kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, сүйікті балабақшам! ертеңгілік сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобы тәрбиешілеріне арналған мерекелік ертеңгілік сценрийі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, сүйікті балабақшам! ертеңгілік сценарийі»

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Залға балалар музыка әуенімен кіреді.

Еламан:Қадірменді қонақтар, армысыздар
Бәріңіз де есен- аман бармысыздар?
Таусылмас бұлағындай ой -арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп,сөз бастайын!

Аруқыз: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасу кешімізді біз бастайық
Жүздерінен күлкі кетпей әрдайым
Болсын солай әрбір күнің,әр айың!

Еламан:Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие берген апайларымызды шақырамыз.

Аруқыз: Нұргүл Тұзақбайқызы және Гүлназ Еркінбекқызы ортаға келіңіздер!

Нұргүл апай:

Сәлем, гүлдей жайнаған балғындарым,
Бақшамыздан тәрбие алғандарым.
Енді міне, ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.

Гүлназ апай:

Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан, шаттаныңдар,
Барлығың да болашаққа аттаныңдар.

Гүлназ апай: Қымбатты ата — аналар,балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біздің бірінше жыл балабақша шаңырағы астында мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Нұргүл апай:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: « Біз мектепке барамыз »
Нұргүл апай:

Алдындағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден,
Қимай кетіп барады — дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз

Көркем:
Балабақша,балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Ахметқожа:
Ботақаным, бөбегім деп
Еркелеткен ұл- қызын
Ата-ананы ерекше
Қуантатын күн бүгін.

Ақылымыз толысты
Өсті міне бойымыз.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз!

Мирас:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.

Эмир:
Оқимыз,білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз.

Айару:
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы мол шуақты
Өз үйіміз сияқты.

Нұргүл апай:

Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
«Вальс» биін сыйлаймыз.

Би: « Майский вальс »

Ортаға музыка әуенімен Білгішбек келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметсіңдер ме, мен сендерге ақ жол тілегім келіп,сендердің мерекелеріңе құтты болсын деп айтқалы келдім. Сендер барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді «Даналық» әлеміне шақырамын,менің достарым боласыңдар, бізді алда көп биік асулар күтіп тұр. Келісесіңдер ме?

Жалқаубек музыка әуенімен келеді
Жалқаубек: Ой, мұнда не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар,далада қызық болып жатыр, кеттік. Міне-асық, әлде фишка ойнайық па?

Нұргүл апай: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сен де биыл мектепке барасың ғой. Қарашы, мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?

Жалқаубек: Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Нұргүл апай: Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір,бүгін балабақшамен қоштасып жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, қане отыршы,көресің.

Білгішбек:Апай,мен балалармен бірге саяхатқа шығайын. Көрейінші, балалар мектепке дайын ба екен.

Нұргүл апай:

-Жарайды, Білгішбек. Ендеше біздің Еламан мен Аруқыз «Балалық» кемесін басқарып «Даналық» еліне саяхат жасауға саған көмектесетін болады.

Аруқыз: «Балалық» кемесі саяхатқа шығуға дайын ба?

Еламан: Толығымен дайын!

Аруқыз:Желкенді көтер

Кеме жүзіп келе жатып аралға тап болады.

Аруқыз:

Капитан,алда бір арал көрінеді.Бұл қай арал екен?

Нұргүл апай:

Жалқаубек,мүмкін сен көмектесерсің.Қане,аралдың атын оқып жіберші.

Жалқаубек ежіктеп оқи алмай ,Білгішбектен көмек сұрайды.

Білгішбек: Көрдің бе достым,сабақтан көп қалғанның кесірін. Аралдың аты «Коммуникация» екен

Нұргүл апай:

Қане көрейік, бұл аралда қандай қызықтар бар екенін.

Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады,сол әріптен басталатын сөз айтады.

Аруқыз:

Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық

Еламан:

Капитан, алда тағы бір арал көрінеді.

Бұл «Таным» аралы.Бұл аралда бізді қандай тосын сый күтіп тұр екен?

Ойын «Балық ұстау»

Шарты:балалар балық ұстайды, онда салынған сандарды,геометриялық пішіндерді және түстерді үш тілде атап береді

Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.

Кеме «Шығармашылық» аралына келеді. Бұр аралда балалар ән айтады

Ағылшынша ән

Еламан:

Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық

Аруқыз:

Капитан, алда тағы бір арал көрінеді.

Бұл «Әлеумет» аралы. Бұл аралда бізді қандай тосын сый күтіп тұр екен?

Ата-аналармен ойын

Шарты:ата-аналар (5-6 адам) шеңбер жасап тұрады. Бастаушы шеңбер бойымен допты кезегімен лақтыра отырып, түрлі сұрақтар қояды.Сұраққа көп жауап берген адам жеңімпаз атанады.

(сұрақтарды Білгішбек қояды)

Кеме «Денсаулық» аралына келеді

Би «Флэш-моб»

Білгішбек:

Міне,балалар, «Даналық» еліне де келіп жеттік .Мұнда сендерді мектеп қарсы алады.Ал біз Жалқаубек екеуіміз басқа да балаларды мерекемен құттықтап шығайық.

Жалқаубек:

Балалар ,мен де жуынып,киініп мектепке барамын деп шешім қабылдадым. Ендеше, мектепте кездескенше қош болыңдар!

Нұргүл апай:

-Мінекей, біздің балаларымыз да «Даналық» еліне келіп жетті. Енді олар мектепке барады.Олай болса ата аналармен де«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксізбе?
3. Тамағын уақтылы бересіз бе?
4. Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
6. Қиындыққа сіз әр уақытта төзесіз бе?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген керітартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін басқа балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Көрініс «Портфель»
Портфелдің суреті салынған үйшік тұрады…..
Нұргүл апай:

Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа.

Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Тук,тук,тук
Кіруіме бола ма?
Әлде біреу тұра ма,
Әрине, ешкім тұрмайды,
Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды…
Қайсар(пенал):

Пай,пай,пай
Түсім бе,әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде.
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде.
Жақынырақ барайын,
Ішіне көз салайын.
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын

Тук,тук,тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрадын білуге.
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(ішіне кіріп кетеді)

Нұргүл апай:

Енді әліппе келеді
Портфельді ол да көреді.

Еркеназ(әліппе):

Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін,
Кімдер барын білейін.
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін.

Нұргүл апай:

Есікті ашып осы сәт,
Пенал шықты ақылды.
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды

Қайсар(пенал):

Кір әліппе бас қосайық,
Бірге тұрып достасайық.

Нұргүл апай:

Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре

Нұрали(дәптер):

Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін

Нұргүл апай:

Әліппе де жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты

Еркеназ(әліппе):

Кел дәптерім келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз

Нұргүл апай:

Түрлендірген бір- бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі- түсті қаламдар.

Пайда болды «4»- ік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.

Айаружан(5-тік):

Жақсы оқитын балалар
«4»- пен «5»-ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.

Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді.
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.

Шұғыла(қызыл қалам):
Әрине,әрине
Керексіңдер бәрің де!
Көңіл сиса сиямыз,
Тар болса да ұямыз.

Жахонгир(көк қалам):
Тәртібінен, сабақтан
«4», «5» алып жарыссын.
Кіріңдер, жақсы бағалар,
Оқушылар танысын.

Нұргүл апай:

Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»-лікте келіп жетті

Еркеназ(2-лік):

Портфелім,мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне.
Жалқауларға жайлымын,
Жалынбаймын үшіңе.

Нұргүл апай:

Сұрланып босағадан
Қалам шықты.
Ұрысып «2»-ні
Жерге тықты.

Шұғыла(қызыл қалам):

Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп пе едің.
Балалардың досы мықты,
Сендерсіз-ақ күн көретін.

Жахонгир(көк қалам):

Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы бола ма?
Достарымыз «4»пен «5»
Кетіңдер, бізге жолама!

Нұргүл апай:

Кіргізбей екіні
Сарт етіп есік жабылды.
Оқушы екен иесі,
Міне, өзі табылды.
(оқушы қыз жүгіріп шығады)

Хабибі(оқушы қыз):
Мен іздеген портфель,
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келді алдымнан.
Ант беремін,уәде айтып.

Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын,
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы боламын!


Нұргүл апай:

Оқушы қарап түсінді,
Портфелінің мән жайын.
Тәрбие-білім алуға,
Мектепке тұр дап- дайын.

Тақпақтар: Әлмансұр:

Баулып,баптап өсірген Бұзықтық етсең кешірген. Ұмытпаймыз өзіңді, Ұмытпаймыз сөзіңді.

Мейірлан:

Сүйген өз қыз,өз ұлын

Бөбегім деп аянбай. Балабақша - өз үйім Апай болды анамдай.

Мадияр:

Балабаққа келгенімде Тәрбиешім қарсы алдың. Енді,міне,қоштасарда Қимастықпен ән салдым

Би «Учат в школе»

Ән «Прощальная песня»

Нұргүл апай:

Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

Аруқыз:

Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтанда да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан.
Шарапат Тастанқызына мың алғыс!

Нұрали:

Жайдары жүз,ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын,
Ақыл айтып тұратын
Райхан Базарбайқызына көп рахмет!

Амина:

Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Ұлдан Шәкетайқызына мың рахмет!

Алихан:

Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз.
Балдай тәтті әндерді,
Мың бұрылған билерді
Үйреткен бізге жалықпай

Торғын,Әсел апайларға мың алғыс!

Еркеназ:

Тәтті тағам пісірген,
Айран, сүтін ішкізген.
Біздің аспаз апайлар
Сіздерге де мың алғыс!



Жания:
Әріптерді оқытып,

Жазу жазып үйреткен.

Тақпақты да жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Қателессек кешірген.
Нұргүл,Гүлназ апайларға
Айтамыз біз мың алғыс!

Ернар:

Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған
Бақытгүл апайға мың рахмет!

Нұргүл апай: Құттықтау сөз кезегін және естелік альбом мен мақтау қағаздарын табыстау рәсімін жасау үшін балабақша меңгерушісі Жұматаева Шарапат Тастанқызын ортаға шақырамыз.

Нұргүл апай:

Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата-аналарға береміз.

Ән «Бақшада»

Нұргүл апай:

Қош, балалар, сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар!
Жақсы оқып әрқашан,
Тек – «5-тікті» алыңдар! — дей отырып, бүгінгі «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз.






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош бол, сүйікті балабақшам! ертеңгілік сценарийі

Автор: Кызайбаева Нургуль Тузакбаевна

Дата: 29.05.2020

Номер свидетельства: 551914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(47) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "283367"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822246"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) ""?ош бол, балаба?ша" атты ерте?гілікті? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "koshbolbalabakshaattyiertienghiliktinstsienarii1"
    ["file_id"] => string(6) "283368"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453822258"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Қош бол менің сүйікті балабақшам""
    ["seo_title"] => string(37) "k_osh_bol_mienin_suiikti_balabak_sham"
    ["file_id"] => string(6) "468607"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1525624141"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства