kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алаштың бақ Ордасы-Астана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                              Алаштың бақ Ордасы – Астана

 Жүргізуші: Құрметті оқырман қауым, оқушылар мен ұстаздар! Біз бүгін                 «Алаштың бақ Ордасы – Астана»  атты мәдени шара өткізгелі отырмыз. Бұл кешіміздің мақсаты: оқушыларды Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.

Шарамызды Гимн айтумен бастаймыз.

 Оқушы: Астана:  Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алаштың бақ Ордасы-Астана"»

Алаштың бақ Ордасы – Астана


Жүргізуші: Құрметті оқырман қауым, оқушылар мен ұстаздар! Біз бүгін «Алаштың бақ Ордасы – Астана» атты мәдени шара өткізгелі отырмыз. Бұл кешіміздің мақсаты: оқушыларды Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.

Шарамызды Гимн айтумен бастаймыз.

Оқушы: Астана: Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қала атауы Целиноград болып өзгертілді. 1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталды және Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді. Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды. Астана күн санап жаңарып, жасылданып келеді. Ортасын қақ жарып өтіп жатқан Есіл өзені тіршілігіміздің күре тамыры іспетті, Астана қаласының озық архитектуралық жаңаруы барлық қазақстандықтарды жаңару жолына шақыруда үлгі көрсетуде. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Оның өсіп-өркендеуі сөз жоқ, мемелекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.

Оқушы: «Хан шатыры». Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған. «Нұр Астана» мешіті. Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.


Оқушы: «Тәуелсіздік Сарайы». Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер.

Жүргізуші: - Кәне, балалар, Астана туралы өлеңімізді мәнерлеп айтып берейік.

1-оқушы:

Ақмола небір тарих көрген қала,

Арқада Ақмола боп өнген қала.

Тілгенде темір төсін темір түрен,

Жалаулап жаңа қауым енген қала.

2-оқушы:

Астана – ару қала, аппақ қала,

Көрінген көкжиектен асқақ дара,

Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,

Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана.

3-оқушы:

Астана – арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана – сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

4-оқушы:

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның

Мақтанышы Астанам.

Қарыштап алға бас қадам

Отанымның жүрегі,

Елорда – менің Астанам.

5-оқушы:

Астанам – бағы биік асқарымсың,

Астанам – мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам – пейіш қала, ел арманы,

Астана қайда жүрсем мақтанышым.

6-оқушы:

Астана – шапағаттың шуағындай,

Астана – махаббатың тұрағындай.

Астанам – періштелер мекенісің,

Астанам – Қазақстан тұмарындай.


Жүргізуші: «Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».

«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.

А – Астана - жастардың қаласы.

Р - республиканың орта тұсында орналасқан.

Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.

А - Алғашқы атауы – Ақмола.


Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар.

Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды.

С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.

І - Іргесі 1830 жылы қаланды.

Н - Нұра өзені ағады.

Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр.

Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.

Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті – білікті жас мамандар

болашағы.

І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.


А- Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.

Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.

У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалар бар.


Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.

А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар. Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.

А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.


А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.

С- Символы-Бәйтерек.

Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.

А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза

Рүстемов жобалаған.

Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.

А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда

«Бейбітшілік қаласы» аталды.

Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы.





Жүргізуші: Ән: «Жаса Қазақстан»

7-оқушы:

Киелі менің Ақордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке, бірлік, достықтың,
Тұнығынан нәр алған.
8-оқушы:

Жайнай бер жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
9-оқушы:

Сәулеңді шаш еліңе,
Нұрыңды төк жеріңе.
Киелі менің Елордам,
Бақ болып қонған төріме!

Жүргізуші: Ән «Ел жүрегі - Астана»

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі мәдени шарамыздың барысында Егемен еліміздегі Астанамыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып, ел сеніміне ие бола беріңдер.































