«Анам- мәңгі жасасын»
Мақсаты; Мерекелік көңіл- күй құру. Ән және қозғалыс орындаушылық
дағдыларын қалыптастыру.Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,
мейірімділікке тәрбиелеу. Аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат
болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші; Қымбатты балалар, сүйікті аналар мен әжелер, құрметті
әріптестер ! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға
наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелерің
құтты болсын !
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Бұл кім?
Балалар; Ана, ана, ана !
Жүргізуші; Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сендерге арналған
Мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздың 8 -і,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Енді тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар; Нуриман, Абдулмансур, Айзере, Мерей, Сағадат.
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық біздің әнді.
Ән; «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Жүргізуші; Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер
шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса
мерекеге көктемді шақырайық. Музика әуенімен залға Көктем кіреді.
Көктем; Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, тоғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш,
сұлулық тілеймін.
Жүргізуші; Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып, мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем; Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн, әжелер мен
аналар мерекесі. Балалар мен сендердің әже мен аналарыңның есімдерін
білгім келеді.
Жүргізуші; Әрине біздің балалар әже, аналарының есімдерін біледі.
( балалар жауап береді).
Көктем; Қандай керемет есімдер. Көп-көп рахмет балалар сендерге.
( Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды).
Көктем; Ия, не болды? Жапырақтар шықпай жатырма? Аюлар оянбай
жатырма? Оларға көмектесу керек. Қазір барамын. Мінекей балалар менің
басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге бос келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол.
Жақсы сау болыңдар.
Жүргізуші; Қандай қызық кітап. Ой, аша алмай жатырмын, мұны кілтпен
ашу керек сияқты. Кілті қайда екен?
Осы кезде ішке бұзақы бала келеді.
Бұзақы бала; Оның кілтін мен тауып алдым. Сендерде не болып жатыр?
Мені бұзақылық жасағаным үшін анам далаға қуып жіберді.
Жүргізуші; Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың
мерекесі. Сондықтан сен бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып,
би үйреніп,анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойна.
Ойын; «Гүл құрастыру».
Бұзақы бала; Ой қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші; Ал енді кітапты ашайық. ( Әуенмен кітап ашылады).
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтағында кәмпит
өсіп тұр. Бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен.
( Кәмпиттерді ашады) .
Бірінші кәмпит; Тақпақтар; Айзере, Ахмет, Сабина, Дәулет.
Екінші кәмпит; Ән; «Ақ әжем».
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған ғой. Келесі әніміз
сіздерге арналады, құрметті әжелер.
Үшінші кәмпит; Би; «Көктемгі гүлдер».
Төртінші кәмпит; Ән; «Мамочка милая».
Бесінші кәмпит; Би; «Мамочка золотая».
Бұзақы бала; Балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, аналарыңды қуантып
ән, тақпақ айтып, би билеп жатырсыңдар. Менде кетейін. Барып анамнан
кешірім сұрап, мерекесімен құттықтайын. Қош сау болыңдар.
( балалармен қоштасып шығып кетеді).
Жүргізуші; Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір, жүз жасап,
Ауырмашы анашым !
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар. Жылына бір рет келетін
аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды.
Олай болса, әр баланың өзі дайындаған әжелеріне, аналарына сыйлықтары
бар екен, соны табыс етсін !
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға-дей отырып бүгінгі «Анам-мәңгі жасасын»
атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мерекелеріңіз тағыда
құтты болсын ! Көріскенше қош сау болыңыздар !