kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертеңгілік "Арайлы, алтын күз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертеңгілік "Арайлы, алтын күз!"»

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, байқауға қатысушы жас өркен! Бүгінгі «Біз таланттарды іздейміз!» атты «Арайлы, алтын күз» атты мәнерлеп оқу және «Ертегі әлемінде» атты байқауға қош келдіңіздер! Бүгін бізде өте ерекше күн. Себебі, бүгін, тура осы байқауда бізден жасырынып жүрген таланттарымызды табамыз.

Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе,

Отанның ел жұртыңның мақтаны бол,

Талантты болып жүр өміріңде- дей келе, біз әр балаға өзінің талантын көрсетіп, биік шыңдарға жете берсін деп айтқымыз келеді. Әр бала өз ішінен талантты.

Жүргізуші: «Біз бақытты балдырған,

Әлемді бимен құлпыртқан –көңілденген бишілеріміз мектепалды даярлық тобының биші қыздарының орындауындағы «Күзгі жапырақ» биін назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші: Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз жырлағандай  Хор: «Алтын күз»
Алтын күз


1.Келді міне қоңыр күздің самалы,

Бұлттар төніп күн суытты шамалы,

Келді міне, алтын күз,-2 рет

Келді міне, жарқын күз.

Байлығымен мерекелі, берекелі.

2.Алтын күзім берекелі болатын,

Қамба біткен ақ бидайға толатын.

Келді міне, алтын күз,-2 рет

Келді міне, жарқын күз.

Байлығымен мерекелі, берекелі.


Жүргізуші: Мектеп- кеме, білімнің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Біз көңілді кешімізді бастаймыз.

Ал енді біз сайыскерлерімізге тек қана сәттілік тілейміз!

«Біз таланттарды іздейміз» байқауы екі бөлімнен тұрады:

  1. «Арайлы, алтын күз» мәнерлеп оқу байқауы

  2. «Ертегі әлемінде» байқауы

Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу байқауының басты ережелеріне тоқталып өтсек:
1. Балалардың тақпақтары күз тақырыбына сай бір шығарма болу керек.
2. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
3. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
4. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.


2.Ертегі байқауының басты ережелері:

1.Ертегінің тақырыбын білуі

2.Ертегінің мәтінін білуі

3.Сөйлеу мәнерінің екпіні

4.Театр іс-қиымылын пайдалану (мимика, ым-ишара, іс-қимыл)



Жүргізуші: Ендеше, осы байқауымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:

Жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Байқауға қатысушы оқушыларымызды шақырамыз-байқауға қатысушы балалармен таныстыруға кезек берейік.

Шағын-орталық І кіші топ оқушылары

Шағын-орталық ортаңғы топ

Мектепалды даярлық «А» тобының оқушылары

Мектепалды даярлық «Б» тобының оқушылары

Жүргізуші: -Өнерге көңіл толса жүрек те қуанады,

Ал жүрек қуанса ол өміріміздің шаттанғаны емес пе?- дей келе «Арайлы, алтын күз» мәнерлеп оқу» бөліміне қатысушы оқушыларды қарсы алайық!

Жүргізуші: Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.-келесі кезекті «Ертегілер әлемінде» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырамыз.

 Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,

«Бар екен де, жоқ екен,

Бөре бақауыл екен

Түлкі жасауыл екен,

Ертек, ертек, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Құйрығы келте екен,

Құйрығы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен», - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік

Жүргізуші: Осымен байқауымызда аяқталды. Шешім қабылдау үшін әділ-қазылар алқасына уақыт береміз.

Хор: Дождик

Дождик (Кап-кап, тук-тук, тук)


1.Кап-кап, тук-тук-тук,

По стеклу раздался стук.

Это дождик по утру,

Разбудил всю детвору. -2 рет


2.Кап-кап, дон-дон-дон,

Капли начали трезвон.

Если выйдете гулять,

Не забудьте зонтик взять.-2 рет


3.Кап-кап, кап-кап-кап,

У дождя веселый нрав.

Завтра утром мы опять,

Под дождем пойдем гулять.







Хор: «Біз ұқыпты баламыз»

Біз ұқыпты баламыз.


1.Әрқашанда тыңдаймыз,

Әке менен ананы,

Еңбек етіп шыңдаймыз,

Білімменен сананы.


Қайырмасы:

Біз тәртіпті баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Аман болсын әке менен анамыз.-2 рет


2.Мейіріммен, шапағат,

Ұстазымнан тарайды.

Әділдік пен парасат,

Әкешімнен тарайды.


3. Ата- ананың айтқанын,

Жадымызда сақтаймыз.

Жарқырап тұр әр таңым,

Сенімдерін ақтаймыз.

Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.

Жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ертеңгілік "Арайлы, алтын күз!"

Автор: Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы

Дата: 29.10.2018

Номер свидетельства: 482537

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ертеңгілік «Арайлы, алтын күз!»"
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_araily_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "448079"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515173062"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Арайлы, Алтын к?з" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(33) "araily-altyn-kuz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264841"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449771055"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) ""Арайлы, Алтын күз" атты мерекелік ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(42) "araily_altyn_kuz_atty_merekelik_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "561631"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1603897673"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""С?лем са?ан, Алтын к?з" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "sliemsaganaltynkuzsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271532"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451580858"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тақырыбы:"Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(20) "takyryby_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "492136"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545494943"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства