«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым А.В.Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен:
1) Туғаннан 1-2 айға дейін – жаңа туған бала;
2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін – нәресте;
3) 1-ден 3-ке дейін – ерте сәбилік шақ;
4) 3-тен 7 жасқа дейін – мектепке дейінгі балалық шақ;
5) 7-ден 11-125 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы;
6) 12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең;
7) 14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Бала тілін дамыту"»
«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін әртүрлі дыбыстардың арасында өткізеді. Сол дыбыстар арқылы баланың ойы, тілі, өрісі, танымы дами бастайды. Ғалым А.В.Петровский бала өмірінің жеті кезеңін көрсеткен:
1) Туғаннан 1-2 айға дейін – жаңа туған бала;
2) 1-2 айдан 1 жасқа дейін – нәресте;
3) 1-ден 3-ке дейін – ерте сәбилік шақ;
4) 3-тен 7 жасқа дейін – мектепке дейінгі балалық шақ;
5) 7-ден 11-125 жасқа дейін – бастауыш мектеп шағы;
6) 12-ден 14-15 жас аралығы – жеткіншектік кезең;
7) 14,5-17 жас аралығы – балаң жасөспірімдік. Ғалымдар жіктемесіне сүйене отырып, осы ғылыми зерттеу жұмысында аталған кезеңдегі баланың сөйлеу тілінің дамуын, оның сөздік қорын, сөйлеу үдерісінде кездесетін қателіктер, дыбыстық ерекшеліктер жайында тұжырымдар мен тілдік деректер көрсетіледі.
Бала 1-3 жас аралығында тілі шығып, тілдік қоры молайып, даму үстінде болады. Алғашқы кезде бала айналасындағы жақын адамдарына сұрақ қою арқылы өзіне ақпарат жинайды. Соның негізінде бала тілі дамып, сыртқа шыға бастайды.
Бала үлкеннің сөзін қайталап айта бастаған кезінде көбіне фонетикалық қателіктерді жасайды. Сәби «сабын»сөзін «шабын» деп немесе «шар» сөзін «сар» деуі мүмкін. Баланың тіліндегі ауысып отыратын дыбыстар өте көп кездесіп жатады: «р» мен «л» (радио – ладио), «р» мен «и»(Айбатыр –Айбатыи), «ж» мен «д» (жоқ – доқ), «т» мен «н» (тамақ – намақ), «б» мен «п»(банан – панан), «в» мен «б» (автобус – абтобус) және т.б. Бұл қателіктердің негізінде артикуляция мәселесі жатыр.
Бала 1-3 жас аралығында әрбір естіген сөзін түйсініп, сыртқа шығарады. Яғни, бала белгілі бір негіздемеге сүйене отырып, сөзін ой жүйесінен шығарады. 1-3 жас аралығында бала тілінде кездесетін көптеген жаңа атаулар бар: доп – теп-теп (1,5 жас), шалбар – бұттық (3 жас), футбол – гол (2 жас), телефон – але (1,5 жас), теледидар – мутик (2 жас), мысық – нау (мияу) (1,5 жас), көкірек – тісте (3 жас), су – шай(1,5 жас), тамақ – ням-ням (1,5 жас), нан – ням-ням (1,5 жас). Келтірілген тілдік деректерге қарап, баланың қалыптастырған жаңа атауларының негіздемесі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Әрбір ересек адам допты тебетінін, судың шай сияқты сұйықтық екендігін, мультфильмді теледидардан көретінін, мысықтың мияулайтынын, гол деген футбол ойының термині екендігін, телефонға келген қоңырауға алло деп жауап беретіндігін, шалбарды бұтқа (диалект сөз) киетіндігін біледі. Демек, бала уәжі бар, мағынасы мен қызметі сақталған, бірақ нормадан ауытқыған сөздерді қалыптастырады.