2. ??ыпты да ?демі азамат болу ?шін адам денсаулы?ына не ?ажет?
3. Денсаулы?ты? ?астары дегенді ?алай т?сінесі?дер?
4. Салауатты ?мір салтын са?тау дегеніміз не?
5.-Денсаулы? дегенді ?алай т?сінесі?дер?
Денсаулы? - жеке адамны? басты байлы?ы.
Денсаулы? - адам тіршілігіні? е? бірінші шарты.
Б?гінгі дені сау ?рпа? - елді? ерте?гі жал?асы.
-Б?гінгі т?рбиелік іс-шарамызды? та?ырыбына байланысты ??гімеміз тек денсаулы? ж?нінде болма?. Денсаулы? деген с?з-дені?ні? саулы?ы деген ма?ынаны білдіреді. Дені?ні? аурудан аман, ?айратты, жігерлі, к??ілді? к?тері?кі болуыны? ?зі-денсаулы?ты? белгісі. Дене м?шелеріні?, ішкі а?заларды? бірі ауырса, адамны? денсаулы?ы нашарлап, к??іл к?йі т?седі, еш н?рсеге зау?ы болмайды.
Просмотр содержимого документа
«"Бірінші байлы? -денсаулы?"»
Ақтүйесай орта мектебінің
«Арай» шағын орталығы.
Бірінші байлық-денсаулық
(тәрбие сағаты)
Денсаулық – зор байлық
(тәрбие сағаты)
Сабақтыңтақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал – мәтелдер.
Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Тапсырмалар:
1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?
2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Тәрбиеші: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Тәрбиеші:- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
- "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғысаласың, достарың да көпболады.
Қызғаншақболма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
3.Ауру атанды да шөктірер.
4.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
5.Бас ауырса жан қорқады .
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Бойымызды жазайық
Бір отырып, бір тұрып
Деммалып алайық.
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.
Слайд - Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалапалады.
Сүртедіқолын да,
Сүртедіжонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік,
Отызекіқызедік.
қатар-қатартізілдік,
Кезек-кезекүзілдік. (Тіс)
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
.
- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар.
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.