Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды сауықтыру мәселелері бойынша педагогтардың білімін жүйелеу. Тәрбие-білім беру процесінің нәтижелілігін арттыру және тәрбиешілерде тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған құндылықтық бағдарларды қалыптастыру. Балабақшада балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру.
Міндеттер: 1. Мектепке дейінгі жастағы балалармен сауықтыру жұмысында педагогтардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
2. Педагогикалық ойлауды дамытуға ықпал ету, барлық қатысушылардың шығармашылық жұмыстары үшін қолайлы жағдай жасау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Дене шынықтыру білгірлері» атты іскерлік ойын.»
«Дене шынықтыру білгірлері» атты іскерлік ойын.
Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды сауықтыру мәселелері бойынша педагогтардың білімін жүйелеу. Тәрбие-білім беру процесінің нәтижелілігін арттыру және тәрбиешілерде тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған құндылықтық бағдарларды қалыптастыру. Балабақшада балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру.
Міндеттер: 1. Мектепке дейінгі жастағы балалармен сауықтыру жұмысында педагогтардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
2. Педагогикалық ойлауды дамытуға ықпал ету, барлық қатысушылардың шығармашылық жұмыстары үшін қолайлы жағдай жасау.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің «Дене шынықтыру білгірлері» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, сөс туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық.
Өзінізге ұнаған жемісті тандап алыныз. Осыған байланысты төрт топқа бөлінеміз.
І-кезең «Терминдерді табу»
1)....... - бұл аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы" (Денсаулық)
2)............ - организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы.( Шынығу)
3) ...... -адам денсаулығы туралы ғылым (Валеология)
4). ................- мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы; (дене шынықтыру)
ІІ-кезең Сен білесін бе?
1. Қандай жануарлардың жүннен емдік киім жасайды? (Ит және түйе жүнінен).
2.Неге 10 жылдан астам қызмет еткен диванді, тіпті ол әлі жарамды болса да ауыстыру керек? (Поролон жылдар бойы бұзылады және улы заттарды бөледі).
3.Биік өкше аяқ киім мен тар аяқ киімді кию қандай ауруға әкеледі? (Жалпақ табан).
4.Балық майынның пайдасы неде? (Д витамині қаңқа қалыптастыру үшін қажет).
5.Дүниежүзілік денсаулық қай күні тойланады? (7 сәуір)
6.Ағзаның вирустар мен бактериялардың басып кіруінен қорғау қабілеті қалай аталады? (Иммунитет).
7.Ағзадағы витаминдердің жетіспеушілігі қалай аталады? (Авитаминоз)
8.Өз қанын немесе басқа бір ұлпасын өзге адамдарға құю, салу үшін беруші адам қалай аталады? (Донор)
ІІІ кезең Викторина
1.Жаттығу- бұл сергектік пен денсаулықтың көзі. (Иә.)
2.Сағыз тістерді сақтайды. (Жоқ.)
3.Жыл сайын темекі шегуден 10000-нан астам адам қаза табады (Иә.)
4. Профилактика – физиологиялық және психологиялық аурулардың пайда болуына себеп (Жоқ)
3. алтыннан, да, болу, сау, қымбат,. (Сау болу алтыннан да қымбат)
4. адамда, бар, сау – үміт, үміті ,да, бар ,бар – бәрі. (Сау адамда – үміт бар, үміті бар да – бәрі бар)
Нұсқаушы: Әрине, сіз біраз шаршадыңыз, сондықтан үстелдерден тұрыңыз және маған өтіңіз. Әр топтан 2 адам шығады.
VІ-кезең «Ойын» 1 тапсырма: Бой ретімен тұрындар. (кері)
2 тапсырма: Әліппе ретімен тегінің алғашқы әріпі бойынша жылдам сапқа тұру
3 тапсырма: Таңғы жаттығудың бірнеше жаттығуларың көрсету. (әр топ әр түрлі дене мүшелеріне арналған жаттығуларды көрсету)
VІІ-кезең «Спорт түрлері»
Отаға әр топтан басқа 2 адамнан шығады,бір адам интерактивтік тақтаға артымен тұрады ал біреу алдымен тақтаға қарап тұрады.Тақтада бір спорттың суретті көрсетіледі сол спорт түрін ол өз әріптесіне қимылмен көрсетеді,әріптесі оны дұрыс табуы керек.
Релаксация
Баяу музыка ойнап тұрады. Релаксацияға арналған жаттығулар.
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуені, шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Терең дем алыңыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізді күні бойына жетер жігер, қуат алдық, біз көңілдіміз! Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, бақытты, керемет жандармыз! Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қараймыз!
... - бұл аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы"
... - организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы
... -адам денсаулығы туралы ғылым
... - мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы