Іздену – ұйымдастырушы | «Ұлы Жеңіске 68 жыл»слайд Біздің еліміз Қазақстан өз ал-дына тәуелсіздік алғанға дейін 15 республиканы біріктірген Совет елінің құрамында болды. Отанымызға тұтқиылдан ша-буыл жасаған фашистік Гер-манияны 1945 жылы мамыр айының 9-ы күні тас-талқан етіп жеңді. Сондықтан, 9 ма-мыр біз үшін Жеңіс күні болып табылады. Биыл Ұлы Жеңістің 68 жылдығын тойлағалы отыр-мыз. «1941 жыл 22 маусым соғыс-тың басталуы» слайд 1941 жылы маусымның 22-сі күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге неміс фашисте-рі тұтқиылдан соғыс ашты. Жау самолёттері жерімізге бомба тастады. /Соғыстың басталғанын хабарлаға- нын тыңдату/ Міне, барлық қалаларда, ауыл-дарда суық хабарды, яғни, соғыстың басталғанын осылай хабарлаған. «Ер азаматтар соғысқа ат-танды» слайд Елімізді, кіндік қаны тамған жерімізді, сіздер сияқты кішкентай балаларды жаудан қорғау үшін ер азаматтар майданға аттанды. Аттанып бара жатқан жауын-герлер: Қош бол, досым, жақыным, Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын, Сұрапыл бір соғысқа. деп елімен қоштасты. Кетіп бара жатқан жауынгер-лердің апалары, әжелері баста-рындағы жаулықтарының ұшымен көз жасын сүртіп қала берді. «Майдан алаңы» слайд Еліміздің жауынгерлері қасық-тай қаны, шыбындай жаны қал-ғанша жаумен шайқасты. Қазақстаннан 1 млн 870 мың қазақстандықтар қатысты. Майдан алаңына танктер, пулемёттер жіберілді. Майданға фабрикалар бірнеше шолақ тон, пималар жіберген. Ауылда қалған әжелер шұлық тоқып жіберген. Жауынгерлер қара нан мен қара суды қорек еткен. Арбаның үстінде темір шелекте сұйық сорпа болған. Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұл-қыздары қаһармандықпен ерлік көрсетті. Олар әлемге Отан қорғау жолында өздерінің батыр, ер жүрек екенін танытты. «Отан үшін от кешкендер» слайд Ұлы Отан соғысының батырла-ры: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев. «Рейхстагқа ту тікті» слайд Қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті. 1945 жылы Германияның астанасы Берлинге де қызыл ту тікті. «Маңғыстау батырлары» слайд Сонымен бірге Маңғыстаудан 6000 адам майданға аттанған. 4000 адам соғыстан оралмаған. Маңғыстау батырлары: Бегенов Мәди, Қартбай Бекжанов, Сүйеубаев Исатай, Боқаев Бисен. «Балабақша бүлдіршіндері-нің тарихи-өлкетану мұража-йына саяхатқа баруы» слайд Біз облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа бардық. Ұлы Отан соғысы туралы бөлімімен таныстық. Маңғыстаулық батырлардың фотосуреттерін көрдік. Олардың соғыста киген киімдері, қару-жарақтары бар. Жауынгерлердің Отанды қорғау жолында алған орден-дері мен медальдары да бар екен. «Көмір шахтасы»слайд Таушық кентінде көмір шахта-сы болған. Ер азаматтар соғыс-қа аттанып кеткен. Ауылда қалған жас келіншектер мен боз балалар осы шахтада жұмыс жасап, көмір өндірген. Әбіш Кекілбаевтың анасы Айсәуле әжей көмір шахтасында жұмыс жасаған. 1942 жылы неміс барлаушыла-ры шахтаны бомбалаған. Кузбасс, Донбасс көмір шахталары жұмыс жасамай қалғанда осы Таушық шахтасынан көмірді соғысқа тасымалдап жеткізіп отырған. Шахта 1949 жылы жабылып қалды. «1945жыл 9 мамыр»слайд Майдандас достар жеңіске жет-кен қуаныштарын бірге бөлісті. Жауынгерлер өз Отанына орал-ғанда Мәскеудегі Қызыл алаң-да өткен әскери-мерекелік ше-руге қатысты. «Мәңгілік алау» слайд Мәңгілік алау – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от. Еш тоқтаусыз жанып тұратын жалын газбен жұмыс жасайды. «Мәңгілік алау» соғыс символына жататын болған соң,жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды. Біздің қаламызда даҰлы Отан соғысына қатысқан батырларды ұмытпау үшін, еске алу үшін қазақтың ағаш үйіне ұқсастырып «Мәңгілік алау» ескерткішін орнатқан. Жыл сайын 9 мамыр күні ардагерлер осында жиналады. Майданда қаза тапқан отандастарының рухына бағыштап, тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Мұражайдан шыққаннан кейін өзіміз де Мәңгілік алауға кел-дік. Мәңгілік алаудың отының жанып тұрғанын көрдік. «Боқаев Бисен» слайд Сұрапыл соғыстың ортасында Отан үшін от кешкен қазіргі біз жеткен жеңістің куәгері орта-мызда қонақ болып отырған атамызға сөз берейік. Ата, ешкім соғыс туралы айту-ды ұнатпайды. Біздің балаларға қысқаша мағлұмат берсеңіз. /Атай сөз сөйлейді/ Атай, біздің балаларымыз өзі-ңізге сұрақтар қойғысы келіп отыр. Жеңіс күні – Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен ар-намыстың шарықтаған ұлы күні.Әрқайсысымыз сіздердің жасаған ерліктеріңіздің алдында бас иеміз. Атай, сізге үлкен рахмет. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Ән мен күйді төгілтіп, Інжу-маржан шашайық. Қонақтарды таңдантып, Өнерден күмбез жасайық. Бүгінгідей кездесуге, Балалардан тарту бар. Тамсандырып тақылдап, Тақпақ айтсын балалар Біздің қазақ халқы – мақалшыл халық. Балаларымыз майданда туған мақалдарды айтады. Биші қыздар кел бері, Ортаға шық ілгері. Мың бұралып билеңдер, Жастық шақтың гүлдері «Гүлдер» биін қабыл алыңыз. Енді соғыс болмасын! Қабаққа қайғы толмасын, Жер бетін өрт шалмасын. Әр күні бейбіт таң атып, Әлпештеп жұртты оятып, Әр күні көкке күн шықсын! Күрсінбесін аналар! Күле берсін балалар! Балаларымыз «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтады. Балаларымызды көңілді, Шақырамыз ортаға. Тойымызға сән беріп, Әсем биге басады. «Жеңіс күні» әнінің әуеніне баларды билету. Міне, бақытты өмір сыйлаған аталарымыздың арқасында біз балабақшада көптеген мерекелерді тойладық. | Балалар тәрбиешіні мұқият тың-дайды. 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесі екенін біледі. Слайдтан Ұлы Отан соғысының басталғанын көреді. /Хабарламаны тыңдайды/ Соғысқа аттанып бара жатқан жауынгерлерді көреді. Танктер мен пулемёттерді көре-ді. Қара нан мен темір ыдыстарды көреді. Ұлы Отан соғысының батырла-рымен танысады. Маңғыстау батырларымен таны-сады. Балалар облыстық тарихи-өлке-тану мұражайына барғандағы өздерінің фотосуреттерін көре-ді. Таушықтағы көмір шахтасы туралы мағлұмат алады. Мәңгілік алау туралы біледі. Мәңгілік алау жанындағы фото-суреттерін көреді. Балалар атайдың өмірімен, ерлік істерімен танысады. Сұрақтар 1-бала: Атай, сіз неше жаста соғысқа аттандыңыз? 2-бала: Атай,сіз неміс жауын өз көзіңізбен көрдіңіз бе? 3-бала: Ата, Жеңіс күні қай қалада болдыңыз? Жеңіс туралы тақпақтар 1:Ойлап-ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп -Қуанышты мереке- Жеңіс күні қай күн?-деп 2:Атамнан да сұрадым, Ағамнан да сұрадым. Апамнан да сұрадым, Анамнан да сұрадым. 3:Тосты бәрі құлағын, Дұрыс,- десті,- сұрағың, Бейбіт күннің бәрі де- Жеңіс күні, шырағым! 4:Жеңіс келді далама, Жеңіс келді қалама... Жеңіс келді әке боп, Елдегі бар балаға. 5:Жеңіс келді ән болып, Келді ауылға сән-көрік. Жеңіс келді,алақай, Тоя жейтін нан болып. 6:Күн көзінен арайлы, Шуақ болып тарайды. Әр ауылға,әр үйге ол, Жеңіс болып қарайды. Мақалдар 1:Ашығып ішкен ас тәтті, Майданда тапқан дос тәтті. 2:Ел үшін ерлік еткенің, Мұратыңа жеткенің. 3:Батыр шықпас ел жоқ, Дақыл шықпас жер жоқ. 4:Қорқақ дірілдеп өтеді, Батыр гүрілдеп өтеді. Төрт қыз бала «Гүлдер» биін билейді. Балалар барлығы қолдарына жалауша ұстап «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтады. Балалар билейді. Балабақшада өткен мереке күн-дері туралы айтады. |