«Ана көрікті қызымен, қызы жүрер ізімен!» (отбасылық сайыс)
Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8- наурыз аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы болсын.
«Наурыз – жыл басы» дейді дана халқымыз. Наурыз табиғаттың ұйқысынан оянып жер ананың гүлденетін кезі. Осындай керемет мезгілде ата – бабамыз қуанышпен қарсы алып, «Наурыз» тойын тойлаған. «Ата салтың – асыл қазынаң» дегенді басты мақсат қойып, біз бүгін отбасылық сайыс ұйымдастырып отырмыз. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына елін, жерін қадір тұтатын отансүйгіш сезімді қалыптастыруда ұлттық тәрбиенің алар орны ерекше.
Ата жолы – адамдық. Ана жолы – адалдық, - деген қанатты сөздермен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Мың бұралған арулар билеп басып,
Келді міне ортаға толқып – тасып,
Аруларың сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Бақтығалиева Іңкәр анасы Маржан
Серікқали Мензада анасы Арайлым
Ерсайын Шынар анасы Ұлболсын
Аманжанова Керемет анасы Асылхан
Асылбек Мөлдір анасы Айнұр
Ғұмар Айзере әжесі Клара апа
Қош келдіңіздер, құрметті сайыскерлер.
Қайсысы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық.
Өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыз 5 турдан тұрады.
«Сәлем – сөздің анасы» (өзін – өзі таныстыру)
«Қонақ күте білемін» (дастархан әзірлеу)
«Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
«Жүйрік болсаң тауып көр» (сұрақ – жауап)
«Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
Ашық жарқын жүзді
Әділ – қазылар біздің
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төрге
Танысайық бізде. (Әділқазылар алқасын сайлау)
(сайысымызды бастамас бұрын жереби таңдап алып кім бірінші бастайтынын анықтап алайық)
Әдеппенен, ізітпенен, танысуға, тайсалмастан сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзің – өзі таныстыру сайысын бастаймыз. (қыздар өздерін таныстырып болған соң, әділқазылар бағасын береді)
Ендігі кезекте аруларымыздың қонақ күте білу өнерін тамашалайық. Олар дастархан әзірлеу үлгілерін жасап болғанша ортамызға өнерпаз балдарымыздың аналарға арналған әнімізді айтайық.
Ән: «Ақ мама»
Әділқазылардың бағасынан кейін байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша қыздар өз өнерлерін ортаға салады.
Балалар аналарына арнаған жаттауларын айтады.
Ал сайыскерлер сұраққа қалайсыздар, қазіргі заманғы ару заман талабына сай өте білімді, терең ойлы болу керек. Сондықтан байқауымыздың келесі бөлімі «Жүйрік болсаң тауып көр» деп аталады.
1-ші сайыскерге сұрақ.
Сұр бұлт түсі суық..... жалғастыру, өлеңнің авторын атау. Бір аптада неше күн бар? Бағдаршамда қанша көз бар? Маталардың түрі?
2-ші сайыскерге сұрақ.
Адамда қанша көз бар? Қыздар жайлы мақал – мәтел айту. Қыс, жаз, күз, көктем бір сөзбен қалай айтуға болады? Қазақтың ұлттық аспап тарын ата?
3-ші сайыскерге сұрақ.
Қазақстан Республикасының президертін ата? Сары жапырақ, жаңбырлы күн, жиналған жемістер жылдың қай мезгілі? Ұлттық тағамдар? Ұлттық сусындар?
4-ші сайыскерге сұрақ.
Кесе, табақ, шәйнек, қазанды бір сөзбен қалай атауға болады? Аспанда қанша күн бар? Қыназақ, қияр, картоп жеміс пен әлде көкөніс пе? Қыздар тағатын әшекей бұйымдар?
5-ші сайыскерге сұрақ.
Жібек, шыт, атласты бір сөзбен қалай атауға болады? Шөл даланың кемесі деп қай жануарды айтады? Кемпірқосақта қанша түс бар? Қыздар сәукелесіне не тағады?
6-шы сайыскерге сұрақ.
Қазақтың ұлттық жиһаздары? Қабат – қабат қаптама, ақылын болса аттама. Жұмбақ не туралы? 1 мен 3 арасында қандай сан? Ұлттық ойындар?
Балалардың аналарға арнаған әндері.
Көйлем киіп әдемі,
Тапсандырам елімді.
Түрлі – түсті сән көйлек
Көз тартады не керек – демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісі.
Әділқазыдардың бағасы.
Көрермендермен ойын: мереке, ана, балабақша сөздерін қосып тілек айту.
«Майшам» (шырақ) тренинг.
Барлығымыз бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бірімізге жылы сөздер айтып, майшамды ұсынамыз. Майшамды таңдауымыздың себебі жарық деген жақсы нәрсе, жарықсыз өмір жоқ. Сондықтан болашақтарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілегімізді білдіреміз.
Құтты болсын осы шаттық күніміз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Көңілді әуенімен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.
Құттықтау сөз кезегі ата – аналарға беріледі.
Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгіліміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.