Тәрбие сағаты Тақырыбы Елін сүйген, елі сүйген Елбасы 1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Дамытушылық. Оқушыларға президенттің елі үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, шар
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Тәрбие сағатымыз Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналады. ГИМН орындалады Ой қозғау - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. - Біздің президентіміз кім? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? - 1991 жылы - Дұрыс айтасыңдар. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Биыл міне үшінші жыл, Тұңғыш президент күнін атап өтудеміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»»
Павлодар қаласы
Баянауыл ауданы
«Баянауыл ауылының бөбектер бақшасы»
Тәрбиеші: Магипратова С.Ж.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Тәрбие сағаты Тақырыбы Елін сүйген, елі сүйген Елбасы 1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Дамытушылық. Оқушыларға президенттің елі үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, шар
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі Тәрбие сағатымыз Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне арналады. ГИМН орындалады Ой қозғау - Біз қай мемлекетте тұрамыз? - Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. - Біздің президентіміз кім? - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? - 1991 жылы - Дұрыс айтасыңдар. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Биыл міне үшінші жыл, Тұңғыш президент күнін атап өтудеміз. 1 - жүргізуші Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
2 - жүргізуші Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған!
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтады. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай - талай асқарлы асуларды бағындырдық. Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді. Бұл жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген .
Бүгін тұңғыш президент күніне арналған мәнерлеп оқу кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
Кешімізді «Жұлдыздар» тобының балалары «Мен елімді сүйемін» әнімен бастайды.
Кезекті өлең оқууға береміз.
Ақбаян
Нұрсұлтандай атамыз,
Қазақ елін басқарған
Атамыздай боламыз,
Ел тағдырын ойлаған.
Талай жылдар аңсаған,
Еркіндікті әперді
«Туған елді, жерді сүй»-
Деп аманат етеді.
Бар баланың атасы
Жұмысы оның-Елбасы
Қазақстан еліндегі,
Бар баланың атасы.
Ясмина
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Балалардың орындауында би «Айгөлек»
Айдар
Тәуелсіздікті сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Ел басының арқасы.
Қуанышты жас ұрпақ
Айтады оған мың алғыс.
Анеля
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген,
Елбасымыз Нұрсұлтанның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау еліне!
Кешімізді аяқтай келе сөз кезегін балабақша оқ ісінің әдіскері Б.Мұратқызына береміз. (Алғыс хаттармен марапаттайды)