Ұйымдас- тырушылық- қозғаушылық | Балалар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне тілектер айтады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Бар әлемді құрметтеп, Бас иеміз біз. | Балалар өлеңді қимыл-қозғалыспен қайталап айтады. |
Ұйымдас- тырушылық- ізденістік | 1. Әңгіме жүргізу. -Балалар, барлығымыз терезеден далаға қарайықшы. Қазір жылдың қай мезгілі? -Оны қайдан білдік? -Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. 2. Ойын: «Сөйлемді жалғастыр» Шарты: жаз мезгілінің басты ерекшеліктерін атап айту. -Жазда қандай өзгеріс болады? -Күн ыстық болады, бәйшешектер шығады. т.б. 3. Тыйым сөздер. Көк шөпті жұлма, ағашты сындырма, құстың ұясын бұзба. 4.Сергіту сәті. Күн төккен нұрынан Биік болып өсеміз. Денемізді тік ұстап, Дөңгелене билейміз. 5.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Төрт мезгіл бейнеленген суреттердің ішінен жаз мезгілін тапқызып, оны сызып көрсету. | Балалар терезеге қарайды. -Қазір жылдың жаз мезгілі. Сөйлемдер құрастырады, сөйлемдерді аяқтайды. Тыйым сөздерді қайталайды. Қолдарын жоғары созады, бір орындарында тұрып билейді. Педагогтің көмегімен бірге орындайды. |