kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ел таңдаған Елбасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятии на тему "Ел тандаган Елбасы". Занятие прошел в подготовительной группе детского сада. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ел таңдаған Елбасы"»

«Ел таңдаған ,Елбасы.»


Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республисының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармалыққа толы атқарған істері туралы мәліметтер беру. Халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасыны кісілік келбетін таныту.Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Отанға деген құрметке тәрбиелеу.


Дамытушылығы:Балаларға президенттің елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ету.


Тәрбиелік:Балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Н.Ә. Назарбаевтің түрлі суреттері,слайдтар


Ұйымдастырылған оқу қызмет барысы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.


Балалардан жыл мезгілдерін сұрау. Өткен оқу іс-әрекеттегі тақырыпты қайталап, еске түсіру.


-Балалар қай республикада тұрамыз?

-Бас қаламыз қай қала?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Қай тілде сөйлейміз?

-Қазақстан елі қандай ел?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Қай облыста тұрамыз?

Жарайсыңдар балалар сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.Ендеше бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ.Біз бүгін сөйлеуді дамыту оқу қызметінен «Ел басқарған - Елбасы» тақырыбында әңгімелесетін боламыз.Бәріміз интер тақтасына қараймыз.

«Ғажайып сәт» : үнтаспадан Музарт тобының орындауында «Үшқоңыр» әнінің бір шумағы орындалады. Үш қоңыр жайлауының жайқалған кезі.

Жылқылар кісінеп, табиғат мәре сәре болып жатқан мезгіл слайд арқылы көрсетіледі.Осынау тамаша тамылжыған тыныштықты шырқыраған нәрестенің үні бұзды.

Көрініс: балалардың орындауында.

Жаршы: Сүйінші, сүйінші Назарбай бидің шаңырағында ат ұстар ұл келді.

Уа, жараңдар. Сүйінші, сүйінші торсық шекелі ұл келді.Есік алдына Әбіш нәрестені алып шығады.

Әбіш:Жарық дүниеге келген құлыным, Алатаудың асқарлы бол, күндей күркіреп, жаңбырдай сіркіреп, даладай дастанды бол.

Жаршы: Уа, Әбіш баланың атын кім деп қоймақсың?

Әбіш: Анам- Мырзабала, сол кісіден сұрайық. Мына жатқан батырдың есімін анам қойсын.

Мырзабала әже: Өмірі нұрлы болсын, өз еліне сұлтан болсын деп , немеремнің есімін Нұрсұлтан деп қойғанды жөн санадым, қабыл болсын!

Әбіш: Қабыл болсын!

Жаршы: Иә, қабыл, әрі есімі құтты болсын! Атына заты сай болсын!

Мырзабала әже: Уа, Әбіш төменгі Шамалғандағы Әбубәкір молданы шақырып құлағына азан айтып, есімін берсін. (Әбіш молданы алып келеді).

Мырзабала әже: Молдеке немеремнің атын Нұрсұлтан деп қой ып едім, құлағына азан шақырып атын қойып беріңіз

Молда:Сенің атың- Әбішұлы Нұрсұлтан. Сенің атың-Әбішұлы Нұрсұлтан... Сенің атың –Әбішұлы Нұрсұлтан.

Осылайша 1940ж 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үш қоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оның балалық шағы қиын қыстау ұлы отан соғыс жылдарында өтті. Соғыстан кейін Нұрсұлтан мектепке бастауыш сыныпқа барды. Нұрсұлтан тек өзінің сыныбында ғана емес мектептегі ең үздік оқушының бірі болды.Сабақты зор ынта ықыласпен оқып мектепті алтын медальмен бітіріп шықты.Мектептен соң Теміртаудағы металлургия конбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.Теміртауға келген соң ол болашақ металлург болуға бел буды.Теміртауға келген соң ол болашақ металлург ретінде Украинаның Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік техникалық училищеге оқуға жіберілді. Оқуды аяқтаған соң Нұрсұлтан Назарбаев металлург мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып қоғамдық жұмыстарға атсалысып көзге түседі. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етумен қатар өз білімін шыңдау мақсатында Қарағанды палитехникалық институтын үш жыл оқып одан соң Қарағанды жоғары технология университетін бітіріп, инженер металлургия мамандығы бойыншы диплом алды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыста өзінің білімділігін көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленді. Осындай ерекшелік иесі Нұрсұлтан Назарбаев металлург мамандығынан басқада лауазымдық қызметтерді атқарып жүрді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комтетінің пленумында Дінмұханбет Қонаевтың зенеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г.В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.Асығыс өткен пленум шешімі қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Міне осындай наразылықтың салдарынан қазақ студент жастары өз елімізді қазақ азаматы басқарсын деген ниетпен бейбіт шеруге алаңға шығады. Бірақ оларды қолдарында қарауы бар әскерлер түрмеге қамайды. Қасық қаны қалғанша елім жерімдеп Тәуелсіздікті аңсап,қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпайтұлы Ерболдың, Мұханбетжанқызы Сабираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары бұл күндері жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы ерліктің тарихы Республикадағы халқымыздың рухани жеңісі,демократияға жол ашу. Тәуелсіздіктің алғашқы беті. Көп ұзамай Қазақстан республикасы Тәуелсіздік алды. Бұл еліміздің жаңа тарихыдағы ерекше күн, нақтырақ айтсақ 24 жыл бұрын 1991 жылығы 1 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлауда Нұрсұлан Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды. Қазір Қазақстан экономикасы дамыған аяғына нық тұрған Астанадай басқаласы бар ірі мемлекет. Астана зәулім ғимараттар, театрлар, әр түрлі ойын сауық кешендері бой көтерген әсем қала. Мұнда әлемнің көптеген елінен туристер келіп қаланың әсем көрінісін тамашалайды. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев елімізде жаңа заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталған мектептермен балабақшалар санын көбейтті. Осының айғағы біз тәрбиемен білім алып отырған сәулетті өте үлкен жап жарық балабақшамыз. Осындай бейбіт елде тұрғанымызға қуануымыз керек. Балалар ендеше Тәуелсіздік ,Елбасы туралы тақпақтар айтайық.

