Алтын күз: Ералина Г.Е Би жетекшісі: Плетнюк Ю.А Музыка жетекшісі:Сүндетов М.Е
Айтылатын әндер: 1."Күзгі әуен"
2."Жаңбыр"
Орындалатын билер:
1."Жапырақтар"
2."Құстар"
Ойналатын ойындар:
1."Кім жылдам?" -( жүргізуш і)
2."Танып ал"-( жүргізуші,Алтын күз)
« Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. 1 бала: Алақай – алақай Шаттанды балақай Береке – салты күз Мереке – Алтын күз. ( Влада) 2 бала: Көрініп еліме, Күндері мереке Келді ғой жеріме Күз дейтін мереке. ( Алан )
3 бала:
Келді күз.
Санайбер
Қарай бер
Бояуы жүз
Келді күзі (Саша Р.) 4 бала: Құстар қайтты ән салып, Бұлт торлады аспанды. Қыс келеді жар салып, Күзгі суық басталды. (Каусар)
5 бала
Осень, осень, не спеши
И с дождями подожди.
Дай еще нам лета,
Солнышка и света (Дарья)
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер Жайнап гүлдей жүріңдер Күздің тойын тойлайық Би билейік, ойнайық.
Ән: « Күзгі әуен » қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Жарайсындар бір тынығып алдық .Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
(Көңілді әуен ойналады, жел соққаны естіледі.)
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Жүргізуші: Жоғары шығыныз, Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.
1 бала
Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды Біздің дала – бай дала Алтын астық айнала. (Тимофей)
2 бала
Алтын, сары, қызыл, көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жапырлап. (Аружан)
3 бала Миновало лето, Осень наступила. На полях и в рощах Пусто и уныло. Юля
4 бала
Птички улетели.
Стали дни короче.
Солнышка не видно.
Тёмны, тёмны ночи. (Саша .Б)
5 бала
Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. (Алинур)
Күз : - Рахмет, балалар ! Мен сендерге бос келген жоқпын, ойын алып келдім
Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.
Ойын "Танып ал"
Жүргізуші:: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Енді Алтын күз өзіңе арналған «Жапырақтар» биін қабыл ал.
Би " Жапырақтар"
Жүргізуші:Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған Сәбилер де алғыр жан Бал дәуреннің қызығын Есте қалар балдырған. Кезегімізді өлең шумақтарға берейік.
1 бала
Күзім –ау, күзім-
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау! (Руслан)
2 бала
Листопад, листопад, Листья желтые летят. Под ногой они шуршат, Скоро голый будет сад. Володя
3 бала
Алтын, сары, қызыл, көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жапырлап. Алихан
4 бала
Алтын күз, сары күз.
Бұл әсем әніміз,
Жинаулы дәніміз,
Әдемі даламыз. Зоя
Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз, Отбасындай бір ұямыз Береміз ендеше Би өнеріне кезегін. Би " Құстар" бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2013» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Күз : Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Жүр: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. « Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып