Просмотр содержимого документа
«"Дос іздеген Бота" Жаңа жыл ертеңгілігі.»
Жаңа жылға арналған ертеңгілік
« Дос іздеген Бота »
Мақсаты: Ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу.Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Көркем сөздерді мәнерімен орындауға тәрбиелеу.
Рөльдерде ойнайтындар: Түйе. Бота. Қозылар . Лақтар . Тауыс құсы. Өрмекші адамдар. Жаңа жыл Тауық .Ұлпақарлар. Қар адамдары .Ақ тиін. Қояндар .Аюлар. Ара
Жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге Жаңа табыс тілейік ісімізге Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін. Мына отырған барша жан бәрімізге!-
Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келе жатқан тауық жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін.Жаңа жылға арнап әзірлеген бүлдіршіндеріміздің ән-жырын қабыл алыңыздар
Ән: « Жаңа жыл»
. Тақпақтар:
Жүргізуші: Жаңа жылды тек қана біздер емес, аңдар мен жануарлар да тойлайды екен, ал олар қалай тойлап жатыр екен соны көрейік.
Жаңа жылдық кеште,
Көтереміз көңіл біз.
Түсіреміз еске,
Ертегілер елін біз.
Жаңа жылдың алдында,
Орындалар армандар.
Ертегілер,ертегілер естілсін,
Ертегілер,ертегілер көрінсін!
Автор: Ерте,ерте,ертеде боталы түйе болыпты.
Түйе: Түйе, түйе, түйемін,
Жануармын киелі.
Жан - жағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын.
Автор:
Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы:
Түйе: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Жаңа жылда келіп қалды доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. ( бота басын изеп тұрады )
Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт - жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
Бота: - Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым.
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім. (Шыршаны айналып айтады)
Автор: Бота алдынан қозылар, лақтар шығады.
Бота: - Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.
Қозылар: - Мә-ә, Біз қошақан қозымыз,
Момақанның өзіміз.
Лақтар: Біз лақпыз қандаймыз,
Аппақ болған таңдаймыз.
Бәрі бірге: Кел, бәріміз дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық. (айналып секіреді)
Би: «Лақтар мен қозылар»
Бота:Жо - жоқ, сендер сияқты достар емес.
Лақтар, қозылар: Мүмкін тауыс құстары болар (шыршаны айналып келеді, алдынан тауыс құстары шығады)
Бота: - Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.
Тауысқұстары: ‑ Біз тауыспыз, тауыспыз
Ерекше үнді даусымыз
Құстармыз ең әдемі
Тамсандырар әлемді
Бәрі бірге: Кел бәріміз, дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық (айналып секіреді) Би: «Павлиндер»
Бота: Жо-жоқ,сендер сияқты достар емес.
Тауыстар: Мүмкін өрмекші адамдар болар(шыршаны айналып келеді,алдынан өрмекші адамдар шығады)
Бота: - Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.
Өрмекші адамдар: Біз өрмекші адамдар,
Біліп қой сен ботақан.
Достарымыз көп біздің,
Дос болайық, кел ойнайық.
Бәрі бірге: Кел, бәріміз дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық. (айналып секіреді)
Би: «Өрмекші адамдар»
Бота: Жо-жоқ, сендер сияқты достар емес.
Өрмекші адамдар: МүмкінЖаңа жыл болар.
Жаңа жыл: Бота, бота сен жалғыз өзің не істеп жүрсің?
Бота: -Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін.
Жаңа жыл - Тауық:
Армысыңдар, халайық Қәне бері қарайық Мен жаңа жыл – Тауықпын Дайын сізге жыр - әнім.
Жаңа жыл Кел, екеуміз дос болайық,Жаңа жылға бірге барайық. (айналып секіреді)
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Тауық : Мүмкін ұлпақарлар мен қар адамдары болар. (шыршаны айналып келеді,алдынан ұлпақарлар мен қар адамдары шығады)
Бота: - Бө-ө-ө,мен дос іздеп жүрмін.
Ұлпақарлар: Ұшамыз біз Ұлпақарлар,
Дала менен тоғаймен.
Барлық жерді басып алып,
Айналамыз әнменен. Қар адамдары: Қар адамы біз боламыз,
Бізбен дос бол ботақан.
Сені қорғап біз жүреміз,
Ормандағы аңдардан.
Бәрі бірге: Кел, бәріміз дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық.(шыршаны айналып секіреді)
Би: «Ұлпақарлар мен аққалалар»
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты достар емес.
Ұлпақарлар мен қарадамдары: Мүмкін ақ тиін, түлкі,қояндар,аюлар
болар.(шыршаны айналып келеді,алдынан ақ тиін,қояндар мен
аюлар шығады)
Бота: - Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін.
Ақ тиін: Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Түлкі: Мен түлкімін , түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Қояндар: Біз қоянбыз, қоянбыз,
Күндіз - түні ояумыз.
Қорқа - қаша сыбдырдан,
Шаршауға да таяумыз.
Аюлар: Біз аюмыз қорбанбай,
Жүреміз біз қорбандай.
Асымыз біздің тәтті бал,
Тұрағымыз ну тоғай.
Бәрі бірге: Кел, бәріміз дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық. (айналып секіреді)
«Аңдар биі»
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты достар емес.
Ақ тиін,түлкі, қояндар, аюлар: Мүмкін ара болар (шыршаны айналып
келеді, алдынан ара шығады)
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты дос емес.
Ара: З – з – з, Ұшып келсем қасыңа,
Менен, сен шошыма.
Сен тимесең тимеймін,
Қастығым жоқ досыма, з – з –з.
Кел екеуміз дос болайық,
Жаңа жылға бірге барайық. (айналып секіреді)
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан шыршаны айналып зорға қашып, басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.
Түйе: - Дос таптың ба, ботам?
Бота: - Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз.
Тура мен сияқты, ешкім жоқ екен.
Түйе: - Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым.
Досты жан тазалығыңмен таңдау керек.
Автор: Сол кезде Бота қуанып, адал достары: қозыларды, лақтарды, тауыс құстарды, өрмекші адамдарды, араны, қояндарды, аюларды, ақ тиінді, ұлпақарларды, қар адамдарын, жаңа жылды ертіп келіпті.
( Көңілді әуенмен шыршаны айналып ән салады. )
Ән: «Шырша жыры» « Шырша шамдары жарқырап жанады, балалар шыршаны айналып »
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Музыка әуені естіліп,балалар үнсіз тынышталады)
Балалар Жаңа жылдың сәнін келтіретін кім жетіспей тұр, қане – қане ойланайықшы?
( Балалар Аяз ата, Ақшақар деп жауап береді).
Бәріміз Ақшақарды шақырайықшы?
Балалар: Ақшақар қыз, сұлу қыз,
Жаңа жылда ортаға.
Күтіп тұрмыз,Сізді біз.
( Музыка әуенімен Ақшақар би билеп ортаға келеді.)
Ақшақар: - Балалар Жаңа жылдарыңмен !
Ата - аналарыңның қуанышы,балабақшаның тәрбиелі, білімді
ұл - қыздары болуларыңа тілектеспін.
Аяз - ата, Ақшақар
Сіздерменен бір болар
Жаңа өмір жаңа жыл
Құтты болсын балалар!
Жүргізуші: Алақай, балалар шырша шамдары жанып тұр.
Қане, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Мына әсем шыршаға,
Көңілді әнді шырқайық.
Ән:«Елочке-не холодно зимой»
Жүргізуші:Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Тақпақтарды балалар,
Шыршамызға арнаңдар.
Тақпақтар:
Жүргізуші: Балалар бізде бәрі қызықты, бәрі көңілді. Шыршамыз жанды,Ақшақар келді. Бізге кім жетіспейді? (балалар Аяз ата дейді).
Балалар бәріміз Аяз атаны шақырайықшы.
(Қорқынышты, жағымсыз әуен ойналып, балалар сескене есікке қарайды)
Қасқыр: - Мына жерде не деген қызық болып жатыр?
Жүргізуші: - Қасеке біз Жаңа жылды тойлап жатырмыз. Қасқыр: - Орман аңдары,ертегі кейіпкерлері неғып жүр?
Жүргізуші: - Жаңа жылды қарсы алуға келді.
Қасқыр:мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха (деп секіреді) Жүргізуші: Неге олай еттіңіз? Аязатасыз қандай жаңа жыл мерекесі болмақ?
Қасқыр:Пай - пай! Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде Қасқыр: төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді/ Жүргізуші:Тоқтаңыз! Тоқтаңыз! Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! \Қасқыр:сөзге мән бермейді/ Ақшақар: - Қазір балалар Қасқырды мен сиқырлы таяғыммен сиқырлап көрейін деп таяғымен қасқырды шырша түбіне ұйықтатып тастайды да,
Қасқыр қасқыр,қасеке
Болма қане жағымсыз.
Жаңа жылды қарсылап,
Достасайық бәріміз деп -, сиқырлы таяғын сермеп,қасқырды фу-фу-фу деп ұйқысынан оятып алады.
( Қасқыр күліп оянады, көзін ашып айналасына таңырқай қарайды)
Қасқыр: - Маған қандай көңілді, менің достарым көп екен.
Балалар қандай мереке тойлап жатырсыңдар?
Балалар: - Жаңа жыл мерекесін Қасқыр: - Менде сендермен бірге тойлайыншы сендерге әуелі аяз атаны жіберейін.
Жүргізуші: - Балалар мына музыкадан ысқырған аяз, боран дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Кім келу керек еді ортамызға?
Балалар: - Аяз ата.
- Олай болса шақырайық.
Бәрі бірге: Аяз ата келіңіз,
Бізге сыйлық беріңіз.
(Аяз ата – аяз ата деп айқайлайды, музыка әуенімен Аяз - ата келеді).
Арта бермек асқақтап! - деп бәріміз Аяз-атамызға арнап ән айтып берейік.
Ән: « Аяз ата »( шыршаны айналады ) Аяз ата: Ал, балаларым мен алыстан шаршап келдім. Маған қандай өнерлерің бар арнап дайындаған? Қане кім өнерін көрсетеді ?
Тақпақтар:
Аяз ата: тақпақты жақсы айтады екенсіңдер, тынығып демалып қалдым. Енді сендермен ойын
ойнағым келіп тұр
( Осы кезде Аяз Ата қолғабын түсіріп алады.)
Ойынның аты:«Тесік қапшық» Ойынның шарты: Аяз ата қапшыққа үш баланы салып алып арқалап кетеді,балалар қапшықтың түбінен шығып кетіп орындарына отырып қалады.
« Аяз атаның қолғабы » Ойынның шарты: Аяз ата байқамай қолғабын жерге түсіріп алады,сол кезде балалар қолғапты бір-біріне лақтырып,Аяз атамен бірігіп ойнайды.
Аяз ата: УҺ, шаршадым өздерің қандай жақсы балаларсыңдар, аяздан қорықпайтын, шапшаң қимылдайтын.
Жүргізуші: - Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз демалыңыз. Біздің балалардың әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Jingle bells»
Жүргізуші: Аяз ата біз енді сіздің өнеріңізді тамашалағымыз келіп тұр.
Аяз ата мен Ақшақар Пляска билейді флешмоб
Жүргізуші: Балалар , қарап отырсақ, бізді осындай күйге жеткізіп отырған кімнің арқасы, әрине Ата-анамыздың арқасы. Ендігі кезекті ата-аналармен ойнап көрейік.
Ойын: Ата-аналармен «Кім тез пиманы киеді?» Шарты:пиманы киіп шыршаны айналу қарама қарсы,кім бірінші келеді сол жеңімпаз болады. Аяз ата: - Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым,бәрі жақсы,сендермен бәрі көңілді.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз өздерінің өнерлерін сізге көрсетті. Балаларға алыстан алып келген қандай сыйлықтарыңыз бар?. Аяз ата Әрине балаларым,дұрыс айтасыңдар.Ұмытып бара жатыр екенмін.Есіме түсіргендерің қандай жақсы болды.Менің сендерге әкелген көптеген сыйлықтарым бар. /Аяз ата балаға сыйлығын береді, сыйлықтың орнында кәмпиттің қағаздары, апельсин мен бананның қабықтары/
- Менің сыйлықтарымды қасқыр алған екен. Олай болса сиқырлы таяғыммен оларды осы жерге жеткізейін.
/Қасқыр сыйлықтағы кәмпиттерді жеп келеді, қолында чемодан бар/
Аяз ата: -Қасқыр сен неге балалардың сыйлықтарын аласың?
Қасқыр:–Ендеше біздің чемодандағы заттарды оларға сыйлайық.
/Чемоданның ішінен ескі киімдер мен ескі ойыншықтар шығады/
Аяз ата: Осы қылығың үшін сендерді мен қазір үсіремін.
Қасқыр: -Балалар мені кешіріңдерші. Аяз ата сыйлықты үнемі сіздерге береді, біздерде жаңа жылда сыйлық алғыларымыз келді.
Жүргізуші:-Балалар оларды кешіреміз бе? /Балалар келіседі
Аяз ата:Мен қазір қапты сиқырлайымын.
/Чемоданды таяғымен сиқырлайды, балаларға сиқырлы сөздер айтқызады, үргізеді, ашқанда ішінен сыйлық шығады. Балаларға сыйлық таратылады. Балалар рахметтерін айтады/
Жүргізуші: - Балалар Аяз ата мен Ақшақар әлі ұзақ жол жүрмекші сендер сияқты балалар күтіп отыр,оларда жаңа жылды Аяз ата Ақшақармен бірге қарсы алғылары келеді екен.Біздің атамыз өзінің немересімен бірге кеткелі тұр,қане бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайықшы.
Аяз ата:Тығыз менің уақытым,
Асығыспын, балаларым.
Шақырады алысқа,
Ақшақар мен атаңды.
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жаңа бақыт , Жаңа жыр!
Келесі жылы кездескенше аман болыңдар. Сау болыңдар!
/ Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді/
Балалар: - Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: Ең жақсы күн Жаңа жыл қай елге де,
Қызығы ортақ кедей мен бай елге де.
Біз отырмыз ішімізден бақыт тілеп,
Жер бетінде жүрген бар пенделерге.
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Жаңа жыл келген күні қуанғандай,
Барша халық күлкіден арылмасын.
Құрметті: Ата-аналар,қонақтар,әріптестер!
«Сұңқар» тобының жаңа жыл мерекесіне арнап дайындаған «Жаңа жыл –Думанды кеш» атты ертеңгілігі аяқталды.Сау болыңыздар!