Просмотр содержимого документа
««Берекелі- мерекелі алтын күз»»
«Балдырған » бөбекжай бақшасы
«Берекелі- мерекелі алтын күз»
(ертеңгілік)
«Балапан» ортаңғы тобы
Тәрбиешілер: Аясханова Г
Имангалиева Б
Сарқан қаласы 2021
«Берекелі- мерекелі алтын күз»
«Балапан» ортаңғы тобы
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.
«Көкөністер» биі
«Күнбағыс» биі
Тақпақтар: Күз туралы –
Ойын: «Көкөністер мен жемістер »
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,
кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Қазір біздің балалар «Күзгі жапырақтар» биін билеп береді.
Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын мен жалғыз келген жоқпын мен өзіммен бірге күз айларын ала келдім, Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Қыркүйек
Алтын күз – қыркүйек,
Жер қара, күн жылы,
Жарқын күз – қыркүйек,
Жайнайды бұл күні.
Қазан –
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады,
Жарқырады жарқын күз,
Келді міне Алтын күз.
Қараша –
Қараша, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауып іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Шоғы толған гүлдей жайна
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз Ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.