Просмотр содержимого документа
«Әйел көктем- ана гүл!»
Жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғынам. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар, Аналардан туған кейбір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! - Құрметті қонақтар, ардақты ата – аналар,! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған 8 – наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын! Аналар мерекесіне арналып»Балапан» тобының ұйымдастырып отырған «Әйел көктем, Ана гул» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше «Балапан»тобының аналарын ортаға шақырайық.
Ал халайық ықылас пен демелік, Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік. Ақылы мен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берелік. – деп бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Ал қәзір құрметті аналар ортаға келіп мына қоржын ішінен өздеріңнің кезек нөмірлеріңді алуға шақырамын. Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық, Өнегелі тәлімді алған қанып. Ал ендеше таныстырып өтейін мен, Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
1.«Сәлем сөздің анасы!»( таныстыру ) 2. «Мақал сөздің мәйегі!» (мақал-мәтел,яғни сандықшадан алған сөзге мақал құрау,әр қатысушы 2 мақал құрау керек ) 3. «Өнерлі өрге жүзер» (ән,би,т.б) 4. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап) 5. «Образ» (осы жерде тапсырма беріледі. ) 6. «Шеберлінің қолы алтын!» (үй тапсырмасы матадан,табиғи материалдан ұлттық бұйымдар жасау)
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау; -Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы; -Киім киісі, жүріп-тұрысы; -Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Жүргізуші:
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді, Көздерінен жалын нұры төгілді Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді – «Сәлем –сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған.Алайда осы сөздің мән –мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп –ау.Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындар да кездеседі.Діни кітаптарда мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады.Ендеше бір-бірімізге амандаса білейік. Кезек сәлемдесуде
І-бөлім:«Сәлем сөздің анасы!»( таныстыру )
Жүргізуші:
Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
ІІ-бөлім:»Мақал сөдің мәйегі»Сандықшадан алған сөзге балаға қатысты мақал құрау.Әр қатысушы 2 мақал құрау.
Жүргізуші:
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен, Өнер деген мол қазына кең екен. Би билеп, ән айтып жырламайтын, Өнерсіз қазақ деген кем екен – деп ІІІ-бөлім«Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңіне береміз.
Жүргізуші:
Ал, аналар сұраққа қалайсыздар, Сіздер өтер әлі де талай сын бар. Тапсырма ол, сан қилы, сан сауалдан, Дұрыс жауап берсеңіздер жарайсыздар. ІV-«Білімді мыңды жығар!»сұрақ-жауап
6.ҚР мемлекеттің туының авторы? (Шәкен Ниязбеков) 7. 5 асыл мен 5 дұшпанды атаңыз? 8.Үлкен күш пен көп қолды қажет ететін ауыр жұмыс атқарғанда жақындарының көрсеткен көмегін не деп атайды? (Асар) 9.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі? 10.Ұлттық бас киімдерді атаңыз?
11.Бесік ,оның түрлері?Бесік жырыннан үзінді айту 12.Киімге байланысты ырымдарды ата? 13. Балаңыз балабақшаға қай жылы,қай айда келді?
14 .Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақша жауапкершілігі басым ба? 15.Қазан шегелеу (салт)
V-«Образ»сандықшадан алған мәтінді образға кіріп айту,ойнау өз шеберлігін көрсету.
Жүргізуші:
Ал аналар қалықта, Қалықтаудан жалықпа. Саусақтарын майысып, Шеберлік көрсет халыққа. VІ-«Шебердің қолы алтын » (үй тапсырмасы матадан,табиғи материалдан ұлттық бұйымдар жасау) Жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадық, Жүректерде шоқ бар екен байқадық. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып шарықтаңдар әрдайым – деп Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша бір әсем әуенге кезек берсек.
Ана деген асыл бағы жұмақтың Ана деген қайнар көзі бұлақтың Сағынасың, сағынасың сен өзің, Болмаса егер қасыңда ол бір - ақ күн. Ана деген қайтпас қайсар болаттай Ана деген қалың шыққан құрақтай. Ана өмірдің тіреуіші секілді, Шаңырақты ұстап тұрған құлатпай.
Мінекей осындай аналарымызға мың алғыс.
- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан - Өле - өлгенше соны таныр қиядан Өнер - білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан. Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған Жақсы - жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты.Мінекей балалары үшін,өздерінің білімді,үлгілі екенін көрсете білген,балалары үшін уақыт тауып балабақашмен қарым-қатынасынжақсы екенін көрсете білген аналарымызға отбастарына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Әйел-көктем,Ана гүл!» атты сайысымызды аяқтаймыз.
өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді Үш санына байланысты: Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім, Үш із-бала, байлық, бақыт. Үш қасиет - өліде аруақ, малда кие, аста кепиет. Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет. Үш тәтті - жан, мал, жар. Үш қуат - ақыл, жүрек, ті
Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр шағын салып Аллаһ Тағала дан перзент сұрап жалба рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. 2. Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт,сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы,қыран бүркіт, берен мылтық) 3.ҚР мемлекеттің туының авторы? (Шәкен Ниязбеков) 6. 5 асыл мен 5 дұшпанды атаңыз? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.Талап еңбек терең ой, қанағат ету, рақым жасау) 7.Үлкен күш пен көп қолды қажет ететін ауыр жұмыс атқарғанда жақындарының көрсеткен көмегін не деп атайды? (Асар) V-«Образ»сандықшадан алған мәтінді образға кіріп айту,ойнау өз шеберлігін көрсету.
Жүргізуші:
Ал аналар қалықта, Қалықтаудан жалықпа. Саусақтарын майысып, Шеберлік көрсет халыққа. VІ-« Шебердің қолы алтын » (үй тапсырмасы матадан,табиғи материалдан ұлттық бұйымдар жасау) -Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау; -Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы; -Киім киісі, жүріп-тұрысы; -Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;