Просмотр содержимого документа
«"Біздің балабақшаның ашылу салтанаты"»
«Бекітемін»
№55 «Қыран» балабақша директоры
___________Утесинов М.Ж
« »___________2018ж.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің салтанатты ашылу сценарийі
Жүргізуші:
Ауылым той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Армысыздар қадірлі ата – аналарым,
Армысыздар кіп – кішкентай балапаным.
Құтты болсын деп айтамыз бүлдіршінге,
Бақшамызға нық – нық басқан қадамдарың.
Балабақша – менің жарқын көңілім,
Балабақша шаттық толы өмірім.
Балабақша әнім боп та көріндің,
Балабақша анам боп та көріндің, -дей отырып, бүгін №55 «Қыран » балабақшаның ашылуына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше назар аударар шақ туды. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында тиісті тәрбиеге баулу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сол себептен облысымыздың әр ауданы мен ауылында балабақшалар ашылып халықты қуанышқа бөлеп отыр. Бұл еліміз үшін, халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін үлкен жетістіктердің бір.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы жолдауы аясында қайта ашылып жатқан балабақшаларға ерекше қолдау көрсетіп жатқан облыс әкімі______________________ мырзаға алғасамызды айтамыз.
Құттықтау сөз ______________________ мырзаға беріледі.
Жүргізуші :
Балабақша босағасы – бұл бір шың,
Сонда өседі , қанат қағып бүлдіршін.
Еліміздің Президенті ертеңгі,
Балабақшада жүр ме екен кім білсін.
№7 топ тәрбиеленушісі Сәрсенбай Көркем Ықыласқызының орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстаным!» өлеңі.
Жүргізуші :
Бала тәрбиесі – ол үлкен және жауапты іс. «Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы қай нәрсеге болса жасынан үйреткен жақсы. Әсіресе елін сүюге, имандылыққа , қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді №55«Қыран» балабақшасының тәрбиешілері беретініне сенеміз.
Келесі құттықтау сөзді балабақшамыздың ата-анасы_____________________________береміз.
Жүргізуші :
Бүгінгі күн әр баланың, әр азаматтың жүрегінде. Тәрбиенің негізгі қалаушысы- балабақша. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз.ендеше кішкентай балғындарымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Бала:
Ата – анамның күнімін,
Туған елдің гүлімін.
Тілім де бал, өзім бал,
Балдай тәтті қылығым.
Бала:
Good night, Good night,
My little child.
Wake up gay and bright.
In the morning light.
Бала:
Про наш веселый детский сад,
Мы гоорим с теплом.
За годом год для всех ребят,
За годом год для все ребят!
Құрметті бүгінгі ашылу салтанатына жиналған қонақтар!
№55 «Қыран» балабақшамыздың бүлдіршіндерінің қадамы құтты болсын, балабақшаның ашылу салтанатының лентасын кесу құрметін Маңғыстау облысының әкімі ______________________ мырзаға ұсынамыз.