Тақырыбы: «Арайлы, алтын күз!»
Мақсаты: Күз берекесі туралы түсінік алу. Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту. Оқушыны еңбек етуге, ел ырысын құрметтеуге тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалай білуге үйрету.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқың күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. Кеше ғана анасының жанынан бір елі қалғысы келмеген кішкене бүлдіршіндеріміз бүгін өз өнерлерін көрсетпекші.