kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекеменің педагог-тәрбиешілеріне арналған іс-шара жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"»

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»

Мақсаты:Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті.Жалаушалар.

Жүргізуші:Құрметті «Нұрбақыт» бөбекжайы ұжымдары, ата-аналар, бөбекжай бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Жүргізуші:Бөбекжай бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

Жүргізуші:Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті әнұранмен ашады.

Әнұран айтылады.

Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті тірлік болып қашан да,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Жүргізуші:Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан.

Жүргізуші:Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар:Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші:Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.Еліміздің президенті кім?

Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Слайд желтоқсан құрбандарының суреті көрсетіледі.

Жүргізуші:Ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Ерқанат: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тоқсан

Атаммен барғаным.

Әсет: Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған

Аға әпкелеріміз.

Айбар: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолында,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Жанғазы:Байтақ дала туған жердің,

Қымбат маған әр тасы.

Өзен көлі, самал желі,

Асқар тауы-баршасы.

Диас: Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!







Бекарыс: Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Азиза:Астана-арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас боп.

Біз үлкен болғанда да.

Мансур: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке, баланың

Қазақстан жалауы.

Нартай:Отан сенің ата-анаң.

Отан-досың, бауырың.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

Дарын:Отанды жас кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

Шұғыла:Отан-менің жүрегім,

Отан-менің тірегім,

Отан-менің отбасым,

Тек соны ойлап жүремін.



Мұқан:Мерекеге шығады.

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады.

Тәуелсіздік-ұлық той.

Осман:Көтерілсе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды

Егеменді ел бүгін

Нарұл:Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық.

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Нүрбек:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда.

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Айару:Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық.

Заңғар:Әр қазақтың есінде сақталады.

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.



Алтынай:Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен Ләззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

Ержігіт:Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Наз:Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.

Мархабат:Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз.

Мықты болсын елміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Аңсар:Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік-ұлық той.







Алтынбек: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда.

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Жүргізуші:

Көрініс:Көрініске қатысатындар.

Қайрат рөлінде:Байырбек Бекарыс.

Кольбин рөлінде:Эльдарұлы Нарұл.

Дәметкен әже рөлінде:Нұрман Айару.

Кольбиннің көмекшілері:Мұрат Нүрбек, Ахмет Заңғар.

Жүргізуші:Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков.Ол қыршынан жасын қиды.Оған үлкен айып тағылды

Ерлігіңе қуанам да, сүенем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сендердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі-Қайрат Рысқұлбеков,ендеше Қайрат жайында көріністен үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс:Қайраттың абақтыдағы кезі.

Қайрат:Бекарыс

Қазақ ханы халқы үшін

Қарусыз шықты алаңға

Алыстан әскер алғысып,

Қырып салдау табанға,

Сөйлесем сөзім жетпейтін

Кез болдық ау заманға.

Кольбин:Нарұл

Савицкийді өлтірген қылмыскер сен бе?

Қайрат:Бекарыс.

Жоқ мен емес, жоқ мен емес, мен өлтірген жоқпын жалла жаппаңдар!

Кольбин:Нарұл

Тоқтат өшір үніңді алып кетіңдер ананы.

Дәметкен әже:Айару

-Жоқ балам кетіңдер, тиіспеңдер, құлыным-ау, құдайым-ау не жаздым мен саған.

Кольбинге айтқан сөзі әжесінің.

Құлыным-ау сенің де анаң бар шығар Ақжаулығымды сыйлаңдаршы, кешіріңдерші оны.

Жоқ балам құлыным жіберіңдерші оны.

Қайраттың сотқа айтқан сөзі.Ақтық сөзімді тыңдаңдар.

21 жасым бар

Күнәдан таза басым бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.







Жүргізуші:Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Ән:Отан.

Жүргізуші:Қазақ аты береке, бірлік дер ем

Қазақ осы бірлікті-тірлік деген

Сахараға бүгін де шықты қазақ

Тәуелсіз бір тағалы жүрекпенен.

Би: «Шабандоздар»

Жүргізуші:Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-дей келе, бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Тәуелсіздіктің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.Тәуелсіздік таңы ата берсін!













«Нұрбақыт» бөбекжайы











«Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»



(Ертеңгілік) «Гауһар» тобы.







Тәрбиешілер:Косаева Д.С.

Тұрғалиева А.







2018 оқу жылы

Қолданылған әдебиеттер:

1.Бала мен балабақша №7.2014.

2.Мектепке дейінгі тәрбие №2 2017




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"

Автор: Тургалиева Арай Нүрекешқызы

Дата: 16.11.2021

Номер свидетельства: 591543

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік»"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin_ierkindighi_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "416870"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495176268"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Елімні? еркіндігі – Т?уелсіздік." "
    ["seo_title"] => string(35) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "178849"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885611"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Елімні? еркіндігі-Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(31) "ielimninierkindighituielsizdik1"
    ["file_id"] => string(6) "286996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454423804"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства