Просмотр содержимого документа
«Елбасы және тәуелсіздік»
Елбасы және тәуелсіздік
Мақсаты:
Білімділік: балаларды Елордамыз Астанамен таныстыра отырып , қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: балаларға Астана туралы тақпақтар айтқызу арқылы тілін , сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды өз туған еліне , туған жеріне, Астана қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгаршілікке , отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Астана қаласының әсем ғимараттарының суреттері.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балалардың назарын топқа , топтың безендірілуіне аударды.
-Балалар, қарандашы, бізге көптеген қонақтар келіпті, қане амандасайықшы.
-Шаттық шеңберін құып, тілегімізді айтайық.
Балалар қонақтармен амандасып, бір- бірінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін айтады:
-Аспанымыз ашық болсын!
-Күніміз күлімдесін!
-Ата – анамыз ауырмасын!
-Тыныштық болсын!
-Бөбектер жыламасын!
-Татулық болсын!
-Досарымыз көп болсын!
Тәрбиеші:Балалар, міне сендер де өсіп баабақша есігін ашып отырсңдар. Ата – аналарың сендерді білім алсын, уақыттарын қызықты өткізсін деп балабақша әкеледі. Балабақшада сендер тақпақ , ертегілер, мақал – мәтелдер жаттап, сонымен қатар сурет салып, әр түрлі заттар мүсіндеп, жапсырып үйренісіңдер.Сендердің уақытарың қызықты өту үшін бақшада барлық жағдайлар қарастырылған.
Денсаулықтарыңды шынықтыру үшін спорт залы да бар.
Балаларбір жылдан төрт мезігіл бар. Қазір жылдың жаз мезіглі. Қане балалар , «жаз мезгілі» деп айтайықшы.
Жаз мезгілі.
Жаз мезгілінде ауа райы ыстық болады.Күннің көзі жерге жылуын көп береді. Сол үшін басымызға бас киім киіп жүреміз, өйткені басымызға күн сәулесі өтуі мүмкін. Жазда теңізге барып демеаламыз.
Балалар, жаз мзгілінің өзін тән ерекшеліктері бар.Жазда балалар далада, көлеңкеде емін еркін ойнайды, гүлдер теріп , гүлдерге қонған көбелектерді тамашалайды.
Балалар, осы жаз мезгілінде мерекелер де көп. Солардың бірі , еліміздің бас қаласы – Астана қаласының туған күні.
Балалар , біздің ұлтымыз қазақ .
Қане , ұлтымыз кім екен ?
Ұлтымыз- қазақ.
Ұлтымыз қазақ болғандықтан, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қане, Қазақстан республикасы деп атайықшы.
Қазақстан Республикасы.
Балалар біздің Қазақстан Республикасы кең байтақ ,оның жер көлемі бірнеше мемлекетті қосқандағы жерді алып жатыр.
Балалар біздің Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласы.
Қане, Астана қаласы деп айтайықшы .
Астана қаласы.
Балалар, біздің елімізді басқарып отырған Президентіміз бар , ол – Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев атамыз екен.
Қане, біздің президентіміз кім?
Н.Ә.Назарбаев атамыз.
Балалар , бүгін біздің Елордамыз Астана қаласының туған күні екен.
Астана қаласы өте әдемі қала, онда әсем қала, онда әсем ғимараттар бар .
Астана қаласының «Бәйтерек» кешені бар, міне көрдіңдер ме? Бәйтерек өте биік , әсем, көрікті ғимарат.
Қане, балалар, «Бәйтерек» деп айтайықшы.
Бәйтерек.
Өте жақсы балалар , Астана тураы көптеген тақпақтар бар, солрадың бірін мен сендерге оқып берейін , сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар.
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам – бас қалам!
Балалар, кім Астана туралы тақпақ біледі?
Балалар тақпақтар айтады.
Жарайсыңдар балалар, енді барлағымыз орнымыздан тұрып , сергіту жаттығуын жасайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Тәрбиеші балаларға:
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.
Біздің Президентіміз кім?
Н.Ә. Назарбаев атамыз.
Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Астана қаласы.
Астана қаласының қандай әсем ғимараттарын көрдіңдер?
Бәйтерек кешенін көрдік.
Біз не туралы тақпақтар айттық?
Астана қаласы туралы тақпақтар айттық.
Сендерге Елордамыз – Астана қаласы ұнай ма?
Ұнайды.
Жарайсыңдар, балалар . Елордамыз Астана туралы тақпақтар.
Айттыңдар. Елімізді, Елордамыз Астана қаласын мақтан тұтып, мәртебесін көтере біліңдер.Бүгін іс – әрекетімізге барлығыңыз жақыс қатыстыңыз.
Осымен бүгінгі іс- әрекетіміз аяқталды. Енді орнымыздан тұрып, кеген қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтиже: Астана – әсем қала екенін, онда әдемі ғимараттардың бар екенін білу.
Білу керек: еліміздің бас қаласы туралы тақпақтар , өлеңдер.