kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аналар мейрамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ертеңгілік Аналар мерекесіне арналған.Ертеңгілікте балалар ән айтып,би билеп,ойын ойнайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аналар мейрамы»

Кейіпкерлер: жүргізуші, 2 Клоун, Мыстан бикеш.

Ертеңгіліктің барысы:
Музыкамен әуенімен балалар шапалақтап залға кіреді. Жарты щеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.

Ән «Нұрын төккен маған

Жүргізуші: Балалар бәздің мерекеге қонақтар келе жатыр .Кәне қарсы алайық. Балалар, оларды шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға екі сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сайқымазақтар!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
2 сайқымазақ: Ал менің атым Вили Тили. Мен де сендерді құттықтаймын.
Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады.
1 сайқымазақ: Біз бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтереміз.
2 сайқымазақ: Ал қазір біз сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Вили Тили, Вили Тили Сендер мойындарыңдыр сындырарсыңдар. Оданда біздің балаларымыздың тақпақтарын қабыл ал.
Балалардың тақпақтары


1 Сайқымазақ: Қандай жақсы тақпақтар..
Жүргізуші: Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Ән «Әже»
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді.
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін.
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайжаққа кетпейміз.
1 сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді)
2 сайқымазақ: Иә, барған жеріңе бар. (итереді)
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен сендерге көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын.
Қане сайқымазақтар,
Бақаға айналыңдар.(шляпасымен тербейді)
Сайқымазақтар бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой.
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вили мен Вили Тилиді қайтаршы.
Мыстан бикеш: Ал сендердің қыздарың маған би билеп берсінші. .
Жүргізуші: Біз саған қуыршақтар биін қыздар билеп береді.
Мыстан бикеш: Қыздар биін көрейін.Жарайды, келісемін.
Би «Қуыршақтар биі»
Мыстан бикеш: Мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын..
Жүргізуші: Неге .Не үшін. Қыздар би билеп берді ғой.

Мыстан бикеш:. Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған тағы да билеп, көңіл көтеру керек.
Жүргізуші: Ендеше Сымбат көңілді би билеп береді.

Би Сымбаттың биі

Жүргізуші :Міне қандай тамаша би.енді жіберші сайқымазақтарды.

Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақтарды қазір әкелемін.
1Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер бізді құтқардыңдар.
2 сайқымазақ: Сендер болмасаңдар, біз әрқашан бақа болып жүруші едік.
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек.
Сауболыңдар!
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық!
Алақай!
Жүргізуші: Біз де өте қуаныштымыз, сондықтан «Джентелмендер би» биін билейік.


Би: «Джентелмен биі»
Отырады.
1Сайқымазақ: Вили Тили, балалар бізге би биледі. Ал біз оларға не көрсете аламыз?
2 сайқымазақ: Мен оркестр адаммын ғой. Сондықтан оларға музыкалық аспаптарда ойнайық.
Сайқымазақтар музыкалық аспаптарды алады да қалай болса солай ойнайды. Аспаптар қолдарынан түсіп, өздері құлай береді.
1сайқымазақ: Қалай, ұнай ма?
Жүргізуші: Қойыңдар, құлақтарымыз ауырып қалды. Одан да, біздің музыканттарды тыңдап алыңдар, үйреніңдер.
Балалар аналарымен аспапта ойнайды

Жүргізуші :Қараңдарша бәздің балалар қандай тамаша оркестрде ойнады..

Келесі кезек ойынға берейік.
Ойын «Ананыың алақаны» Сайқымазақтар маған кқмектессін.

Ойынның мақсаты: Қазір аналар ортаға шығып өз балаларын тауып алады. Көздерін орамалмен жұмып балаларын ұстап тауып алуы керек.

Ойынап болғаннан кейінсайқымазақтарды аналар мен балаларды мақтау керек.
Жүргізуші: Рахмет, сендерге сайқымазақтар. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер.Сендерге біздің аналар мерекесіне келгендеріңе біз қте қуаныштымыз.Сендерге көп рахмет.Біздің көңілімізді көтердіңдер.
Музыка ойналады «Анашым» балалар сыйлықтарын аналарына таратады.

Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Балаларды ортаға жинап «Топ-топ» биін билейміз.

Осымен біздің мерекеміз аяқталды .Сауболыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аналар мейрамы

Автор: нургалиева Нуржамал Нургалиевна

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 417050

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Аналар мейрамы""
    ["seo_title"] => string(14) "analar_meiramy"
    ["file_id"] => string(6) "580435"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1620998008"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Та?ырыбы:8 Наурыз Аналар мейрамы "
    ["seo_title"] => string(34) "tak-yryby-8-nauryz-analar-mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "169937"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423486347"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Аналар - асыл жандар""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakanalarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "327124"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463394540"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "«Алтын т?ж киген анашым, Алтындай ?ымбат адамсы?!»атты ерте?гілігі."
    ["seo_title"] => string(73) "altyn-t-zh-kighien-anashym-altyndai-k-ymbat-adamsyn-atty-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "274612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452427171"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Супер аналар "
    ["seo_title"] => string(13) "supier-analar"
    ["file_id"] => string(6) "221734"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566982"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства