып қол ұстасып ортаға шықты.
1Жасқыран тобынан Үмбетқали Жаннұр
2Жасқыран тобынан Бақытжан Бекжан
3Ақбота тобынан Өрлен Айәсел
4Ақбота тобынан Нұрлан Мақсат
5Күншуақ топта Нұрсай Арман
6 Күншуақ топта Мақсот Инаббат
7 Балапан топта Саламат Гүлім
8 Балапан топта Артур Дархан
Көңілді әуені ойналып, Арманбек кіреді. Асық ойнайды. Арманбек: Күні бойы ойнаймын Ойынға бір тоймаймын Бәрін, бәрін білгім кеп Үлкендерді мазалап Сұрақ қойып тынбаймын Шіркін әнші болсам деп Қиялдаймын, ойлаймын
Би : « Қарлығаштар» қыздар өнерлерін көрсетті
Әдемі әуенмен Перизат кіреді. Перизат: Сәлеметсің бе, Арманбек. Мен мейірімді Перизатпын. Арманбек: Ал менің атым Арманбек. Перизат білесің бе, менің арманым әнші болу. Сен менің арманымның орындалуына көмектесе аласың ба?
Перизат: Әрине, көмектесемін. - Арманбек бұл жерде әншілердің сайысы өтпекші. Ал мына балалар өнерпаздар сен әнші болғың келсе, алдымен мына балалардың әнін тамашала. «Күншуақ» тобының кішкентай бүлдіршіні Алтынай «Ойыншықтар» әнін орындап береді.
Арманбек: Шіркін - ай мен де әнші болсам ғой! Перизат: Әнші болған әрине керемет. Бірақ ол үшін көп еңбектену керек. Арманбек: Бірақ мен ән айта алмаймын ғой. Маған көмектесіңдерші. Перизат: Арманбек мен саған домбыраны сыйға тартамын. Бұл жай домбыра емес, қасиетті домбыра. Мұны қастерлеп, қадірлеп ұста (Арманбек домбыраны алады.) Арманбек: Рахмет саған, Перизат. Перизат: - Ал біз келесі кезекті тағы да әнге берейік. «Ақбота» тобының кішкентай бүлдіршіні Мадинаның орындауында «Қошақаным» әні. Қабыл алыңыздар.
Перизат:- Арманек енді сенде домбыра бар, енді саған ән айтуға болады. Арманбек: - Балалар мен бірақ ән айта алмаймын ғой. Маған үйретіңдерші.
Би: «Тұлпарым» Балалар өнерін ортаға салды.
Перизат: - Балалар Арманбекке көмектесеміз бе? Балалар:- Иә. Перизат:- Олай болса тағы да бір әнге кезек берейік. Ортада «Жасқыран» тобының өнерпазы Асылжанды «Әжем айтқан ертегі» әнімен қарсы алайық.
Тұрсынбек (домбыраны шертіп) – балалар тыңдаңдаршы қандай әсем үн. Мен де сайысқа түссем болама? Перизат:- Әрине болады, бірақ ол үшін алдымен біраз дайындалып ал. Мен келесі қатысушымызды ортаға шақырайын. «Жасқыран» тобының жас өнерпаздары Санжар мен Жаннұрдың орындауында «Балалық шақ» әні. Арманбек: - Ендеше ортада «Балапан» тобының бүлдіршіндері Асылхан мен Айназ «Аналар алтын» әнімен ортаға шақырамыз. Би: « Қамажай» Өрлен Айәсел мен Саламат Гүлім Ақбота» тобының әншісі Нұрдәулетті
ән «Ақ әжем» әнімен шақырайық.
«Күншуақ» тобының бүлдіршіні «Тыңдай білем» әнімен Инаббаты қабыл алыңыздар. «Күншуақ» Тобының әншісі Әділ Үмбетқалиды «Қошақаным» әнімен ортаға шақырамыз.
ән: «Балапан» Мақсат пен Арман орындады
Перизат:- Көрдің бе Арманбек Біздің балалар қандай өнерлі. Арманбек:- Иә, шынымен бүлдіршіндердің әні маған да ұнады. Перизат: - Олай болса біздің әділқазылар өз бағасын бергенше кезекті тағы да әнге берейік. Жаннұр Үмбетқали мен саз жетекшісі Серік Қарашолақовтың орындауында
«Әнші болғым келеді» әнін қабыл алыңыздар.
Әділқазылар өз бағасын береді. Жеңімпаз болған бала әнін қайталап орындайды.
Перизат: - Бүгінгі «Кел шырқайық бәріміз» ән байқауы өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!