Жансая :Байтақ жерді басқаратын қамқоршы

Қазақ үшін аянбайтын көсбашшы

Елін сүйген, елі сүйген Президен

Шуақ шашар елімізге күн болшы.

Мерей:

Тәуелсіздік алып берген біздерге

Нұр ағадай президент бар біздерде

Бейбітшілік ынтымақты сақтаған

Мақтан тұтып жар саламын сіздерге

Ернар:

Қазақстан менің мақтанышым

Қазақстан өзен көлдер теңіздер

Қазақстан қала жасыл ауылдар

Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа

Айназ:

Елбасы елді қорғайды

Халқы оны қорғайды

Мен жырлайын сөзбен өрнек өрнейін

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң ұлы Отан

Нұрасыл:

Бойымда жігер тұрғанда сенім

Жалындап өтем жолыңда сенің

Өзіңсің мәңгі бақытым барым

Аяулы Отан ардақты елім.

Қайсар:

Елбасымыз нұр аға

Салғызып алтын орда

Көркейтіп елін қазақтың

Көрсетпей өмір азабын


Жасай берсін ел басы

Қолдап қорғап ел жұртының

Қанша жыл елді басқарып

Тәуелсіздікті қолға алып


.Мен қазір Отан туралы,батырлар туралы мақал – мәтел бастаймын, сендер одан әрі жалғастырасыңдар.

Отан оттанда «ыстық»


Отан үшін отқа түс күймейсің

«Арың үшін алыссаң өлмейсің»




Отансыз адам

«Ормансыз бұлбұл»


Ердің көркі елімен

«Отан көркі жерімен»


Ер жігіт елі үшін туады.

«Ел үшігн өледі».


Ал енді балалар ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Күн шуағы»

Шарты: Күн шапағаттарында сұрақтар берілген.Сол сұрақтарға балалар жауап беруі керек.

1.Рәміздерді ата?

2.Тудың пішін қандай?

3.Туымызда не бейнеленген?

4.Біздің бас қаламыз қай қала?

5.Қ/Р Елбасы кім?

6.Елтаңбаның пішін қандай?

7.Елтаңбаның ең жоғарғы бөлігінде не бейнеленген?

8.Елбасы нешінші жылы таққа отырды?


Қорытынды:

-Бізде қандай оқу іс-әркет болды?

-Қандай тақырыпта әңгімелестік ?

-Елбасымыз ел үшін не істеді?

-Қазақстанды бүкіл әлемге танытты?

-Елімізге Тәуелсіздікті алып берді. Өзіміздің ел таңбамыз,көк туымыз, ән ұранымызды қабылдады.Мектептермен балабақшаларды көбейтті.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ел таңдаған Елбасы"

Автор: Сатаева Дамели Татибаевна

Дата: 18.02.2018

Номер свидетельства: 458190

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "МЕН ТА?ДА?АН ?МІР  ТРЕНИНГ САБА?  8-9 СЫНЫПТАР "
    ["seo_title"] => string(48) "mien-tan-dag-an-omir-triening-sabak-8-9-synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "178323"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424801777"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "саба? жоспары та?ырыбы: 1- ?ырк?йек білім к?ні "
    ["seo_title"] => string(48) "sabak-zhospary-tak-yryby-1-k-yrkuiiek-bilim-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "181183"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425309583"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Ел ерте?ін ойла?ан-Елбасы" "
    ["seo_title"] => string(33) "iel-iertien-in-oilag-an-ielbasy-1"
    ["file_id"] => string(6) "172462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423825021"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Елін баста?ан-Елбасы"
    ["seo_title"] => string(23) "ielin-bastag-an-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274218"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452347410"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Та?ырыбы «Рухани келісім – халы? бірлігіне бастар жол». "
    ["seo_title"] => string(57) "tak-yryby-rukhani-kielisim-khalyk-birlighinie-bastar-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "185420"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426178647"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства