kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, даярлық тобым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, даярлық тобым!»

Күні: 20.05.2016ж.

Тақырыбы: Қош бол, даярлық тобым!

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

– Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлық тобым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Алмат:

Армысыздар мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Армысыздар ата - ана, үлкендер!

Қызығына балалардың мәз жандар!


Жанель:

Армысыздар мұғалімдер, даналар!

Армысыздар ата ана паналар!

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз бақытты, біз бақытты балалар!


Ән: «Қошақаным» орындайтын хор.

Расул:

Міне мен де, үлкен болдым,

Жасым толды алтыға.

Әріп танып, ұмтыламын

Жақсылыққа, талпына.

Іңкәр:

Әріптерді дұрыстап,

Түгел танып алғанмын.

Қыркүйекте гүл ұстап

Мен мектепке барамын.

Ерасыл Сүлейменов

Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына

Мекепке барам асыға.


Ерасыл К.

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам болып шығармыз

Қуантып ата ананы

Таза сәби жүрекпен

Айтамыз сізге, мың алғыс!


Ақниет

Қалам алып, сурет салып.

Ән салып та үйрендім.

Суретімді, жазуымды

Мақтап жүрді мұғалім.


Елсұлтан:

Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.


Ән: «Мектебім» орындайтын Бақытқали Алмат.


Бақытжан:

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.


Мағауия:

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Салтанат:

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Заңғар:

Мектеп анаң бүгіннен,

Мектеп алтын босағаң.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың жас ұлан.


Ерасыл Саулетбеков:

Біз балауса баламыз,

Жетілді ой санамыз.

Даярлықпен қоштасып,

Біріншіге барамыз.


Еркежан:

Даярлық біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып, білім аламыз.


Құрмет:

Нағыз білім, ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.


Алижан:

Енді мен үлкен баламын,

Анамның тілін аламын.

Мұғалімнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.


Ән: «Анаға арнау» орындайтындар: Бақытжан, Жанель, Мағауия.


Алмат:

Біз енді даярлықпен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағымен сусындаған

Өнер білім өзіңмен достасамыз.


Жанель:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Мұғалім:

Сүйікті балғын бала шақ.

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.


(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)

– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Қане, олай болса жауап беруге дайынсыңдар ма, балалар?

Ойын: «Күн шуағы»

Балалар мынау қандай пішін? (дөңгелек)

Түсі қандай? (сары).

Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы құрастырамыз.


– 1 аптада неше күн бар?

– Біз қай елде тұрамыз?

  • Қ.Р бас қаласын ата

  • Рәміздерді ата.

  • «Мектеп» сөзіне сөйлем құрату.

  • Санамақ білесіңдер ме?

Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ. (санамақтар айтқызу) Сандарды тура және кері санату.

1 саны

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін

Барлық санға жол бастап

Ең басында тұрамын

2 саны

Бірден кейін тұрағым

Бірден кейін тұрамын

Бірді-бірге қосқанда

Мен шығамын шырағым

3саны

Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын

Орныма барамын

Екі айшық саламын

4саны

Үш сызықтан аяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы

5саны

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Санашы бір қолымның саусағын

6саны

Мен өзім қатарға

Бестен кейін тұрамын

Басым бестен басталып

Нөлмен бітер аяғым

7саны

Қара мына қызықты

Көсеуді ұмытты

Жазылғанда қос дөңгелек

Бел ортамнан сызықты

8саны

Менің атым сегіз

Жетіден соң десеңіз

Жеті болам бір тартсаң

Мен боламын сегіз

9саны

Сегізден кейін тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда боламын тоғыз

10 саны

Әліппе де О- ға ұқсаймын

Санда 0-ге ұқсаймын.

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Бір орынды ұстаймын.

«Бестік сөзі» Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы орындадыңдар тапсырманы. Ал енді өнерлеріңді тамашалайын.


Би: Ұлдардың орындауында (Заңғар, Ерасыл, Ерасыл, Құрмет)

Ән: «Ертегілер» орындайтындар: Ақниет пен Іңкәр.

Би: Қыздардың орындауында: (Еркежан, Салтанат, Жанель, Ақниет, Іңкәр)

Ән: «Аяулы мектебім» орындайтын: Дыңғазы Салтанат

Би: «Жаңа заман биі» орындайтын Сымбат Расул.

Ән: «Мен мектепке барамын» орындайтын хор.


(мына тақпақты хормен айтады)

Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санаңыз.

Білім, әлем көгіне,

Қанат қағып ұшамыз.

Мұғалім сөзі:

Міне, Бестік сіз бүгін біздің балалардың білімдерін, өнерлерін тамашаладыңыз, бірінші сыныпқа деген дайындықтарын көрдіңіз. Сізге көп рахмет!

Бестікке сөз беру, сыйлықтарын тарату.


Қорытынды

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.

Біріншіге баратын бүлдіршіндерді

Мектеп директоры құттықтасын. -дей келе мектеп директоры Касенгазина Назым Әуезқызына бүлдіршіндерімізді құттықтау үшін сөз кезегі беріледі.

Қонақтарға, ата аналарға сөз беру.

Соңы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош бол, даярлық тобым!

Автор: Жакупова Жулдыз Айтмухаметовна

Дата: 11.11.2016

Номер свидетельства: 357745

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?ош бол, даярлы тобымыз "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-bol-daiarly-tobymyz"
    ["file_id"] => string(6) "183701"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425915823"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""?ош бол мектепалды даярлы? тобы" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(52) "k-osh-bol-miektiepaldy-daiarlyk-toby-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "229628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441814359"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол, алтын ?я мектебім! "
    ["seo_title"] => string(31) "k-osh-bol-altyn-u-ia-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "188085"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426610532"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Қош бол, сүйікті балабақшам! ертеңгілік сценарийі"
    ["seo_title"] => string(50) "kosh_bol_suiikti_balabaksham_ertengilik_stsenariii"
    ["file_id"] => string(6) "551914"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590760553"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "«Толып ақыл,санамыз, Біз мектепке барамыз» атты мектепалды даярлық тобының ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(80) "tolyp_ak_yl_sanamyz_biz_miektiepkie_baramyz_atty_miektiepaldy_daiarlyk_tobynyn_i"
    ["file_id"] => string(6) "383498"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485314727"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства