Просмотр содержимого документа
«"Қадыр оқуы" мәнерлеп оқу сайысы»
№ 30 жалпы орта білім беретін мектебі
«Өлеңнің тау тұлғасы- Қадыр ақын» мәнерлеп оқу сайысы
(мектепалды даярлық топтары)
Орал – 2017
Мақсаты:
-Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын насихаттау,балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
-Тума талантты балаларды анықтау;
-Жеке баланың қарым-қатынас саласын дамыту;
-Өз бетімен жұмыс жасауға,өз ойын айтта білуге және таным шығармашылық белсенділігіне тәрбиелеу;
-Балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың шығармашылық потенциалын және мотивациясын дамыту;
1-жүргізуші:
...Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін! Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Бұл – ақынның кезінде өр туындыларын асқақтатқан жыр тізбектері еді. Қадыр Мырза Әлі – біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі.
Армысыздар, Қадірдің жырымен сусындаған құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» сайысының шарттарымен таныс болайық!
Қадыр оқулары 2 кезеңнен тұрады:
1) Таныстыру
2) Ақын жырларын жатқа оқу
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың әділқазы алқасы
Қ
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Ерсайынқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Жазира Наурызбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ән: Елеш Аяулымның орындауында Теңіз жастық
Сайыскерлерді реттік нөмерлерін суыру үшін ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Ақындық туралы Қадыр ақын былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз қара шаңырағынан деген екен.Ендеше қатысушыларымыздың таныстыруына кезек берейік!
Ала қашпай, елірмей, Әдемі ырғақ тауып бір Қап-қара бұлт негрдей Ақ жаңбыр боп жауып тұр. Табиғат қой жаңғырған Қыл қаламның шебері: Қара бұлт, ақ жаңбырдан Қалады жер көгеріп!
Ағасы мен інісі
Көктайғақ тауға талпынып, Қара тер болып алқынып, Інісі сыйлап ағасын, Шығады сүйреп шанасын. Қырау да қырау жағасы, Түседі зулап ағасы. Сыйламаса інісін, Ағалығы кім үшін?!
Ит
Нанымды көрсетіп, Үнімді өшірдім. Бірақ ит арс етіп, Зәремді ұшырды. Білмеймін, бұл сәтте Бұрыс кім, дұрыс кім? Сасқаннан мен итке: – Итсің! – деп ұрыстым.
Апам неге жылады?
Көзім түсті апамның Көзіндегі жасына. «Белгісі ме қапаның?» – Деп келдім мен қасына. Сұрамақпын, білмекпін, Жанына не батқанын. Байқамаппын, көрмеппін Пияз турап жатқанын.
Досым екеуміз
Шекіссек те екеуміз, Үйге жылап қайтпаймыз. Сөзімізге бекембіз, Апамызға айтпаймыз. Естімесе өздері, Айтып қанша қажеті? Біліп қойса, біздерді Ойнатпайды бір жеті!
«Мұғалима» Мынау менің сезгенім
Ол кластың анасы Өзінің де өзгенің Баласы оның баласы Қай кезде де,ол анық Қайғырмайды өзі үшін Біздер үшін қуанып
Қызарады біз үшін
«Арман»
Анамның мен баяғы Жаратпаймын тарлығын Шкафқа сап қояды. Қант - шекердің барлығын. Балалық тез-тез өтсе екен Шығар едім ұшпаққа Бойым өсіп жетсе екен, Ең болмаса шкафқа.
«Апам үшін»
Апам үшін күндеде,
Отын-ағаш жарамын,
Су құямын гүлгеде,
Дүкенге де барамын,
Жоқтатпаймын әпкемді,
Берем шайын қайнатып
Жылай қалса бөпемді
Жұбатамын, ойнатып,
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты
1-жүргізуші: Сайысымыздың екі бөлімі аяқталды.Әділқазылар алқасы марапаттарынызды дайындауға рұқсат.
Мектепалды даярлық тобының қыздарын орындауында Домбыра биімен қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Бүгінгі сайыста « бас жүлде» алған оқушымыз қалалық кезеңге жолдама алып отыр,мектеп намысын қалалық кезеңде қорғайтын болады.Сәттілік тілейміз.
Қадыр Мырзалиев - өз ғұмырында қыранша биікте жырлап, қыранша өмірден озған ұлы ақын. Ендеше, сондай ұлы ақынды ұлықтап, оның өшпес мұрасын кейінгі ұрпақ санасына сіңдіру – мына біздің парызымыз. Осы мақсаттағы шарамызды Қадыр Мырзалиевтің балаларға арнап жазған «Апам үшін» әнімен қорытындылаймыз.