Просмотр содержимого документа
««Ел ордасы -Астана»»
Сөйлеуді дамыту
Балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен, сани есімдермен, үстеулермен, жұрнақтармен және жалғаулармен байыту. Қажетті сөздерді дұрыс түсінуді және қолдануды қалыптастыру, оларды сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету;
Тақырыбы: «Ел ордасы -Астана»
Сурет салу
Балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып,сурет салуға үйрету, күрделі емес қимылдарды бере білу.
Тақырыбы: «Байтерек»
( Кіріктірілген оқу қызметі)
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап» (доппен)
Біз қай Республикада турамыз?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Біз қай қалада тұрамыз?
- Балабақшамыз қалай аталады?
-Біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқып беру
Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән
Елордасы Отанның
Мақтанышым-Астанам.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Кім Астанаға барды?
Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде білесіңдер?
Астана туралы мәлімет беру. (слайд)
Ақорда-Қазақстан Республикасы Перизидентінің жұмыс орны.
Бәйтерек-Астананың басты белгісі.
Алдымен, Қазақстан Республикасының картасына көңіл аударайық. Қараңдаршы, онда туған еліміздің үлкен қалалары, өзен, таулары орналасқан.
Мына Бәйтерек монументі туралы сендерге ертегі айтып берейін. (слайд)
«Ертеде Бәйтерек ағашы деген үлкен ағаш болып өсіпті. Жыл сайын Бәйтеректің басына – қасиетті Самұрық құс күн секілді жарқырап алтын жұмыртқа салатын болыпты. Бірақ та жұмыртқаны күн сайын айдаһар ұшып келіп жеп қояды екен. Осылай күннен – күнге жалғаса береді.»
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, неге күн сайын самұрыққұсы жұмыртқа салған сайын айдаһар оны жеп қояды?
Балалар «Астана – Бәйтерек» монументі осы ертегі мәтінімен байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің еліміз осы бәйтерек ағашы сияқты әрқашан биіктен көрініп, аспандағы күніміз алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату – тәтті өмір сүрсін» - деген оймен қазақ елінің символы ретінде жасалған.