БЕКІТЕМІН


Аудандық орталықтандырылған

кітапханалар жүйесі ММ-нің

директоры -------------- Б.Жақсыбаева



Тақырыбы: «Алаштың бақ Ордасы – Астана»

(әдеби кеш)



Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы


Шалқар қаласы Өткізілу уақыты: 15.00.

11.12.2017ж.


Өтетін орны: №5 мектеп-лицей.

Қатысушылар: Оқырман қауым, мектеп кітапханашылары,

№5 мектеп-лицейдің 5 Г сынып оқушылары.


Қатысушылар саны – 30 адам.


Көрнекілік: Астанаға арналған кітаптар, цытатылар және бүктемелер.



15.00 – 15.15 Алғы сөз. А. Тасқожина.


15.15 – 15.20 «Астана – мәңгі жарық аспанымсың» Ә.Махмуд.


15.20 – 15.25 «Киелі менің Елордам» Ж.Жидеханова.


15.25 – 15.35 Мектеп оқушылары.


15.35 – 15.40 Көрмеге библиографиялық шолу жасау. А.Тасқожина.


15.40 – 15.45 «Жайнай бер жаңа Астанам» (слайд)


15.45 – 15.50 Қорытынды: (атсалысқан оқушыларды марапаттау).










іс – шараның Х а т т а м а с ы


Шара қонағы: №5 мектеп-лицей мұғалімдері мен кітапханашы.


Қатысушылар саны: 30 адам.


Көрнекілігі: Астанаға арналған кітаптар, цытатылар және бүктемелер.


Күн тәртібінде:

1. «Астана – мәңгі жарық аспанымсың» (баяндама)

2. «Киелі менің Елордам»

3. Мектеп оқушылары. Астанаға арнау.

4. «Жайнай бер жаңа Астанам» (слайд)

Тыңдалды: Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп – өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.


Сөйлеушілер:

1. Мұғалім Ә.Махмуд.

2. Кітапханашы Ж.Жидеханова.

3. Мұғалім А.Шарипова.


Қысқаша мазмұны: Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.





Қорытынды: Кітапхана меңгеруші А.Балмырзақызы «Алаштың бақ Ордасы – Астана» атты кітап көрмесіне шолу жасады және оқушыларға кітапхана атынан алғыс хаттар табыс етіті.




Хатшы: А.Тасқожина.



МӘЛІМЕТ

Алаштың бақ Ордасы – Астана

Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел жүрегі – Астана» облыстық патриоттық акциясына орай Шалқар аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Тасқожинаның ұйымдастыруымен «Алаштық бақ Ордасы – Астана» атты кеш өткізілді. Кешке №5 мектеп – лицейдің 5 Г сынып оқушылары қатыстырылды. Кештің мақсаты: оқушыларды Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.

Сынып жетекшісі Ә.Махмуд: Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.
Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда, - деп оқушыларға Елорда жайында шағын мәлімет беріп өтті.

Мектеп кітапханасының кітапханашысы Ж.Жидеханова: бүгіндері Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты балаларымен терезесін теңестіріп тұр. Астана – ғажайып құрылыс алаңы.
Әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын. Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың яғни сендердің қалаларың деп, өз ойын айтты.

Кеш барасында С.Әбілғазиева, А.Әшімова, М.Жайбергенова Астанаға арналған өлең жолдарын нақышына келтіріп орындап берді. Ал, Ш.Мұратова мен А.Нурадин «Астана» әнін шырқады. 5 В сынып оқушысы Д.Саматқызы өзі шығарған өлең жолдарын арнады. Басқа оқушылар да өлең оқып, ән орындап көрерменнің көңілін бір көтеріп тастады. Астанаға арналған кітап көрмесімен аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Балмырзақызы таныстырып өтті. Кеш соңында кітапхана атынан оқушыларға алғыс хат табыс етілді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алаштың бақ Ордасы-Астана"

Автор: Махмут Алия Есимбаевна

Дата: 05.04.2018

Номер свидетельства: 465052


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства