Балалардың жыл бойы алған біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Балабақшамен қоштасу»
Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ!»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған біліктерінің, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 1.Жүргізуші: Қадірлі аналар мен әкелер, қымбатты аталар мен әжелер. Бүгін өте қуанышты, бірақ сәл көңілсіздеу күн деуге де болады, себебі бірнеше жыл аялап, тәрбиелеген балалармыз, енді біраз айлардан кейін алғашқы қоңырау сыңғырымен білім әлемінің есігі ашады, яғни бір сөзбен айтқанда қоштасатын сәт те келіп жетті. Артта ұмтылмас, естен кетпес уақыт қалды.
2 .Жүргізуші: Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген - бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат
1.Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді
Балалар музыкамен кіріп, вальс билейді
Таныстыру
2 жүргізуші: Салмақты Амир мен ерке қызымыз Анель
1 жүргізуші: Байсалды Альмухамед пен мың бұралға Ақжан
2 жүргізуші: Жаман іске жоламайтын Алдияр мен сыпайы қыз Аяжан
1 жүргізуші: Үлкендерді сыйлайтын Әділет пен пысық қызымыз Жұлдыз
2 жүргізуші: Тобымыздың еркесі Алихан мен зерек қызымыз Нұрсая
1 жүргізуші: Ата-ана үмітін ақтайтын Таймас пен мейірімді Малика
2 Жүргізуші: Бауырмал Алдияр мен сұлу қызымыз Айдана
1 Жүргізуші: Белсенді Әділет пен биязы қыз Амина
2 Жүргізуші: әдемі қыз Меруерт пен қамқоршы Жандос
1 Жүргізуші: нағыз нар жігіт Тамирлан мен тәрбиелі Марал
2 Жүргізуші: қайырымды Арсен мен қаракөз қызымыз Айсулу
1 Жүргізуші: Ақылды Амина мен қарапайым Ернияз
2 Жүргізуші: ҚайраттыАрнұр мен ұялшақ қыз Айлана
1 Жүргізуші: мейірбан Раушан мен көңілді Даниал
2 Жүргізуші: Инабатты Амира мен кішіпейіл Ернур
1 Жүргізуші: адал Бейбарыс пен әдепті Адина
2 Жүргізуші: Шыншыл Мансур мен сүйкімді Айана
1 Жүргізуші: Ажарлы кыз Дария
2 Жүргізуші: Жігіттің сұлтаны Даниял мен парасатты Адель
Хормен: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! Балалар отырады. 2 жүргізуші: Бүгін біз ұямыздан кішкентай бүлдіршіндерді ұшырып жатырмыз кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай алғашқы басқан қадамы құтты болсын!
Ж.Амина
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Арсен
Сүйген қызын өз ұлын
Бөбегім беп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
Марал
Бүгін қызық бүгін той!
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп
Жалғастырсын ойды-ой
Жандос
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Арнур
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Адель
Оқушы болам зейінді,
Өнерге, іске бейімді
Қамқоршы болып әрдайым
Қарттар мен інілерге кейінгі
Алихан
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз,
Мектепке ертең барамыз
Мектепте сауық құрамыз.
Малика
«Батыл» бол деп өсірдіңіз,
балалық болса кешірдіңіз Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз
Айсулу
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз,
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Н.Даниал
Сыйластықты білеміз,
Достықты біз сүйеміз Ата-ананы біз сыйлаймыз
Ұстаздарды тыңдаймыз
«Тәтті ұйқы» биі
Көңілді әуенмен қолында су құйғышы бар Жалқаубек келеді.
Ой мен қайда келіп қалдым.Енді білдім, мен ертегілер еліне келіп қалған екенмін гой.
Балалар: Сәлеметсізбе! Сіз балабақшаға келіп тұрсыз.
Жалқаубек: Бау бақшаға?
Қане бау бақша ?
А Иә, иә енді түсіндім.
Мен білсем сендер бау бақшадағы өсіп тұрған әдемі гүлсіңдер гой иә?
Бәсе, бәсе бәрі шетінен әдемі екен.Бос тұрғанша гүлдерді суарайын. (Балаларға суқұйғышпен су құяды)
2-Жүргізуші: Тоқтаңыз, тоқтаңыз сіз түсінбедіңіз. Бұл бау бақша емес. Бұл балабақша.
Мұнда балаларды тәрбиелейді, өсіреді, баптайды, үйретеді.
Жалқаубек: Өсіреді , баптайды? Онда сендер неге өспей қалғансыңдар?
2-жүргізуші: Балалар Жалқаубекті мектепке алып кетейік.
Жалқаубек: Мектепке онда не бар не үйереді мектепке бармаймын.
2-жүргізуші: Жалқаубек мектепте жазуға үйретеді.
Жалқаубек: Мен бәрін білемін. Мектепке барғым келмейді.
Музыка ырғағымен Білгішбек келеді.
Білгішбек: Балалар сәлеметпе!
Балалар: Сәлеметсізбе! Білгішбек!
Білгішбек: Мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын, менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр.
Жалқаубек: Ой уффф мында қызықсыз болып кетті, жалығып кеттім, кеттік балалар ойнауға не істеп отырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік! (Деп қолдарынан тартады.)
2 Жүргізуші: Ой, Жалқаубек мұнын не? Сен де биыл мектепке барасың гой қарашы мына Білгішбекке қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емспе? Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.
2 Жүргізуші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.
Білгішбек: Апай! Мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба екен?
2 Жүргізуші: Ойнасақ ойнайық!
Білгішбек: Мына әріптерді бір бірден алып , барлығын пайдаланып бір сөз шығаруларын керек.
Ойын «Әріптерден сөз құра»
Білгішбек: қандай керемет! Ақылды балалар екенсіңдер!
Жалқаубек: олар әріп білсе де сандар білмейді.
Жүргізуші: біздің балалар 10-ға дейін санау мен есептеуді біледі.
Білгішбек: онда сандарды қалай білетінің тексерейік!
Ойын «Сандар»
Мақсаты: сандарды қолдарына алып, санау ретімен орналасу керек. Ауызша тура және кері санау. (үш тілде)
Білгішбек: Ал бірге санайықшы! 1,2...10 орысша один, два.. десять. Енді ағылшынша Уан, ту... тэн.
Білгішбек: Ақылды екендерінді дәлелдедәңдер! Ал саған Жалқаубек али көп үйрену қажет! Жүр Жалқаубек мен сені үйретемін
Жалқаубек: ия балалар мектепке дайын. Маған да дайындалу керек енді.
Бірге: Сау болыңдар балалар! Сәт сапар сендерге!
1 жүргізуші: Балалар бүгін бақшамызбен қоштасып, Шәкірт болмақ мектеппенен достасып Жайнап өсіп құлпырыпты бал құрақ Әрбір үйде жанған бір-бір шаңырақ! 2 жүргізуші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
«Мектебім» әні
1 жүргізуші: Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең –деп бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін тыңдасақ.
Айана
Ересек біздер боламыз,
Ал кәне құлақ түріңіз Өздеріңе арналар
Бүгінгі ән жырымыз Айлана
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Ернияз
Балабақша есігін
Екігеке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп-көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Бейбарыс
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
С.Даниял
Мектепке ертең барамыз,
оқимыз білім аламыз
ойыншықпен қоштасып,
сабақта болар санамыз
Дария
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Альмухамед
Жасымыз толды алтыға,
ересек біздер баламыз
2-ге қосып 2-ні
әріпті жаза аламыз
Меруерт
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Балабақшаға бар бала
Алғыс айтып жүреді
Амир
Таудай болса талабым,
менде өсіп толамын
Ағайымдай әрдайым
оқуда озат боламын Б.Алдияр Әрбір сөздің мәнерін
Үйреткен көп өнерін Адам етіп баптаған
Анамыз саған мың алғыс
2 Жүргізуші: Мың бұралған қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін қуанта
Би: «Тәтті» 1 жүргізуші: Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Кәмпит жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ерте тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нықып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Бала үшін асулардан асасыз ба?
2-Жүргізуші: Мектепке бару үшін бізге не керек?
Балалар: сөмке, оқу құралдары.
1 Жүргізуші: ендеше Портфель туралы көрініс көрейік!
Көрініс: «Портфель»
Автор-Ж.Амина, Пенал-Нұрсая, Әліппе-Ақжан, дәптер-Меруерт, көк қалам-Таймас, Қызыл қалам-Аяжан, 5-тік-Айдана, 4-тік-Тамирлан, 2-лік-Бейбарыс 1-лік-Ернияз,оқушы қыз-Жұлдыз.
«Портфельді жинау» ойыны
Мақсаты: Ойыншық пен оқу құралдары айыру. Порфельді дұрыс жинау.
Замечательных ребят…. Кошка кәт, а краса-рәт шляпа хат, а коврик мәт мышь летучая а бәт телевизор тви сет –Б.Анель
Ағылшын әні: «Май бони»
Ән:«Біз бақша гүліміз» (Бәрі)
2- жүргізуші: Айналайын балалар
Алда мектеп – ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар даналар.
Тақпақтарын айтуға
Шақырамыз ортаға
1-жүргізуші: Қызық ойын ойнайық Сынап өзімізді байқайық Жарыса өнер көрсетіп Тамаша той тойлайық
Балалардың орындауында
Би «Вальс» Ернияз-Айдана,Айлана-Ернур, Марал- Тамирлан, Даниал-Раушан, Аделия-Альмухамед.
2-жүргізуші: Балалар, байқадыңдар ма? Біз іздеген ұстаздарда жиналып қалыпты? бәрі-бәрі бізбен қоштасуға келіпті Бақытты балалық шағымыз үшін алғыс сөзімізді тыңдаңыздар 1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар Білім іздеп инемен құдық қазғандар Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді Риза болып шаттаныңдар біздермен.
Ақжан
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Асыл Ержанызына мың алғыс.
Амира
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Алия Қасенқызына көп рахмет.
Менд. Әділет
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гүлбайрам апайға мың рахмет.
Анель
Ағылшын тілін білсін деп
Үйреткен бізді Жазира апай
Қоштаспай біз қаламыз
Мектепке іздеп табамыз.
Тамирлан
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Гүлнар апайға мың алғыс
Ернур
Әрбір күні Бір-бір баладай
Сапқа бәріміз тұрамыз
Секір десе секіріп
Айтқан тілін аламын
Болды бізге Алибек ағай
Арайлап атқан ақ таңдай
Салауатты өмір кешіп
Самғаймын алға қырандай
Таймас
Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Айгүл апайға мың алғыс.
Майд.Әділет
Есеп-қисап жүргізетін
Бақшаға кіріс кіргізетін
Апайымыз Ләззатқа
Біз айтамыз мың алғыс.
Раушан
Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі,бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған,
Райхан апайға мың алғыс.
Е.Алдияр
Төсек-орын тап-таза,
Аппақ жуған сүлгісі.
Күлаш апай сізге де,
Балалардан мың алғыс.
Ш.Амина
Өз ісіне тиянақты,
Жұмыс істеуден жалықпайтын.
Еркін ағай сізге де,
Балалардан мың алғыс
Жұлдыз
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Гульсум,Гүлбаршын,Ақмаржан апайларға көп рахмет.
Айдана
Дорогие Повара!
Очень любит детвора
Вкусные котлеты
Спасибо вам за это!
За солянки и борщи
За рассольник и за щи
Вкусно нас кормили
Чтоб мы крепче были!
Аяжан
Еңбек еткен еңселі, Сырты менен ішіне. Балабақша тазалығын Иығына көтере. Каусария апайға мың рахмет! Нұрсая
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген Айнұр Оразбекқызы мен
Айсулу Нагашбайқызына
Айтамыз мың алғыс.
Хор:Білім берген біздерге
Рахмет айтамыз сіздерге!
2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Әсем ән мен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады –деп, балалардың орындауында
Ән: «Бақшамызға барамыз»(бәрі) қабыл алыңыздар.
«Лавата» сергіту сәті
«Қоштасу» әні
І-Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңді барлық жақындарыңмен, дос – құрбыларыңмен тойлаудасыңдар. Осы залға жиылған әр жан сендерге қызыға, қуана қарап сәт сапар тілейді. ІІ-Жүргізуші: - Балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Асыл Ержанқызына береміз. (балаларға дипломдарды тапсырады.)
І-Жүргізуші: Ал ата-аналарға алғыс хаттарымызды ұсынамын.